Қисық сызықты байланыста себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуіне немесе кемуіне қарай нәтижелі белгі мәндері бірқалыпты өзгермейді және оның өзгеру бағыты керісінше болады, яғни корреляциялық байланыс көрсетіледі. Байланыстың бұл түрі математикалық қисық сызық теңдеуі арқылы парабола немесе гипербола функциялары бойынша анықталады және ол мына теңдеу арқылы өрнектеледі:
у= + x+ x
Сонымен бірге қисық сызықты байланысты көрсету үшін бөлшек теңдеуді де қолдануға болады, ол келесідей түрде болады:
у= /x+
Бір факторлы және көп факторлы байланыстар. Корреляциялық байланысты зерттеу кезінде қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізетін факторлардың сандық көрсеткіштеріне қарай нәтижелі белгі көрсеткіштері де өзгереді. Егер тек бір факторлы белгі мен нәтижелі белгі көрсеткіштері арасындағы өзара байланыс қана қарастырылатын болса, онда оны бір факторлы немесе жұпты корреляция деп атайды. Ал екі немесе одан көп факторлар белгісі мен нәтижелі белгі көрсеткішінің арасындағы өзара байланыс , яғни көптік корреляция деп атайды. Көп факторлы байланыстың нәтижелік мәніне ондағы көрсетілген барлық факторлар бір-бірімен байланысты және жиынтықты түрде , бір мезгілде әсерін тигізеді. Сондықтан корреляциялық байланыстың негізгі мақсаты нәтижелік мәнге әсерін тигізетін көптеген факторлардың ішіндегі шешуші роль атқаратын факторды айқындау болып табылады.
14-дәріс. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық әдістер арқылы зерттеу
Қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгерісісін зерттеуде және олардың арасындағы өзара байланысты анықтауда келесідей көптеген әдістер қолданылады: сандық қатарларды салыстыру, аналитикалық топтау, графиктік әдіс, баланстық әдіс , индекстік әдіс, корреляциялық талдау және т.б.
Сандық қатарларды салыстыру әдісі қоғамдық құбылыстардың өзара байланысын анықтау үшін жиі қолданылады, қарапайым әдіс. Бұл әдісте екі немес ебірнеше белгілері бойынша сандық көрсеткіштер қатарларының өзгеруін салыстыруға болады және олардың арасындағы тәуелділікті анықтауға толық мүмкіндік туады.
Достарыңызбен бөлісу: |