Егер диодта 10 в кернеу күші мА ток күші болса кедергісі қандай ?



Дата12.05.2024
өлшемі17.16 Kb.
#500961
Есептер (1)


Есептер
1.Индукциясы В=2×10^-2 Тл болатын магнит өрісіне ұзындығы l=0,5 м түзу өткізгіш перпендикуляр орналасқан. Ол өткізгішке F=0,15 Н күш әсер етеді. Өткізгіштегі токтың шамасын табу керек.

2.Жарық сәулесі сыну керсеткіші 1,6 болатын шыныдан ауага өтеді. Түсу бұрышы кандай болғанда, сыну бұрышы түсу бұрышынан екі есе үлкен болады?


3.Кедергісі 100 Ом реостат арқылы 30 секунд ішінде тізбектен 2 А ток өтетін болса, қанша жылу мөлшері бөлініп шығар еді?


4.Егер диодта 10 В кернеу күші 0.1 мА ток күші болса кедергісі қандай ?


5.Толық массасы 1355 кг-ға тең «Жигули» машинасы сағатына 72 км жылдамдықпен келе жатып, тежегішті іске қосты. Осы тежелу кезінде қанша жылу мөлшері бөлінді?


6. Вакуумде индукциясы 5 мТл біртекті магнит өрісінде электрон 10^7 м/с


жылдамдықпен магнит өрісіне перпендикуляр қозғалса, электронның
сызған шеңберінің радиусы ?
(е = 1,6*10^(-19) Кл, m=9,1*10^(-31)кг)

7.Атом ядросының толық заряды 2,08-10^-18 Кл. Осы қандай элемент?


8.Өткізгіштің көлденең қимасынан 1 минутта 30 мКл электр мөлшері өткен болса, ондағы ток күші неге тең?


9.Заттарды никельдегенде токтың тығыздығы 100 А/м² болды. Қанша уақыттан кейін электродқа жабысқан никельдің қалыңдығы 0,05 мм болады?( p=8,9*10³ кг/м³,k=0,3*10^-6 кг/Кл)


10. Сутегі молекуласының 0°С температурадағы жылдамдығы квадратының орташа мәнін табыңдар.


11.Орамның магнит моменті Рм = 0,2 Дж/Тл,


диаметрі d = 10 см. Ондағы ток күші неге тең?

12. Материялық нүкте радиусы 2 м шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалады. Шеңбердің 1/4, 1/2 бөліктеріндегі және толық бір айналым жасағанда жүріп өткен жолы мен орын ауыстыру модулін табыңдар.


13. 500 м/с жылдамдықпен ұшкан, массасы 5*10^-26 кг молекула перпендикуляр кабыргаға 30° бұрыш жасай соқтығысады. Қабырғамен соктығысу кезінде молекуланың алған импульс күшін есептеңдер.


14.Автомат 1 минутта 300 рет оқ атады. Егер бір оқтың массасы 10 г, жылдамдығы 300 м/с-ка тең болса, автомат мергеннің нығына қандай орташа күшпен әсер етеді?


15.Қозғалыс басталғанына 10 с өткенде локомотив жылдамдығы 4,9 м/с-қа жетті. Локомотивтің салмағы 189 т болса, үдеу туғызатын күш неге тең болады?


16.Көтергіш кран салмағы 29,6 кН жүкті 120с-та 15м биіктікке көтереді. Көтергіш кран моторының қуатын табыңдар.

17.Газдың көлемін тұрақты етіп алып, оны 474 К температураға дейін қыздырғанда, қысымы екі есе артты. Газдың бастапқы температурасын табу керек.


18. 1 сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болу керек?


19. Нәрсе сфералық ойыс айнадан 0,5м кашыктыкта орналаскан.Айнадан кескінге дейінгі кашыктык 2 м болса ,айнаның қисықтық радиусы неге тең болады?


20. Болат сымның ұзындығы 1200мм, көлденең қимасы 0,36мм^2.Осыған 117,6 Н күшпен әсер еткенде сым 2 мм-ге ұзарады, болаттың серпімділік модулін табыңыз


21. Массасы 2 кг ракета вертикаль жоғары қарай 40 м/с жылдамдықпен атылады. Атылғаннан кейін 1 с өткенде ракетаның потенциялық және кинетикалық энергиясы қандай болды? (Ракетаның массасы өзгермейді деп алу керек.)


22. Кеменің өзен ағысы бағытындағы жылдамдығы 25 км/сағ, өзен ағысына қарсы қозғалғандағы жылдамдығы 15 км/сағ. Кеме мен өзеннің жылдамдығы қандай?


23. 120 В кернеуге есептелген 25 ваттық электр шамның кернеуі 220 В электр жүйесіне қосқанда,ол шамның қуаты кандай болады?


24. Актив кедергісі ете аз катушка жилігі 50 Гц айнымалы ток тізбегінде косылан. Кернеу 125 В жане ток куші 2,5 А болса, катушканын, индуктивтілігін тап


25. Газдың қысымы 0,98*10^5 Н/м және 15°С температурадағы көлемі 2 л-ге тең. Газдын көлемі 4 л-ге дейін, ал температурасы 20°С-ка дейін артқанда, оның қысымы қандай болады?


26. Бір цикл барысында жылу машинасы суытқышқа 60 Дж жылу мөлшерін береді. Егер машинаның ПӘК-і 20% болса, ол 5 циклде қандай жұмыс жасайды?


27. Суды t1 = 20° С тан t2 = 80° С дейін қыздыру үшін 13608 кДж жылумөлшері бөлінеді. Судың массасы неге тең?




28. Массасы 100кг бензинді толық жаққанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?


29. 8,4 кДж жылуды жұмсай отырып қандай мөлшердегі суды
200С-тан қайнау температурасына дейін қыздыруға болады?


30.Конденсатор ауданы 200 см^2 тең екі пластинадан тұрады. Ол пластиналардың арасында қалыңдығы 0,1 см болатын слюда бар. Конденсатордың сыйымдылығын табыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет