Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет6/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
40hadis

�������������
Кристалл
Мағынасы:
Әнәс бин Малик былай дейді: Хазіреті Пайғамбар сапарда 
жүрген болатын. Әнжәшәһ есімді қара құл түйелерді жетекке 
алып келе жатқан еді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Әй, Әнжәшәһ, 
шыны мінген жануарларды жайлап айда!» - деді. 
(Бұхари, Әдеп 95; 
Мүслим, Фадаил 70)
Хадиске түсініктеме:
Хадистің арабшасындағы «қауарир» сөзі «қарура» сөзінің 


12
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
көпше түрі. Шыныдан жасалған ваза сияқты асыл бұйым деген 
мағынаны білдіреді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) әйелдер әлсіз 
нәзік жан болғандықтан әрі дереу ренжігіш келетіндіктен олар-
ды вазаға теңеп ұқсатқан. Бұл хадисті хадисшілер екі түрлі жо-
рамалдайды:
1. Көпшілігі түйеші Әнжәшаның өте әдемі даусы болған дей-
ді. Ол түйелерді айдағанда (жетектеп жүргенде) әйелдерге арнап 
өлең шығарады екен. Мұны естіген әйелдердің жүректерінде 
махаббат сезімі оянып, бүлік шықпасын деген мақсатпен Ха-
зіреті Пайғамбар (с.а.у.) Әнжәшаға ескерту жасаған. Өйткені, 
арабтардың арасында «өлең – зинаның атасы» - деген қанатты 
сөз бар. Ал, кейбір хадисші ғалымдар хадистің негізгі мағынасы 
түйелерді жәй жүргізу дейді. Өйткені, түйелер түйешінің әнін 
естігенде әсерленіп жылдам жүретін болған.
Жылдам жүргенде жолаушыларды қатты теңселтіп шарша-
тады. Сондықтан Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Әнжәшаға ескерту 
жасап түйелерді жәй жүргізген.
2. Ислам тұрғысынан әйел затына ерекше көңіл бөлетіндігін 
және оларға құрмет көрсетуді осы хадистен айқын байқауға 
болады. Ислам әйел баласына ол мейлі жас қыз болсын неме-
се әйел кісі болсын яки ана болсын, оларға қандай жағдайда да 
ілтипат көрсетіп құрмет тұтады. Исламның әйел затына ана ре-
тінде ерекше мән бергенін Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) мына 
хадисінен көре аламыз: «Жұмақ – аналардың аяғының астын-
да».
Қоғамның бақытты ғұмыр кешуіне аналардың ерекше рөлі 
бар. «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді 
тербетеді» деген сөз қандай тамаша айтылған! Әйел кісі жанұяға 
жарық беретін нұр секілді деп айтсақ артық болмас. Өйткені, 
жанұяға жылу беріп, айрандай ұйытып отыратын әйел.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет