стаған. Тамыры қураған ағаштай семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлға-
сы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе, телміре
қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі екі күйшіге қатты әсер етеді.
Оразымбет қорқып қалып, дұға оқып жіберіңіз дейді.
Нардың ботасы өлген екен. Зары қандай ащы еді. Түйе деген жануар бала-
сын адамнан артық жоқтайды екен.
Оразымбет те демін ішіне тартып, ұстазының дидарына ынтыға қарап
қалған: жаңа бір күйі сарайының есігін ашқанша асыққан сабырсыздық
бар өңінде.
Ат жалына еңкейіңкіреп барып, Естемес ырғалып, кеудесін көтере беріп, тың
күйді бастап кетті. Майда ырғақты, жұмсақ әуен бояуы оңып кеткен шүберектей
күзгі даланың үстінде қалықтай берді. Сәл бәсеңдеп барып, домбыраның ке-
удесінен екі-үш ырғалып, әрең суырылып көтерілді де, ар жағы мұңды сазға,
майда ырғаққа ауысты. Көңілі жүдеу бейшараны жұмсақ алақанмен маңдайын
сипап, алыстағы бір болмашы үмітті нұсқағандай елес берді. Күй шым-шымдап
ішке кіріп, көңілді босатып, қабақ астында қатып қалған жасты жібітіп, енді бір
кез майда рақат самалмен желпіп, сергіткендей болды.
Достарыңызбен бөлісу: