Күләй қарындасы қазақбайшылап леген көтеріп келіпті. Онысы бірер
уыс өрік-мейіз, бірер уыс бауырсақ, бірер уыс арзан кәмпит.
Ендігі үміті, ендігі зарыға күткені — Жеңіскүл. Жасылкенттен жеткен-
ше біршама алыс жер.
Төрегелді - қырғыздан темекі тасып, соны стакандап сатып жүрген
майда саудагер.
«Су бойында бақалар бақылдай бастады. Олардың бақылдағаны әлдекімдер-
дің сақылдап күлгені сияқты боп естіледі. Даладан бақалар да безіп кетіп, қа-
лаға келген бе? Несі бар мұнда?Ауылдағылар қалаға қарай ағылып жатыр.
Олардікі, бәлкім, жөн шығар. Ал, бақаға не жоқ? Оларға да жұмыс табылмай
қалған ба?» - деп автор бақалар арқылы ирониямен жеткізеді.
Осы кезде көшеде шашы өсіп кеткен, үшінші, төртінші сыныптың бала-
сы қайыр сұрап жүреді. Үсті-басы подвалда түнеп шыққандай мыж-
мыж. Әркім-әркім сол баланың өзіндей мыж-мыж болған жыртық-жыртық
үш теңгелік, бес теңгелік бірдеңелерді берген болады да, әлгі көзі мөлиген
міскінге тура қарауға дәті шыдамай, теріс айналып кетеді. Бала Керімқұлға
жақындап келеді, ақ киінген соң мырза деп қалған шығар. Үні шықпай, ерні
ғана жыбырлап, алақанын ашып та жаймай, алақанға салғанды түсіріп
алатындай, қолын қусыра созғанда Керімқұл қатты ұрсып, сөлекет сөз
айтады. Жас бала жүрегіне қалмақтың оғы тигендей қатты назаланып
қалды. «Қайыршы болма. Қайыршы болсаң — арсыз бол. Мың түрлі
адам бар — мың түрлі мінез бар. Соның сорақыларына мән бере берсең,
жауқазыныңнан жайрайсың.» - деп автор ой қозғайды. Бала көше бой-
ындағы зипа терекке арқасын тіреп, жүрелеп отыра кетті. Әлгі жекуді
көтере алмай қалды. Әлдекім тұмсығынан тепкен күшіктей ішінен қың-
сылады.
Дәл осы сәтте алды-арты жарқылдаған, пошымы бөтен, өңкигендеу бір ма-
шина келіп, тура қайыршы баланың қасына тоқтай қалды, көлікті «Джип»
деп атайды екен. Шомбал шопыр қарғып түсіп, асыға басып, артқы есікті
ашты. Ай мен күндей жарқ етіп, ар жақтан бір әйел алтын білезікке білегі то-
лы қолын соза беріп еді, шомбал шопыр, қап-қара қолымен алтындаған ақ
білектен ұстап, әлгі ханымды сүйемелдеп жерге түсірді.
Достарыңызбен бөлісу: |