май шам қойыпты. Тастан қаланған жерошақта маздап жанған от. Сіркіреп
жаңбыр жауды. Үңгірге су тимейді екен. Күн бұлтты болған соң ба, ымырт ерте
үйіріліп, көз байлана бастады. Үйден ұрлап алып шыққан нан мен ірімшікті
столдың үстіне қойдым. Нардың шетінде жалаң аяғын салбыратып үнсіз
отырған Тортай: "Рақмет", - деді. Үні бір түрлі көңілсіз, қарлығыңқырап шықты.
Ешкім жоқта жылаған секілді, оттың сәулесі тиген көзі қызарып, домбығып тұр
еді.
Достарыңызбен бөлісу: