Шешімі: Аймаққа жаңадан келген ұлық Матен - амбының саяси айып тағып
Демежанды қамауға алуы. Жазықсыз жала. Демежанның ішкі ойлары мен өлімі.
«
Кейіпкерлері:
Демежан - жасы жиырма төртке жаңа келген, денсаулығында титтей ақау жоқ,
үйленгеніне әлі жыл толмаған, бойы сырықтай ұзын бұла жігіт. Орналасқан
аймағындағы Ши-амбының тілмашы әрі тапсырмалар орындайтын көмекшісі.
Бибі - жасы он тоғыз-жиырмаларға енді келген атжақты, екі бетінің ұшында қан
ойнап тұрған, тана көз сұлу келіншек, Демежанның жары.
Ши-амбы - Цин (Қытай) империясының жоғары дәрежелі өкілі, Тарбағатай жә
не Алтай аймақтарының губернаторы, шын аты Ши Лун. Ел арасында Ши және
Ши-амбы деген аттармен танылған. 1878 жылдан бастап, Тарбағатай
аймағының амбысы (князь, губернатор) болады.
Керімбай - зәңгі, Демежанның өз әкесі емес(оның Гүлдерайым деген жалғыз
қарындасынан туылған жиені.)
Гүлдерайым - Керімбайдың бойжетіп отырған сұлу қарындасы, Демежанның
анасы.
Ажар - Керімбайдың әйелі, баланы бауырына алып, атын өз баласы Сүйежанға
ұйқастырып, Демежан қояды.
Николай Никонорович Балкашин - Бүкілресейлік география қоғамынан
келген, Тарбағатай мен Алтай өңіріндегі бас көмекшісі Шәуешектегі орыс
консулы. Білікті кісілердің бірі, 1858 жлы Мәскеуде Кадет корпусын бітірген,
губернатор кеңсесінде істеді. Өзінің алғыр ойымен патша ағзамға шын берілген
адал қызметкер.
Әріп Тәңірбергенов - Демежаннан үш-төрт жас үлкен, өзі әңгімешіл, сөзге
шешен, көпті көріп ысылған жігіт. Сүйегі - сыбан, Аягөз маңындағы Ақтайлақ
бидің ауылынан. Осыдан бірнеше жыл бұрын Семейдегі «Штатское училище»
деген орыс мектебін бітіріпті. Сонан кейін үш жылдай Сергиопольде орыс
ұлықтарына тілмаш боп жүрген, орысшаға өте жетік, консул Баалкашиннің
тілмашы. Семей губерниясынан Шәуешекке әдейі жіберген.
Өлең жазады, қисса-дастандар оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: