НҰРДӘУЛЕТ АҚЫШ «НАҒЫЗ ӘЖЕ ҚАЙДА?» « Тақырыбы: Нағыз әже
« Идеясы: Отбасындағы әже рөлін көрсету
« Жанры: Әңгіме
« Композициялық талдау: Басталуы: Әкесінің қыздарына айтқан ертегілері
Байланысуы: Балабақшада
Дамуы: Әже деген кім?
Шиеленісуі: Қонаққа барғанда болған жайт
Шарықтау шегі: Қонақтағы әже мен балалардың сөйлесуі
Шешімі: Әкесінің берген уәдесі
« Кейіпкерлері: Ая мен Райхан - әже жылуын көрмеген, қалада өскен кішкентай балалар. Үні
нәзік, бірақ орнықты, Райханның алдында өзің үлкен адамдарша ұстауға тыры-
сатын - Ая. Екі жас кіші, ойына келгенді төтесінен қойып қалп, қарап отыратын
- Райхан. Азат - балалардың әкесі, көп жиын-тойға бара бермейтін, әже тәрбиесін көріп
өскен жан. Ғылыми еңбек жазу үстінде.
Ажар - Жолдастың оқуға түскен, конкурстан алдңғылардың бірі болып өткен
қызы. Той осыған орай болып жатыр.
Балқыз - дөңгелек жүзіне момақандық ұялаған Азаттың әйелі, қыздардың ана-
сы.
Жолдас - даукестеу жігіт. Сөзге де, іске де алғыр, өжет, епті жігіт. Азатпен ана
бір жылдары республикалық ғылыми-зерттеу институтының филиалында қатар
қызмет істегелі таныс. Бойында кез келген адамда табыла бермейтін ептеген
ірілік те бар. Сонда да мансабын көлденең тартып, кергімей, біз сияқты қа-
рапайым кісімен жылы қарым-қатынаста болуы оның адамшылығын, азамат-
тығын білдіретін еді. Гүжілге жуық жуан даусымен анекдот, қалжыңды оңды-
солды сапырып отырған Жолдастың дәл қазір жағасы жайлау, төсі қыстау. Да-
рақылау еркін қылығында анау-мынауды елемейтін көңілді жанның кейпі бар.
Әже - Иығына көгілдір жемпір іліп, басына жаздық гүлді орамал салған егде
кісі
.
Бұрынғы әжелер сияқты емес, «современная бабаушка».