Сапырылды байлығың, баққан жылқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.
Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,
Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?
Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,
Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.
Ұғындырар кісіге кез келгенде,
Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?»
«БОЛЫС БОЛДЫМ, МІНЕКИ» АБАЙ
«
Түсінік: Жемқор байлардың жиынтық бейнесін ашып жазған, сол кездегі пара берген екіжүзді ел биле-
ушілерін сынаған. Байлығына мастанып, елдің берекесін алып жүрген шолақ белсенділерді сынға алған.
Негізінен, Күлімбай болысқа арналған.
« «Болыс болдым мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал
Қалмады елге тығындап.
Сөйтсе-дағы елімді
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап.
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап.
Сыяз бар десе жүрегім
Орнықпайды суылдап.
Сыртқыларға сыр бермей,
Құр күлемін жымыңдап.
Жай жүргенде бір күні,
Атшабар келді лепілдеп:
«Ояз шықты, сыяз бар»,
«Ылау» деп, «үй» деп дікілдеп.
Сасып қалдым, күн тығыз,
Жүрек кетті дүпілдеп.
Тыңтуяқ күнім сүйтсе де,
Қарбаңдадым өкімдеп.
Старшын, биді жиғыздым:
«Береке қыл» деп, «бекін» деп,
«Ат жарамды, үй жақсы
Болсын, бәрің күтін» деп.
Қайраттанып халқыма
Сөз айтып жүрмін күпілдеп:
«Құдай қосса, жұртымның
Ақтармын осы жол сүтін» деп,
Қайраттысып, қамқорсып,
Сайманымды бүтіндеп...»
Достарыңызбен бөлісу: