Әйтеке би кенті 03 маусым 2014 жыл 18 сағат 29 минут



Дата05.07.2016
өлшемі17.9 Kb.
#179017
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
Қызылорда облысы Қазалы ауданының білім бөліміне қарасты

бала-бақшаларға ойын комплексін

мемлекеттік сатып алу
Әйтеке би кенті 03 маусым 2014 жыл

18 сағат 29 минут
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Қызылорда облысы, «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (индекс 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмағамбетұлы көшесі № 112 үй) Қызылорда облысы Қазалы ауданының білім бөліміне қарасты бала-бақшаларға ойын комплексін мемлекеттік сатып алуға бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізді.

2. Сатып алуға бөлінген сома 9 999 360-00 (тоғыз миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың үш жүз алпыс) теңге 00 тиын.

3. Осы тәсілді қолдануға негіздеме: «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 207 санды бұйрығына сәйкес.

4. Өнім беруші «SMT-COMPANY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1 тармағында көзделген жалпы және біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

5. Шарт жасалатын өнім беруші - «SMT-COMPANY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (индекс 010015, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мусрепова көшесі №4/2 үй 77 пәтер) және келісім шарттың жалпы сомасы – 9 999 360-00 (тоғыз миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың үш жүз алпыс) теңге 00 тиын.

6. Сарапшылар тартылған жоқ.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) Қызылорда облысы Қазалы ауданының білім бөліміне қарасты бала-бақшаларға ойын комплексін жеткізіп беру үшін өнім беруші «SMT-COMPANY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен (индекс 010015, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мусрепова көшесі №4/2 үй 77 пәтер) сатып алынсын.

2) Тапсырыс беруші: «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (индекс 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмағамбетұлы көшесі № 112 үй) Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес «SMT-COMPANY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім-шарт жасассын.

3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жіберсін.




Мемлекеттік сатып алуды

ұйымдастырушының уәкілетті өкілі Ж.Қалнияз
«Қазалы ауданының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Қалнияз

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет