Негізгі бөлім
19.12.2022 жыл. 08:30-14:30. ЭКГ түсіру және талдау.
ЭКГ тіркеуін жүргізу медицинада ең жиі кездесетін іс шаралардың бірі.Кез келген тексеру ішіне кіретін қарапайым ғана ЭКГ түсірілімі арқасында жүрек қызметі және оның бар патологиялары жайлы мол ақпарат алуға болатынын кез келген адам біледі.
-ЭКГ түсірілім алу келесідей тізбекті қадамдардан тұрады:
Науқастың шешінуін өтінеміз.Науқасты кушеткаға шалқасынан жатқызамыз. Электродтарды қоятын орындардағы теріні алдын-ала спиртпен майсыздандыру қажет. Электродтар арасындағы тебілісті максимальді төмендету үшін, электродтарға арнайы тоқ өткізетін пастаны жағу керек.
Қалыпты тіркемелерді жазу үшін:
Қызыл түсті маркировкадағы электродты оң қолға жалғады
Сары түсті маккировкадағы электродты сол қолға жалғады,
Жасыл түсті маркировка электродты сол аяққа жалғады,
Қара түсті маркировка электродты оң аяққа жалғады.
Жалпы қабылданған 6 кеуде тіркемелерін жазу үшін кеуде қуысына 6 активті электродты салды:
1-ші электродты (V1) – ІV қабырға аралық төстің оң жақ шетіне орналастырды;
2-ші электродты (V2) – ІV қабырғааралық төстің сол жақ шетіне орналастырды;
3-ші электродты (V3) – екінші және төртінші тіркемелер арасында, V қабырға бойымен парастернальды сызық бойынша орналастырды;
4-ші электродты (V4) - V қабырғааралық, сол жақ орта бұғана сызығы бойымен орналастырды;
5-ші электродты (V5) -V қабырғааралық, көлденең деңгейде, сол жақ алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша орналастырды;
6-ші электродты (V6) – V қабырғааралық, көлденең деңгейде сол жақ орта қолтық асты сызығы бойынша.
Науқастың қалыпты тыныс алуын сұрады. Алдымен қалыпты тіркемелер жазылады (І,ІІ,ІІІ), кейін аяқ-қолдардан күшейтілген тіркемелер (aVR, aVL и а VF) және кеуде тіркемелері (V1-V6).
Әр тіркемеде 4 кем емес жүрек циклін жазады.
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндірді.
Қалыпты ЭКГ көрінісі
P тісшесі 0,07-0,10 сек ұзақтығы.
Амплитудасы 1,5-2,5 мм.
РQ интервалы ұзақтығы 0,12-0,20 сек
РQ сегменті изосызықтықта орналасқан
QRS кешенінің ұзақтығы – 0,06-0,10 сек.
ST сегменті изосызықта (±0,5) орналасқан
Т тісшесінің ұзақтығы 0,16-0,24 сек
QT интервалының ұзақтығы 0,16-0,24 сек.
ЭКГ-ны негізгі талдау тәсілі:
ЭКГ-да жүректің ырғағы, ырғақтың дұрыстығы, ырғағының жиілігі, вольтажы, жүректің электр осі анықталады.
Электрокардиограммада ырғақты P тісшесінің қарыншалық комплекстің алдында болуына қарап, синустылығы анықталады.
Электрокардиограммада R-R аралықтарының ұзақтығын және олардың бірдей екендігіне қарап, ырғақтың дұрыстылығы анықталады.
60 секундты/ R-R аралағана бөлу арқылы есептеп, жүректің жиырылу жиілігі анықталады.
Стандартты тіркемелерде R тісшесінің амплитудасын анықтап, оларды қосып, ЭКГ вольтажы анықталады.
ЭКГ-да жүректің электр осін (RII>RI>RIII, RI>RII>RIII, RIII>RII>RI) анықтайда (қалыпты, горизонтальды, вертикальды)
S-T элевациясы немесе депрессиясы бар-жоғы тексеріледі.
Т тісшесінің орналасуын анықтаймыз.
ЭКГ-ға қорытынды береміз: ырғағының синустылығы, дұрыстығы, жүректің соғу жиілігі, жүректің электр осыі, вольтажы.
Қалыпты электрокардиограмма
ЭКГ-да негізінен 5 тізшені ажыратуға болады: P, Q, R, S, T. Кейде U толқынын да байқауға болады. P тізшесі жүрекшелер миокардының қозу үрдісін көрсетсе, QRS кешені — қарыншалар систоласын, ST сегменті және T тізшесі қарыншалар миокардының реполяризация үрдісін көрсетеді. U тізшесінің түзілу табиғаты жайлы зерттеушілердің көрқарастары ажырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |