Екі компОнентті жүйе Гетерогенді жүйе - Гетерогенді жүйе бір,екі,үш және көп фазалы болуы мүмкін.
- Фаза деп өзіне тән физикалық-химиялық қасиеті бар, басқа бөліктерден беттік қабаттар арқылы бөлініп тұратын жүйенің гомогенді бөлігін айтады. Мысалы, мұз бен судан тұратын қоспа, екі фазалы жүйе. Себебі, сұйық фаза – су, қатты фаза мұз бөлшектері (мұз бөліктері беттік қабатпен бөлініп тұрғанымен,физикалық-химиялық қасиеттері бірдей болғандықтан, 1 фазаны құрайды).
- Жүйеден тыс өмір сүре алатын заттар – жүйені құрушы заттар деп аталады. Мысалы: KCl сулы ерітіндісіндегі жүйені құрушы заттар – KCl және H2O, ал калий және хлорид иондары жатпайды.
Компонент ұғымы - Жүйені құрушы заттардың барлық фазаның құрамына кіруі шарт емес. Осыдан компонент ұғымы шығады. Жүйедегі компонент саны мен құраушы заттар санымен тең болуы да, болмауы да мүмкін.
- Егер жүйені құрушы заттар бір-бірімен әрекеттеспесе, компонент саны = құрушы заттар саны.
- Егер жүйеде NH4Cl, NH3, HCl сияқты 3 құраушы заты болса, дәл осы осындай екі фазалы жүйені құру үшін аммиак пен тұз қышқылын алу жеткілікті. Сондықтан жүйені 2 компонентті жүйе деп атайды.
- Екі компонентті жүйелердің күйін анықтайтын 3 параметр бар: Қысым,температура және бір компоненттің концентрациясы.
- Жүйенің фазалық күйін осы 3 параметрдің байланысын беретін үшөлшемді көлемдік диаграммамен көрсетуге болады. Кеңістіктегі x-осіне жүйе құрамын, y және z осьтеріне температура және қысымды салады.
- Мұндай көлемдік диаграммалардың формасы өте күрделі болғандықтан, оларды практикада тұрғызу қиындық тудырады. Сол себепті көбіне жазық диаграммалар қолданылады. Ол кезде диаграмма қысым(P=const) немесе температура(T=const) тұрақты болады да, сәйкесінше жүйе құрамы мен температура немесе қысым арасында тұрғызылады.
Қатты фазасы бар екі компонентті жүйелердің диаграмма күйі балқу диаграммасы (термиялық анализ) деп аталады.Балқу диаграммасы жүйе күйінің қоспалардың балқу температурасынан тәуелділігін және олардың құрамын көрсетеді.Термиялық анализ температураның уақыттан өзгеру сипатына байланысты жүйені суытқандағы өзгерістер туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.Суытылу қисығына қарай екі компонентті жүйелер диагарммасын тұрғызады. Диаграммалардың негізгі типтеріне: эвтетикасымен диаграмма, конгруэнтті және инконгруэнтті балқитын химиялық қосылыстары бар, қатты және сұйық фазаларда шектелген және шектелмеген ерігіштігі бар диаграммалар. - Қатты фазасы бар екі компонентті жүйелердің диаграмма күйі балқу диаграммасы (термиялық анализ) деп аталады.Балқу диаграммасы жүйе күйінің қоспалардың балқу температурасынан тәуелділігін және олардың құрамын көрсетеді.Термиялық анализ температураның уақыттан өзгеру сипатына байланысты жүйені суытқандағы өзгерістер туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.Суытылу қисығына қарай екі компонентті жүйелер диагарммасын тұрғызады. Диаграммалардың негізгі типтеріне: эвтетикасымен диаграмма, конгруэнтті және инконгруэнтті балқитын химиялық қосылыстары бар, қатты және сұйық фазаларда шектелген және шектелмеген ерігіштігі бар диаграммалар.
Достарыңызбен бөлісу: |