Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік



бет37/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54

                  қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік
                  құралының жүруіне басымдық бермеу
      1. Бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу -
      жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Сыртқы жағында арнайы түсті-графикалық схемалар, жазулар және белгілер бар, бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу -
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 463-5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
       463-6-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе
                  реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай
                  өтіп кету
      1. Осы Кодекстің 466-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтіп кету -
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 463-6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
       463-7-бап. Жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де
                  қатысушыларының жүруіне басымдық бермеу
      1. Басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жол жүрісі ережелерінің жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау -
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 463-7-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
       463-8-бап. Жол белгілерімен немесе жолдың жүру
                  бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген
                  талаптарды сақтамау
      1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау -
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 463-8-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
       464-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп
                үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру
                аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын
                пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану
                ережелерiн бұзуы
      1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жүргiзiп үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгiсiн қолдану ережелерiн бұзуы, -
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
      жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 464-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.
       464-1-бап. Көлік құралына арнайы жарық және (немесе)
                  дыбыс сигналдарын беруге арналған
                  құрылғыларды орнату ережелерін бұзу не жедел
                  және арнайы қызметтер автомобильдерінің
                  арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз
                  жазу
      1. Көлік құралының алдыңғы бөлігіне қызыл түсті жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түсті жарық қайтаратын жабдықтарды, сол сияқты түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға жіберудің талаптарына сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнату -
      аталған аспаптар мен жабдықтарды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - он бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жарым мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигнализациясын қоспағанда) көлік құралына тиісті рұқсатсыз орнату -
      аталған құрылғыларды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - жиырма бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Көлік құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу -
      жеке тұлғаларға - жиырма бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 464-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      464-2-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау
                  қағидаларын бұзу
      1. Жеке тұлғалардың көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзуы –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      біліктілік куәлігінен айыруға әкеп соғады.
      3. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзуы –
      дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастай отырып, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 27-тарау 464-2-баппен толықтырылды - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      464-3-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі
                  саласындағы заңнамасын бұзу
      1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерге бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын кәсіптік бірлестіктердің белгіленген мерзімде орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұрып, жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұрған себептерді жоймау –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлігінен айыруға әкеп соғады.
      4. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктің «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аккредиттеу туралы куәліктен айыруға негіздер болып табылатын талаптарын бұзуы –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлігінен айыруға әкеп соғады.
      5. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастай отырып, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын белгіленген мерзімде орындамауы –
      көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 27-тарау 464-3-баппен толықтырылды - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       465-бап. Жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі ережелерін
                авариялық ахуал туғызуға әкеп соғатындай
                дәрежеде бұзуы
      1. Жол жүрісіне қатысушының авариялық ахуал туғызуға әкеп соқтыратындай, яғни жол жүрісіне басқа қатысушыларды жүріс жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етіп, жол жүрісі ережелерін бұзуы -
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту. 465-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
       466-бап. Теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзу
      1. Теміржол өткелдерінен тыс жерден теміржолды кесіп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршам немесе өткел кезекшісі тыйым салатын сигнал берген кезде теміржол өткелдеріне шығу, сол сияқты теміржол өткелінде тоқтау немесе тұру -
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
      алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту. 466-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      467-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік,
                есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде
                басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,
                есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң
                күйдегі адамның басқаруына беру
      1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру –
      үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      2. Авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан нақ сол әрекеттер –
      төрт жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер –
      бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер –
      отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және он жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер –
      жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер –
      отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      8. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер –
      жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер –
      отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      10. Осы баптың алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Жүргізушінің (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық) масаң күйде болуы осы Кодекстің 629-бабының үшінші бөлігінде айқындалған тәртіппен анықталады.
      Ескерту. 467-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      467-1-бап. Жолаушылар мен багажды автомобильмен
                 тұрақты тасымалдауды көрсетілген
                 тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету
                 құқығын растайтын тиісті куәліксіз жүзеге
                 асыру
      1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды көрсетілген тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығын растайтын тиісті куәліксіз жүзеге асыру, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бестен отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Жаңа 467-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464 , өзгерту енгізілді - 2006.01.20.  N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27.  N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      468-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол
               қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң
               белгiленген ережелерiн адамдардың
               денсаулығына зиян келтiруге, көлiк
               құралдарының немесе өзге де мүлiктiң
               зақымдануына әкеп соқтыратындай дәрежеде
               бұзуы
      1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдардың, жол құрылыстарының және басқа құрылыстардың немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтыратындай дәрежеде материалдық залал келтiрiп бұзуы, -
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе тоғыз ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңіл зақым келтiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға және  бір жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген көлiк құралдарын жүргiзу құқығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 468-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.12.05 N 506, 2004.12.09 N 10, 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      468-1-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол
                  жүрісі және көлiк құралдарын пайдалану
                  қағидаларын бұзуы
      Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын жүргiзушi адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе, –
      айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға және бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
      Ескерту. 27-тарау 468-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      468-2-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу
      Жол, құрылыс және басқа ұйымдарда басқару мiндеттерiн атқаратын және жолдар мен жол құрылыстарын, олардың жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ жол жүрісін ұйымдастыру үшiн жауапты адамдардың көлiкте қолданылатын тәртiп қорғау және қозғалыс қауiпсiздiгi қағидаларын бұзуы, егер ол:
      а) iрi залал келтiруге;
      б) денеге орташа ауырлықтағы зақым келтiруге әкеп соқса, –
      айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы бапта ірі залал деп айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын мөлшерде жеке тұлғаға келтірілген залал не айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын мөлшерде ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал танылады.
      Ескерту. 27-тарау 468-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      469-бап. Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты
                міндеттерді орындамауы
      1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүргізушінің өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы –
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, өзi қатысушы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы –
      бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адам жасаған нақ сол әрекеттер –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      Ескерту. Зардап шегушiге медициналық көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша жауаптылықтан босатылады.
      Ескерту. 469-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      470-бап. Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ
               адамның көлiк құралдарын басқаруы
      1. Қолында жүргiзу құқығына жүргiзушiлiк куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген уақытша куәлiгi және заңдарда белгіленген өзге де құжаттары жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, -
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның (оқып-үйрену жүргiзуiнен басқа) оны басқаруы, сондай-ақ тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы, не басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын басқаруға беру (белгiленген ережелерге сәйкес жеке тәртiппен жүргiзудi үйрету жағдайларын қоспағанда), -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі болмаған адамның көлік құралын басқаруы, -
      бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған жүргізушінің көлік құралын жүргізуі не көлік құралын жүргізу құқығынан айрылған адамға көлік құралын жүргізуге беру -
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 470-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03 N 428 , 2003.12.05 N 506 , 2004.12.09 N 10 , 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      471-бап. Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау
                органдары қызметкерінің Қазақстан
                Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы
                автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және
                Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік
                бақылау бекеттерінде, әскери полиция органы
                қызметкерінің (тек қана әскери көлік құралын
                басқаратын адамның) талаптарын орындамау,
                алкогольдік, есірткілік және (немесе)
                уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден
                жалтару
      1. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адамның) органдары қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау –
      бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға, ал мұндай құқығы жоқ не одан айырылған адамдарға қатысты жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау –
      айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адамның) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау –
      үш жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер –
      отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және он жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
      7. Осы баптың төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер –
      жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер –
      отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      9. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекет –
      жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер –
      отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      11. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Жүргізушіні ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана әскери көлік құралын басқаратын адамның) органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жүргізушінің және жолаушылардың (жолаушының) көлік құралы кабинасынан (салонынан) кетіп қалуы, сондай-ақ олардың көлік құралы кабинасынан (салонынан) шығу туралы талаптарды орындамауы –
      жүргізушіге және жолаушыларға (жолаушыға) бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      жүргізушіге және жолаушыларға (жолаушыға) он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Нысанды киім киген ішкі істер (полиция), көліктік бақылау, әскери полиция органдары қызметкерлерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы талабы ысқырып сигнал берумен бір мезгiлде қол қимылымен немесе таяқшамен сигнал беру арқылы не дыбыс күшейткiш құрылғының көмегiмен бiлдiрiледi. Сигналдар жүргiзушiге түсiнiктi болуға және оларды орындау авариялық жағдай туғызбайтындай болуы үшін дер кезiнде берiлуге тиiс.
      Ескерту. 471-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      472-бап. Көлiк құралдарының қозғалысына кедергi

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет