Біз шедевр жасауға лайықты адамбыз. Ол үшін сим-
фония жазып, кино түсірудің қажеті жоқ.
Өміріміздің
өзі – кино, өзі – театр. Сондықтан да әр қойылымымыз,
әр сәтіміз шедевр болса, кейін бүкіл өміріміз де шедевр-
ге айналады. Сондықтан да әрбір істі, ол әуежайдан қо-
нақ күту болсын, тұсаукесер жасау немесе суретке түсіру
болсын, жазған хат немесе есеп болсын,
шедевр етіп жа-
сау керек.
Әлі есімде, 2010 жылы бастықтарым Түркияға жи-
налғанда: «Қуаныш Түркияда оқыдың ғой, бізге бір
экскурсиялық бағдарлама жасаперші», – деп өтініш
білдірді. 2009 жылы Түркияға Елбасымыз келген, сол
кезде оның қарамағындағы азаматтардан Президенттің
күн тәртібіндегі барлық кездесулердің минутына дей-
iн жазылғанын көрдім. Содан соң, мен де кесте түрінде
әдемі бағдарлама жасадым. Әр минутына дейін,
ауа ра-
174
йына дейін, мысалы, «Сағат он бірде қонақ үйдің ал-
дынан көлік күтіп алады. Ауа температурасы плюс тоғыз
градус, сондықтан жылы киініп алыңыз. Күн бұлтты бо-
лады, қолшатырыңызды ұмытпаңыз» деп жаздым. Қо-
лымнан келгенше бұлттың суретін, баратын жерлерінің
картасын салып, барлығын қамтып, А4 форматтағы
қағазға бағдарлама жазып бердім. Сол кезде бастығым:
«Қуаныш, қалай керемет жаздың», – деп таңғалған.
Егер өмірінде кез келген жұмысты «шедевр жасай-
мын» деген ниетпен жасамасаң, сен бiл, өз жолыңды -1
болып, бір қадам арттан бастадың. Артқа шегініп баста-
дың, себебі, сенің ниетiң дұрыс емес, бастамай тұрып
«жеңіске жетемін» деген ойың жоқ. Әр бастамамыз –
үлкен іс, алға жасалған қадам. Мысалы,
қазір сенің осы
кітапты оқып отырғаның, өміріңнің бір бөлігін алады.
Ал егер сен бұл кітапты дұрыстап оқымасаң, уақытың,
өміріңнің бір бөлігі зая кетеді.
Адамдар ғұмырының 1/3 (үштен бір) бөлігін жұ-
мыспен өткізеді. Егер жұмысымызды жақсылап жаса-
масақ, біздің өміріміздің 1/3 бөлігі шедевр болған жоқ.
Демек, статистиканың құрбаны
болған мыңдаған өмір-
лердің бірі болып қаламыз.