Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы « »
№ бұйрығына
9-қосымша
«Экологиялық ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
-
«Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және оның нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - экологиялық ақпаратты беру немесе ақпаратты беруден бас тарту болып табылады.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде берілген, көрсетілетін қызметті алушының еркін нысандағы өтініші мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі маманының оның келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының екі сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының екі сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
орындаушы 15 (он бес) күнтізбелік күнінің ішінде сұратылған ақпараттың Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының базасында болуын тексереді;
орындаушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен екі сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келісу;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының екі сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қызмет көрсету нәтижесіне қол қойған күні көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің маманы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол береді немесе почта арқылы жібереді.
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсім (іс-қимыл) нәтижелері:
кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
танысқан және бұрыштама қойылған;
жауапты орындаушы;
сұратылып отырған ақпараттың болуын тексеру;
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
бұрыштама қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
шығыс нөмірі бар тіркелген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі және оны беру.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
-
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
-
жауапты орындаушы;
-
кеңсе маманы.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
қағаз жіткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің оның келіп түскен күні тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының, екі сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама жазуы. Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) құжаттарды беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының екі сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын тағайындауы (бұдан әрі – орындаушы);
орындаушы 15 (он бес) күнтізбелік күнінің ішінде сұратылған ақпараттың Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының базасында барын тексереді;
орындаушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен екі сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін келісу;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының екі сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қызмет көрсету нәтижесіне қол қойған күні көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолма қол береді немесе почта арқылы жібереді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасында келтірілген.
«Экологиялық ақпаратты беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимыл
диаграммасы
Өтінішті қабылдайы және тіркейді
Өтініммен танысады және
қарар қояды.
Құжатты қызмет берушінің басшысына береді
(2 сағат)
Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының мәліметтер базасынан құжаттың
болуын тексереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін әзірлейді және қызмет берушінің басшысымен келіседі
(15 күнтізбелік күн)
Әзірленген құжатпен танысады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды
(2 сағат)
Достарыңызбен бөлісу: |