«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет119/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ЛИТЕРАТУРА 
1. 
Лазарев, И.В. Вредные вещества в промышленности [Текст]: Справочник 
для химиков, инженеров и врачей / И.В. Лазарев; под ред. проф.0.В. Лазарева и докт. биол. 
наук И.Д. Гадаскиной. - 7-е изд., том 3. - Д.: Химия, 
2. 
Балабакович, Я.К. Кислотные методы переработки фосфатного сырья в 
фосфорную кислоту и удобрения [Текст] / Я.К. Балабакович, Р.Ю. Зинюк; под ред. -Я.К. 
Балабакович. - М.: Гидрометеоиздат, 1986. - 180 с. 
3. 
Копылев, Б.А. Технология экстракционной кислоты [Текст]: учебное 
пособие / Б.А. Копылев.-Л.: Химия, 1981. - 221 с. 
4. 
Позин, М.Е. Расчеты по технологии неорганических веществ [Текст] / М.Е. 
Позин, Б.А. Копылев, Г. В Бельченко.-Л.: Химия, 1967. - 345 с. 
 
УДК 334.02 
 
КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ 
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ 
 
Ізтұрғанова А., студент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Ғылыми жетекшісі: Таскараева М.Б., КГУТИ им. Ш.Есенова, г. Актау 
 
Аңдатпа. Әлемдік экономиканың қазіргі дамуы және әлемдік шаруашылықтың 
жаһандану үдерістері, экономикалардың өзара тәуелділіктерінің өсуі, жаһандық тауарлар 
мен қаржылық нарықтардың қалыптасуы осы үдерістерге түскен елдердің халықаралық 
бәсекеге қабілеттілігін көтеру проблемасына қызығушылықтың артуына әкелді. Ұлттық 
экономиканың бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау және оны көтеру шараларын 
дайындау проблемасы әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыс әлемдік 
экономиканың дамуына және әлемдік экономиканың дамуына әсер ететін ірі елдердің 
экономикалық дамуына түбегейлі өзгерістер енгізгеннен кейін күшейе түсті. 
Түйінді сөздер: азық-түлік қауіпсіздігі, агроөнеркәсіптік кешен, мемлекет 
иелігінен алу, жекешелендіру, ауыл шаруашылығы, өнімділік, жалпы түсім, шикізат 
өндірушілер мен қайта өңдеушілер. 
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде азық-түлік 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі маңызды мәселе болып отыр. Оны шешуде 
еліміздің агроөнеркәсіптік кешені маңызды рөл атқарады. Ол халықтың азық-түлікпен 
қамтамасыз ету деңгейі, сондай-ақ оның азық-түлік тәуелсіздігі өндірілетін өнімнің саны 


221 
мен сапасына тікелей байланысты болады. Агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) 
кәсіпорындарында жүргізілген мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру үдерістері ауыл 
шаруашылығын дағдарысқа алып келді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі 
мен жалпы түсімі төмендеді, мал шаруашылығындағы мал саны мен олардың өнімділігі 
қысқарды, 
барлық 
агроқұрылымдардың 
жалпы санындағы 
ұсақ 
шаруашылықтардың үлесі артты, шикізат өндірушілер мен қайта өңдеушілердің 
арасындағы байланыстар мен қатынастар үзілді, олардың нәтижелері тамақ өнімдерін 
тұтынудың құрамы мен мөлшеріне шапшаң әсер етті. 
Қазақстан нарығындағы терең өңдеуден өткен азық-түлік тауарларының 
тапшылығы импорттық өніммен өтелуде, оның үлес салмағы тұтынудың жалпы көлемінде 
азық-түлік қауіпсіздігінің белгіленген деңгейінен 37%-ға жоғары. Импорттық өнімді 
тұтынудың ғылыми ұсынылған шекті деңгейі 20 %, ал оның 60 %-дық мәнінде салалар 
толық бұзылады және азық-түліктің әлемдік нарығына толық импорттық тәуелділік пайда 
болады. Міне сондықтан импорттық өнімдерді отандық өндірістің өнімдерімен алмастыру 
арқылы, оны қысқарту мақсатына бағытталған саясатты жүргізу қажет. Әрі азық-түлік 
тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету тұтынудың жалпы көлемінің 80 %-нан кем 
болмауы керек. Осыған байланысты азық-түлік қауіпсіздігін реттеудің тиімді тәсілдерін 
іздеу ерекше маңызға ие болады. 
Міне осы бағытта ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің негізгі 
аспектілерінің бірі азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы тауар 
өндірушілеріне қолайлы климат туындату басты мәселе болып отыр. Сондықтан ауыл 
шаруашылығын дамытудың жолы кластерлі дамыту қажеттілігі туындады. 
Кластерлік дамудың мақсаты – перспективалы ұлттық кластерді құрайтын 
отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ғылым мен бизнестің, 
жеткізушінің, жабдықтаушының, арнаулы өндірістік және сервистік қызметтің, ғылыми-
зерттеушілік және білім беру ұйымдарының бірлесуі есебінен жоғары қарқынды 
экономикалық өсуін, ұлттық экономиканың әртараптануын және жетілуін қамтамасыз ету 
[1]. 
Кластерлік дамыту теориясын негізін қалаушылардың бірі бәсекелестік күрес 
стратегиясы және экономикалық даму саласының жетекші ғалым Майкл Портер болып 
табылады. Оның еңбектері экономикадағы бәсекелестік және кластерлік моделдің өзара 
байланысты мәселелеріне арналған. М. Портердің анықтамасы бойынша «кластер немесе 
өнеркәсіп тобы – бұл географиялық іргелес өзара байланысты компаниялардың және сол 
ұйымдармен байланысты белгілі бір салада қызмет жасайтын өзара бір-бірін 
толықтыратын және қызметінің ортақтығымен сипатталатын топ» [2]. 
Кластерлерді құруға бағытталған кез-келген деңгейдегі саясат олардың туындауы 
мен дамуына әсер ететін факторларды белгілі ғалым, экономист А.С.Сейдахметов 
келесідей көрсетеді: 
Бизнес аясындағы факторлар: 
- кластер аясындағы ынтымақтастыққа мүддесі бар кәсіпорындар және негізгі 
меншік иелерінің болуы; 
- өзара сенім деңгейінің жоғары болуы және өзара әріптестіктік мақсат, 
міндеттердің орындалуы, кәсіпорындардың арасында интеграцияның дамуы; 
кластерлерге енетін ұйымдар мен кәсіпорындардың инновациялық деңгейінің 
жеткілікті дәрежеде жоғары болуы; 
- кластерде 
өндірілген өнімдердің құрамында экспортқа шығарылатын 
құраушылардың болуы оның бәсекеге қабілеттілігі туралы айтуға мүмкіндік береді; 
- негізгі меншік иелерінің басқа кәсіпорындарды интеграциялық дамуға тарту 
деңгейінің жоғарылығы; 
- кәсіпорын менеджерлерінің аумақтың және бизнестің қарқынды дамуындағы 
өзара бәсекелестікке дайын болуы. 
2. Өкіметтің уәждік және бизнес-орта факторлары: 


222 
- билік органдары мемлекеттің және аймақ экономикасының кластерлік дамуына, 
кооперация мен ынтымақтастықтың дамуына мүдделікті білдіруі; 
- билік органдары бизнеспен өзара сәтті тәжірибесі бар, әсіресе кластердің 
инкубациясын жүргізуге болатын, экономика секторынының жағдайы; 
- нормативті-құқықтық база және оны жақсартуды өкіметтің құрылымындағы 
құзіретті органдармен жүзеге асырылуы; 
- бизнесті қолдау инфрақұрылымының, кәсіпорынның реинжинирингке мүше болу 
тәжірибесінің, кеңес беру қызметтерінің болуы; 
- билік басшыларының бизнеспен әріптестік диалогқа түсуге дайындығы; 
кәсіби білім жүйесінің экономиканың нақты секторларын қажетті кадрлармен 
қамтамасыз етуі және кадрлардың біліктілігін қайта жетілдіру жұмыстарын жүргізуде 
қабілеттілігі. 
3. Қоғамдық орта факторлары: 
- қоғамға қажетті ұйымдарды (партиялар, ғылыми, білікті білім орындары), 
өндірісті инновациялық тұрғыдан ұйымдастыруды енгізу бойынша қызметтердің 
дайындығы және дамуы; 
- экономиканың дамуы үшін жаңа идеялар мен құжаттарды ұсынатын 
жетекшілердің болуы; 
- экономиканың тиімділігін және кластерлердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату 
мақсатындағы билік пен бизнестің арасындағы диалогты жүргізуге қабілетті 
эксперттердің болуы; 
- бәсекелестік пен ынтымақтастықтың дамуына қажетті бизнес пен биліктің 
оңтайлы тәжірибесінің болуы [3]. 
Кластердің бір артықшылығы бір мезгілде бірнеше өнім шығаруға қолданылатын 
өндіріс факторынан пайда болатын қамту күшінде. Ол фактордың табиғаты 
көпфункциялы. Сонымен бірге кластерде қамту әсері кәдімгідей күшейеді, өйткені көп 
функциялық факторды әртүрлі кәсіпорындарда шығындарды мейлінше азайта отырып 
беру арқылы пайдалануға мүмкіндік туады. Бұдан бөлек тағы кластердің инновациялық 
құрылымы жаңалықты зерттеу мен жасау жиынтық шығынын өндірістік құрылым 
тиімділігін арттыру арқылы төмендетуге әсер етеді. 
Кластерлердің дамуы жаһандану жағдайында, экономиканың белсенді тұрғыдан 
даму үрдісінде, аймақтық экономика маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн. 
Кластер ел экономикасының аграрлық секторын дамытуда қозғаушы күш ретінде 
көрінетін салалар мен қызмет түрлерінің тұрақты кешенін қалыптастырады. 
Әрине кластерді дамыту ел экономикасының дамуына тікелей ықпал етеді. 
Қоғамдағы мәселелерді шешу тиімділігі артып, мемлекеттік органдар мен жеке 
ұйымдардың іс-қимылдарында үйлесімділік пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет