«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет133/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ЛИТЕРАТУРА 
1. Попов С.А. Актуальный стратегический менеджмент: учебно-практическое 
пособие. – М.: Юрайт, 2015. – 448 с. 
2. Русинов Ф.М., Никулин Л.Ф., Фаткин Л.В. Менеджмент и самоменеджмент в 
системе рыночных отношений: учебное пособие. – М.: ИНФРА-М, 2014. – 352 с. 
3. Винокуров В.А. Организация стратегического управления на предприятии, М.: 
Центр экономики и маркетинга, 2016, 160 с. 
 
ӘОЖ 353.5 
 
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК 
ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ 
 
Таскинбайкызы Ж., Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Аңдатпа. Халыққа мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету – мемлекет саясатының 
маңызды бағыты болып табылады және де кез-кезген ел экономикасының дамуы 
тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша шаралардың тиімділігімен тығыз 
байланысты. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған категорияларын қорғау қажеттілігі ашық 
қоғам аясында әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етумен байланысты. Осы ретте халыққа 
әлеуметтік көмек көрсету жүйесін қалыптастыру және дамыту мәселелері өзекті болып 
табылады.
Түйінді сөздер: мемлекеттік бағдарлама, әлеуметтік сала, мемлекеттік қолдау 
жүйесі, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы, әлеуметтік қолдау. 
 
Әр аймақтың белгілі бір табиғи ресурстары бар, оларды адамның еңбегімен 
алмастыруға келмейді. Бір қарағанда, табиғи ресурстар аймақтың әлеуметтік-
экономикалық потенциалына қарағанда пассивті позицияда, бірақ іс жүзінде олай емес, 
қоғам үшін табиғи ресурстар экономикалық айналымға қандай күш-жігермен 
тартылғандығы мәнді. Аймақтың дамуында табиғи ресурстар және экологиялық 
жағдайлармен қатар маңызды рөлді тұрғындар да атқарады, оның ұдайы өндірісінің 
режимі, тығыздығы, еңбекке қабілетті тұрғындардың үлесі, урбанизация, миграция 
деңгейлері, жас-жыныстық құрылымы және еңбек ресурстарының әлеуетін, 
демографиялық жүктілікті және т.б. анықтайтын басқа да параметрлер әсерін тигізеді [1]. 
Әлеуметтік-экономикалық әлеуеттілік тұрғысынан алғанда, жергілікті тұрғындардың 
өндірістік тәжірибесі және өндірістік мәдениеті, экологиялық тәжірибесі, еңбектік 
дәстүрлерінің маңызы зор. Осының барлығын шынайы жағдайларды анықтау үшін және 
аймақтың мүмкіндіктерін бағалау мақсатымен ескеру қажет.


252 
Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы және «Жұмыспен қамту-2020» 
бағдарламаларын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады. Ол аз қамтылған, 
жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыпен қамтылған халықты жұмыспен қамтуға 
жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту механизмдерін қамтиды. 
Республикалық бағдарламаны іске асыруға 2013 жылдан бастап 193 млрд. 400 млн. 
теңге бөлінді. 3 жыл ішіндегі республикалық бағдарламаны қаржыландырудың жалпы 
көлеміндегі Маңғыстау облысы қаражаттарының үлес салмағы 14 млрд.теңгені немесе 
бөлінген барлық сомадан 7%-ды құрады (кесте 1) [2]. 
Кесте 1 – Қазақстан Республикасы мен Маңғыстау облысындағы «Жұмыспен 
қамту-2020» Бағдарламасын қаржыландыру көлемі
Жылдар 
Аймақ 
Қазақстан 
Республикасы, млрд.теңге 
Маңғыстау облысы, млрд. 
теңге 
%-бен 
Барлығы 
193,4 
14,0 
7,2 
2015 жыл 
40,2 
6,0 
14,9 
2016 жыл 
48,3 
3,4 
7,0 
2017 жыл 
104,9 
4,6 
4,3 
Ескертпе - ҚР статистика жөніндегі Комитеті, Маңғыстау облысы Статистикалық 
жинақ көрсеткіштері
Бағдарламаны іске асыру кезеңінен бастап 20600 адам қатысуға ниет білдіріп
олардың ішінде 10 800 адам әлеуметтік шартқа қол қойды. 
Бағдарламаның республикалық деңгейінде іске асырылуы сияқты өңірлік шеңберде 
де бағдарламаның 3 бағытының ішінде қатысушылар үшін 3-ші бағыт неғұрлым басымды 
болды, осылайша, іске асырылу кезеңінен бастап аталмыш бағытпен 10 мыңнан астам 
адам қамтылды (сурет 1). 
Сурет 1 - Маңғыстау облысы бойынша ЖЖК-2020 бағдарламасының барлық 
бағыттары бойынша қатысушыларды қамту көлемі 
Суреттен көрініп тұрғандай, қатысушылардың басым бөлігі әлеуметтік шартқа 
отырған қатысушылардың жалпы үлесінің 65%-ын құрайтын 3-ші бағытпен қамтылған. 
Ал қалған бағыттармен қатысушылардың қамтылу деңгейі шамамен бірдей, яғни 1-ші 
бағыт - 2835 адам немесе 18%, 2-ші бағыт – 2707 адам немесе 17%. Облыс бойынша 4653 
жаңа жұмыс орны құрылды. 
«Жұмыспен 
қамту-2020» 
бағдарламасы 
аясында 
жұмыспен 
қамту 
орталықтарына хабарласқан адамдардың саны – 442, оның ішінде әлеуметтік келісім 
шартқа қол қойған адамдардың саны – 409 адам, оның ішінде мүгедектер – 2 адам. 


253 
Бағдарламаға қатысушылардың ішіндегі жастардың саны – 271 адам (63,3%), әйелдер 278 
адамды құрайды (68,0%). 
Бағдарламаның бірінші бағыты – «Өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз 
және халықтың аз қамтылған топтарын оқыту және жұмысқа орналастыру» бойынша. 
Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын жүзеге асыру аясында әзірленген оқыту жоспары - 
1627 адам, оның ішінде бүгінгі таңда 1227 адам оқумен қамтылғын (355 адам 2010 
жылдағы Жол картасы аясында қабылданғандар, 872 адам – 2014-2015 оқу жылдарында 
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында қабылданғандар), 200 адам – қайта даярлау 
курстарына, 100 адам – біліктілігін арттыруға, 100 адам кәсіби даярлауға жолданады. 
Екінші бағыт – «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету» бойынша. 2017 жылы 
аталған бағыт бойынша – 200 адамға шағын несие беру, 100 адамды кәсіптік негіздеріне 
оқыту жоспарланды. 
Бүгінгі таңда үәкілетті өңірлік ұйымы ретінде «Ауылшаруашылығын 
қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау өкілдігі бекітілді. Соңғы 
қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi ставканы 6,7 
көлемінде келісілді. 
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша бүгінгі таңда Түпқараған ауданында 16 
пәтерлік 2-үй және 14 пәтерлік 7 тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. Жұмысқа 
орналастыратын адам саны – 1073 адам. Бүгінгі күні «Жұмыспен қамту - 2020» 
Бағдарламасының шеңберінде «Шағын несиелендіру орталығы» ШНҰ» ЖШС тарапынан 
жалпы құны 10,3 млн. теңге болатын 4 жоба қаржыландырылды.
Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы оң құбылыс болды, көптеген жас 
жанұялар пәтер иелері атанып, жеңіл пайызбен несие алу мүмкіншіліктерін иеленді, 
сонымен қатар, бағдарлама барлық облыстарда қарастырылып, құрылыс жұмыстары 
көпшілігінде жобаға сәйкес жүрді [3]. 
Сонымен, Маңғыстау облысы Қазақстанның алдыңғы қатарлы индустриалды 
орталықтарының бірі болып табылады. Облыста әлеуметтік қамтамасыз ету және 
әлеуметтік қолдау тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне әлеуметтік 
қызметтердің кең спектрін көрсету жолымен жүзеге асырылады. Маңғыстау облысының 
даму бағдарламасы аясында әлеуметтік саланы жетілдіру және адами капиталды дамыту 
шаралары көзделген, яғни білімнің сапасын және қол жетерлігін қамтамасыз ету; 
азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсетудің тиімді жүйесі.
Осылайша, облыстың экономикалық дамуы мен оның әлеуметті дамуы тығыз 
байланыста екендігі анық байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет