ЛИТЕРАТУРА
1. Двуличанская Н. Н. Интерактивные методы обучения как средство
формирования ключевых компетенций // http://technomag.edu.ru/doc/172651.html
2. Макарова Е.Л. Использование интерактивных форм обучения для повышения
эффективности образовательного процесса // http://www.smtueco.ru/en/items/interactive-
forms-of-learning
265
ӘОЖ 377.031.4
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ
Айжарықова Ә.Р., студент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы
Ғылыми жетекшісі: Абдыкеримова Э.А.
Ш. Есенов атындағы КМТИУ
Аңдатпа. Мақалада жалпы білім беретін орта мектепте физиканы оқыту
үдерісінде оқушыларға экологиялық білім беруді жетілдірудің негіздері, оларды жүзеге
асырудың әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Түйінді сөздер: экологиялық білім беру, физика, жаратылыстану пәндері, оқыту
әдістері, физикалық құбылыстар.
Бүгінгі күні жаңа техника мен жаңашылтехнологиялардың,сондай-ақ әр түрлі
табиғатты қорғау әдістері менқұралдарының жасалу негізінде нақты физикалық
ғылымның және онымен аралас басқа да ғылыми пәндердің жетістіктері физика курсының
ғылыми-техникалықпрогресінің
қарқынды
дамуы
жағдайында
білім
алушылардыфизикалық-экологиялықпәндермен қатар табиғатты қорғау және оның
ресурстарынтиімді пайдаланумәселелеріне баулу ісі жатыр.
Физиканы оқыту үдерісінде оқушылардың экологиялық біліміең алдымен
олардың бойында табиғаттың тұтастығы, ондағы болып жататын құбылыстардың
арақатынасы және олардың себептік шарттылығы, адам ментабиғаттың арақатынасы және
соның салдарынан кейбір табиғи процестердіңбұзылуы; қоршаған ортаны тиімді
пайдалану қажеттілігі және оның сан-алуанластанулардан қорғалуы, ғылыми-техникалық
прогрестің теріс әсерлерін залалсыздандыру үшін ғылыми идеялар мен жаңалықтарды
қолдану мүмкіндігі,мысалы, өндіріс пен тұрмыстағы электр аспаптарының кең
қолданылуынашартталған
шу,
діріл,
әртүрлі
жиіліктердің
электромагниттік
алаңдары,радио және телестанциялардың қуаттылығы мен сандарының, радиолакаторлық
қондырғылардың т.б өсуіне байланысты.
Осыған байланысты экологиялық білім беру мазмұны мен халықты табиғатты
қорғауға тәрбиелеуге қатысты өткір мәселелер жалпыға бірдей білім беретін мектептер
мен ұстаздар қауымының алдына нақты міндеттер қоюда.
Бұл міндеттердің ең негізгілерінің бірі – жалпыға бірдей білім беретін
мектептерде жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде оқушыларға экологиялық білім
мен тәрбие беру.
Мектепте оқытылатын жаратылыстану пәндерінің іргетасы ретінде физика пәнін
алуға болады. Себебі, физика тек қана табиғатта өтіп жатқан құбылыстар мен процестерді
оқитын пән емес, ол сонымен қатар өз зерттеулері мен танымдық тәжірибелерді іске асыра
отырып табиғаттағы құбылыстар мен процестердің өтуіне де ықпал жасай алады.
Сондықтан да мектепте берілетін физикалық білім мазмұнына экологиялық
материалдарды кіріктіре отырып оқытуға болады.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру және оны жүзеге асырудағы
мектеп курсының мүмкіндігін айқындау мәселелері А.Н. Захлебныйдың монографиясында
И.Т. Суравегинаның, Н.М. Мамедовтың еңбектерінде көрсетілген. Авторлар экологиялық
білім беру тұжырымдамаларын ұсынады, физика курсының кейбір тақырыптарын оку
кезінде экологиялық бағытталған мәселелердің қарастырылуын көрсетеді. Э.А.
Тұрдықұловтың әдістемелік құралында физика химия, биология, география,
табиғаттануды оқу кезіндегі негізгі экологиялық мәселелер қарастырылған. Барлық
сұрақгар физикалық көзқарас тұрғысынан қарастырылады және оларды физика
сабақтарында оқытуға нақты ұсыныстар беріледі, сондай-ақ экологиядан сабақтан тыс
жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің қажеттігі, мүмкіндігі және рөлі көрсетіледі. В.П.
266
Орехов пен А.В. Усованың әдістемелік кұралдарында табиғатты қорғау мәселелеріне
едәуір көңіл бөлінген. Мысалы, температураны, ауа ылғалдылығын, жарықталынуды
зерделеу кезінде өсімдіктердің өсуі мен өнуі үшін бұл параметрлердің маңызын көрсету
ұсынылады. А.В. Перышкин, В.Г. Разумовский, А.В. Фабриканттың басқаруымен шыкқан
кітапта «Политехникалық білім беру және физиканы оқыту барысында кәсіптік
бағдарлау» тарауында қазіргі ғылыми-техникалық прогресті сипаттайтын негізгі
ерекшеліктердің ішінде экологиялық проблемалардың пайда болуы, осыған байланысты
«табиғат–қоғам» жүйесін ғылыми реттеудің кажеттігі баса айтылады [1].
Экологиялық мәселелер төңірегінде ұстаздар арасында бір заңды сұрақ
туындайды. Оқу үдерісінде оқушыларға экологиялық білімді қалай беру керек? Физика
сабағында оны қалай іске асыруға болады? Осы мәселе төңірегінде зерттеулер жүргізген
ғалымдардың (Э.А. Тұрдықұлов, М.Құдайқұлов, О.Мұсабаев, С.Ерматов және т.б.)
пікірлерінше, физика пәнін оқыту үдерісінде экологиялық білім мен тәрбие беру мынадай
ұстанымдарға негізделеді:
- экологиялық білімді пәнаралық байланыстарды жүзеге асыра отырып беру;
- экологиялық білімді пәнішілік байланыстарды жүзеге асыра отырып беру;
- экологиялық білімді қалыптастыруда жүйелік және үздіксіздікті қамтамасыз ету;
- оқушылардың табиғатты танып білу, сақтау және жақсарту мақсатындағы ақыл-
ой, сезім-ерік іс-әрекетінің бірлігін, үйлесімділігін тудыру;
- табиғатты сақтау мен қорғау мәселелерін мемлекеттік және әлемдік деңгейде
түсінетін дәрежеге жеткізу [2].
Физика пәнінен берілетін білім мазмұнын экологиялық материалдармен ұштастыру
үшін қажетті негізгі бағыттар мыналар:
- физика ғылымының негізіне сүйеніп, тірі табиғат пен өлі табиғаттың бірлігін
және өзара әсерін ашып көрсету;
-
экологиялық ұғымдарды қалыптастыру үшін жергілікті экологиялық
материалдарды кеңінен пайдалану;
- физикалық тәжірибелерді экологиялық мәселелермен байланыстыру [3].
Осы айтылған ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, физиканы оқыту
үдерісінде оқушыларға күнделікті өмірде танымал мысалдар келтіре отырып, физикалық
құбылыстар мен процестерді экологиялық ұғымдармен ұштастыра үйретуге болады.
Мысалы, «Булану мен қатаю» тақырыбын өткенде оқушыларға өзімізді қоршаған ортада
бұл құбылыстардың алатын орны, өмір тіршілігіндегі қажеттілігін айта отырып,
физикалық құбылыстар мен процестерді экологиямен байланыстыра отырып, кіріктіре
оқытуға болады. Экология – ол атмосферадан бастап байтақ даламыз, сол даламызда
өтетін табиғи тіршілік, топырақтағы, сулардағы кездесетін өсімдіктер мен жануарлар,
жәндіктер.
Оқушыларға
экологиялық
ұғымдарды
физикалық
құбылыстармен
байланыстырғанда, олар өзара бір-бірімен өзектесіп жатқан біртұтас процестер екенін
ұғындыру керек.
Физикалық құбылыстар - жылудың берілуі мен жұтылуын тіршіліктің ішкі
қозғалыс күші деп есептеуге болады. Мысалы, күн жылуының Жердегі тіршілікке
тигізетін ықпалын қарастырсақ, мынаны байқаймыз: егер жел қарды сайларға боратып
тастаса, онда көктемдегі күннің жылуы жер бетінде қалған жұқа қар қабатын және
мұздарды тез ерітеді де, топырақ мезгілінен бұрын жыли бастайды. Сөйтіп, топырақта
қалған ылғалды буландырып жібереді. Ал жауған қар жер бетінде біркелкі қалың болып
жатса, онда қардың еруі баяу жүреді, бұл жағдайда қар суы жерге сіңе береді. Топырақтың
температурасы да баяу көтеріледі, жердің ылғалы да баяу буланады. Қатып қалған
топырақ жібіп, қайта қатқан кезде өсімдіктердің тамыры көбінесе жұлынып кетеді де,
осының салдарынан олар өліп қалады. Қар тоқтатылған жағдайда бұл болмайды. Булану
топырақтың ылғалдылығын азайтады. Буланудың сыртқы себептеріне температура,
ылғалдылық, жел күші және т.б. ықпал тигізеді. Булану жердің ерекшеліктеріне
байланысты. Мысалы, түстік беткейлер көп буланады, ал теріскей беткейлер аз буланады.
267
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, ол булануды тездетеді. Аспан ашық,
тынық түндерде топырақтың беті қатты салқындап кетеді, соның әсерінен топыраққа
жақын ауа қабаты да салқындайды. Егер бұл булану күшті болса, онда ауадағы су булары
қанығады да, шық немесе қырау түрінде қайта жерге түседі. Осындай табиғи физикалық
құбылыстар жаратылыстық өзгерістерді жүргізуші күш. Осындай физикалық
құбылыстардың табиғаттағы айналымы бүкіл сол ортаның экологиялық ахуалын жасайды.
«Атмосфералық қысым» тақырыбын тікелей экологиялық білім берумен
байланыстыруға болады. Жылдың атмосфералық қысымын сынап бағанасымен
есептегенде Алматыда – 690 мм, Атырауда – 762 мм, Ақтауда - мм. Жүргізілген
бақылаудан атмосфералық қысым тәулік бойына ауытқып тұратынын байқауға болады. Ең
жоғары атмосфералық қысымның пайда болуы таңертеңгі сағат 9-10-ның аралығы және
кешкі 21-22 аралығында болады. Атмосфералық қысымның өзгерісін, желді, бұлттануды,
температураны мұқият бақылап отырса, шамамен болса да ауа-райының алдағы өзгерісін
болжап отыруға мүмкіндік туады. Молекула-кинетикалық теорияның теңдеуі, жауын-
шашынның болуы мүмкін екендігін, жазда ауа-райының ыстық болуын және т.б.
көрсетеді. Керісінше, қысымның артуы күннің ашық болатынын, қыста аязды, жазда
ыстық, тымырық болатынын көрсетеді. Осы құбылыстарды оқушыларға түсіндіре
отырып, өздеріне барометр арқылы көздерін жеткізуге болады. Атмосфералық қысымның
азды-көпті өзгерісін адам сезім мүшелері арқылы сезе алады, ал көптеген жануарлар
адамнан да гөрі сезгіш. Мысалы, жәндіктердің көбі ауа қысымы төмендегенде және
бұлыңғыр ауа-райы кезінде мазасыздана бастайды.
«Жылу өткізгіштік» тақырыбын өткенде жылу өткізгіштік физикалық денелердің
механикалық, энергетикалық және т.б. қасиеттеріне тәуелді екенін, және қарастырылған
дененің қоршаған ортаға әсерін түсіндіріп, оқушылардың экологиялық білімін жетілдіре
түсуге болады. Нақты мысал ретінде жауған қарды алайық. Кәдімгі экологиялық күй
жайымызға тікелей әсер ететін қар физикалық дене деп есептелінеді. Жаңа жауған
үлпілдек қар жылуды аз өткізеді, әрі қар қабатының шағылысу қасиеті өте жоғары: бетін
қар басып жатқан топырақ сыртқа жылуды аз шығарады. Қар топырақты суықтан
сақтайтын қорғаныш. Қар қабаты күздік дақылдарды үсуден сақтау міндетін атқарады.
Жоғарыда айтылған табиғаттағы айналымдар бір жағынан физикалық құбылыс болса,
екінші жағынан экологиямызды жүйелеп отыратын процестер. Осындай табиғат
құбылыстары оқушылардың физикалық білімін ғана емес, олардың экологиялық білім
алуына да үлкен міндет атқарады.
Электр құбылыстары тек физикалық құбылыстар емес, біздің экологиямызға
тікелей әсер ететін табиғи құбылыстар. «Электр өрісі», «Электрлік құбылыстар»
тақырыбын өткенде мынадай мысалдар келтіруге болады: электр разрядтары көптеген
мәдени өсімдіктердің өсіп-жетілуіне жағымды әсерін тигізеді. Бұл ионданған ауа
жануарлар ағзасына да пайдалы әсерін тигізеді. Атмосферадағы электр разряды
салдарынан, азот тотықтары, амиак және азон пайда болады. Жауын-шашын осы
қосылыстарды өзімен бірге топыраққа алып түседі. Сөйтіп олар топыраққа келіп сіңеді де,
өсімдіктерге керекті азотпен байытады.
Оқушыларға экологиялық білім беруді мектептің физика курсының барлық
тараулары мен тақырыптарында жүзеге асырып отыруға болады.
Бірақ та, мектептегі физика курсының бағдарламасы мен оқулықтарына
жүргізілген талдау, берілетін білім мазмұнында экологиялық бағыттағы мәліметтер аз
қамтылғандығын және олардың ара-кідік берілуі экологиялық білімді жүйелеуге және
қорытындылауға, оқушыларда қоғам мен табиғаттың өзара ықпалы туралы біртұтас
ұғымның қалыптасуына мүмкіндік бермейді [4].
Сөз соңында айтарымыз, егер физика курсының мазмұны экологиялық
мазмұндағы
материалдармен
байытылып,
осыған
орай
экологиялық
білімді
қалыптастыруда сабақтастық қамтамасыз етілсе, онда оқушылардың физикалық та
экологиялық та білімдерді тереңірек әрі саналы түрде меңгерулеріне мүмкіндік туады.
268
Сөйтіп экологиялық білім беру мен тәрбиені іске асыруға алғышарт болады және мектепте
физикалық білім беруді ізгілендіруге себептеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |