288
Физиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесінде оқытушы осы құбылысты түсіндіру
үшін тек ядролық реакция жүретін қондырғының оқулықтағы сұлбасын ғана пайдаланады.
Ал оқытудың жаңа әдістемесінде компьютерлік
модельді қолдана отырып, ядролық
реакцияның жүру механизмін баяндау құбылысты көрнекі, әрі түсінікті етеді (Сурет 2).
Компьютерлік модельдің көмегімен білім алушылар ядролық реакцияда орын
алатын физикалық құбылыстардың
жасырын сырларына қанығып, оларды динамикалық
модель арқылы байқап көреді.
Сабақтың тақырыбы: Нейтронның ашылуы. Оқулықта бұл тақырып былай
баяндалған:
Бірнеше жеңіл элементтерге, соның ішінде бериллийге, альфа-бөлшектер
сәулесін түсіргенде, сәуле түсірілген зат интенсивтігі нашар,
бірақ өтімділік қабілеті зор,
бір ерекше сәуленің көзі болатыны байқалған.
Зерттеу нәтижелері бұл сәуле шығару газды тікелей иондамайтын, электр жөнінен
бейтарап зарядсыз бөлшектер ағыны екенін көрсеткен. Бұл бөлшектер нейтрондар деп
аталған.
Сурет 2. Ядролық реакцияның жүру механизмі
Енді осы процесті компьютерлік модельді пайдаланып білім алушыларға
демонстрациялап көрсетейік. 3-суретте нейтрондарды табуға
және олардың қасиеттерін
зерттеуге арналған қондырғының сұлбасы көрсетілген.
Сурет 3. Нейтронның ашылуы
Компьютер мониторындағы сұлбаданбілім алушылар ауасы шығарылған І
камераның ішінде D диск қойылғандығын, оның беті альфа-бөлшектердің
көзі болатын
радиоактивті полоний (Po) элементімен жабылғандығын көреді. Бұл жерде, бериллий (Be)
пластинкасы альфа-бөлшектерге нысана болады. Білім алушылар 1-ші батырманы шертіп
стандартты тәжірибе режимін таңдап алып, қондырғыны 4-ші батырманы шерту арқылы
іске қосады. Сонда білім алушылар компьютер дисплейінен бериллийді альфа-
бөлшектермен атқылағанда
нейтрондар бөлініп шығатынын, олар камераның жұқа
қабырғасынан өтіп W терезе арқылы ІІ иондану камерасына кіру механизмінің
динамикасын көреді. Бұл кезде білім алушылар, бериллийден ұшып шыққан нейтрондар
Достарыңызбен бөлісу: