«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет146/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)





He
4
2
N
1 4
7
He
4
2
N
1 4
7
O
1 7
8
F
1 8
9
H
1
1
O
1 7
8
H
1
1


289 
тікелей келіп иондану камерасына кіргенде, минутына бірнеше бөлшектер есепке 
алынатынын байқайды. Енді, білім алушылар 3-ші батырманы шертіп, келесі режимді 
таңдап алады. Режимді таңдап алғаннан кейін, 4-ші батырманы шерту арқылы 
қондырғыны іске қосады. Сонда, білім алушылар компьютер дисплейінен иондану 
камерасының алдына жұқа қорғасын қабатын қойылғандығын, одан өткен, есепке 
алынатын бөлшектер саны айтарлықтай болып өзгермейтіндігін байқайды. Одан кейін, 
білім алушылар келесі режимді таңдап алу үшін 2-ші батырманы шертеді. Режим таңдап 
алынғаннан кейін, 4-ші батырманы шерту арқылы қондырғыны іске қосады. Бұл 
режимде, W терезенің алдына жұқа балауыз (парафин) пластинка қойылғандығын, одан 
өткен, есепке алынатын бөлшектер саны өсетіндігін көреді. Компьютерге енгізілген 
арнайы бағдарламаның көмегімен тақырыптың мазмұнымен танысуға болады. Білім 
алушылар монитордағы мәтінді оқып қана қоймай, сонымен бірге, мәтінді ести де алады. 
Сонымен қатар, осы теорияларды енгізген ғалымдардың әрқайсысының өмірбаяны мен 
еңбегі туралы толық мағлұмат алуға болады. 
Қорыта келе, физикалық құбылыстардың компьютерлік модельдерін пайдалану 
оқу үдерісінің тиімділігін арттырады; өтілетін материалдың көрнекілігін қамтамасыз 
етеді; білім алушылардың білім сапасы мен іскерліктерін, танымдық қызығушылығы мен 
ой-өрісін жетілдіреді; олардың ғылыми таным әдісі ретіндегі модельдеу туралы 
түсініктерін кеңейтеді.
Сөзіміздің дәлелі ретінде, осы салада көптеген жылдар еңбек етіп жүрген ресейдің 
әдіскер ғалымы В.А.Извозчиковтың пікірін келтірейік [3]. Ол өз еңбектерінде оқу 
үдерісінде компьютерді пайдалану төмендегідей жағымды нәтиже береді деп көрсетеді: 1) 
практикалық сабақтарда шешілетін есептер санын арттыруға болады, есепті шынайы 
шарттармен, яғни, техникадан алынған параметрлермен шешуге мүмкіндік туады; әрбір 
білім алушы үшін даралық қасиетіне қарай есепті тез шешу мүмкіндігі қамтамасыз 
етіледі; күрделі есептер шығаруды талап ететін есептер мен есеп шартын ауыстыру 
кезінде тез есептеуді шешу мүмкіндігі пайда болады; 2) физикалық экспериментті 
жобалау мүмкіндігі ашылады; эксперименттік мәліметтерді өңдеу уақыты қысқарады
өлшем саны артады; физикалық, техникалық және тұрмыстық мазмұндағы жобалық-
конструкторлық 
тапсырмаларды 
орындауға 
мүмкіндік 
ашылады; 
3) 
өзіндік 
психологиялық көтеріңкі күй байқалады: білім алушылардың шаршап-шалдығуы 
төмендеп, эмоциялық көтеріңкі көңіл-күй пайда болады; реакцияның шапшаңдығы 
артады; зерде тұрақтанып, материалдың физикалық мәні оңай меңгеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет