«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет154/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университет студенттеріне арналған 
оқу құралы.- алматы, 2000-384 
2. Исламова 
И.К.Оқу процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін 
қалыптастыру: п. ғ. к. дисс. автореф.–Алматы, 2002. 29 б 


305 
ОӘЖ373:37.010 
 
ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНДА 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ 
Көшек Ш, студент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Актау қаласы 
Ғылыми жетекшісі: Көкшеева З.Т.
Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Актау қаласы 
Аңдатпа: мақалада экологиялық мазмұндағы қызықты есептер мен мысалдар 
арқылы бастауыш сынып оқушыларын экономикалық тұрғыдан тәрбиелеуге 
болатындығы баяндалып, мысалдар келтіріледі. 
Түйінді сөздер: бастауыш сынып, математикалық есептер, шығармашылық 
тапсырмалар, экономикалық тәрбие.
Бастауыш сынып оқушыларына экономикалық тәрбиені қалыптастыру күрделі
және ұзаққа созылатынпсихологиялық-педагогикалық жүйе. Психологтар мен педагогтар 
балаларды уақытқа, табиғатқа заттарға деген ұқыптылыққа тәрбиелеуде мұғалімдер мен 
ата-аналарға көмек боларлықтай ғылыми жинақтар шығарған. Экономикалық білім 
концепциясын жасаған И.В.Липсиц, Л.Л.Любимов, В.А.Поляков, И.А.Сасова,
В.Д.Симоненко, А.С.Прутченков т.б. бұл білім үздіксіз берілуі тиіс деп санайды. 
Экономика күшті болуы үшін адам баласын оқытып, тәрбиелейтін мектептер 
қазіргі заман талабына сай болуы керек. Сондықтан да, экономикалық білім беруді 
бастауыш сатыдан бастап жүргізу керек, себебі бастауыш білім беру сатысы үздіксіз білім 
беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы 
тұлғасынының қалыптасып дамуымен аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын 
екендігімен ерекшеленеді.
Мектеп пәндері соның ішінде математика сабағының экономикалық мазмұнын
арттырудың, жекеленген пәндердің республикалық және оқушының өз өлкесінің 
шаруашылық өміріне байланысын қамтамасыз етудің, экономикалық құбылысты ойда
қорытуға жәрдемдесудің маңызы зор. Математика –кең көлемді әрі түрлі мазмұнды 
кеңістік, ал экономикалық жаңа білім берудің құралы. Бастауыш сыныпта математиканы 
оқытуды жетілдіруде экономикалық мазмұндағы есептер орны ерекше.
Экономикалық мазмұнды есептер мен мысалдар арқылы оқушыларды 
экономикалық тұрғыдан тәрбиелеуге болады. Ол оқыту жүйесін ғана емес, сонымен қатар 
оқушының экономикалық білімге үйрену, оқу дағдысы мен тәжірибесін кеңейтіп
психологиялық-педагогикалық жақтарын да қарастырады. Экономикалық мазмұнды 
есептерді шешу –білімді практикалық іс-әрекет тәсілдерін, таным әдістерін қажет ететін
ақпараттарды мұғалімдердің оқушыларға беруі, оқушылардың оларды меңгеру, олардың 
танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері. Әсіресе, шығармашылық есептерді
шешудің ақпараттарды тарату тәсілі ретінде өз артықшылығы бар. 
Математика сабақтарында балалардың экономикалық мазмұндағы мәтіндік
міндеттерді талдау мен шешу арқылы экономикалық талдаудың және экономикалық
есептей білудің іскерліктері мен дағдыларын, ал сыныптан тыс жұмыстарды табиғи 
ресурстарға ұқыпты қараудың экономикалық негіздерін меңгеруіне мүмкіндік туғызады. 
Бастауыш сыныптардағы еңбекке оқыту оқушыларда белгілібір экономикалық білімдерді, 
еңбек қызметі дағдыларын, іскерлігін, әдеттерді, экономикалық мәдениетті, тұлғаның 
қасиеттерін қалыптастыруды белгілейді. Экономикалық мазмұнды жаттығуларды 
шығарту барысында балалардың бойында экономикалық түсінікті қалыптастыруға 
болады.
Математика пәніне арналған бастауыш мектептің бағдарламасы мен математика 
оқулықтарына түсініктер қалыптастыру тұрғысынан талдау жасайық. Математика 


306 
сабақтарында төменгі сынып оқушыларына өз бетінше жұмыс істеу, білімін көтеру, 
икемділік пен машықты жетілдіру әдістерін үйрену қажет. Оқушылардың экономикалық 
мазмұнды шығаратын есептері математиканы оқыту мақсатына сәйкес болып, олардың
мазмұны өмірден алынуы тиіс. Ендеше, сөзіміз дәлелді болу үшін төменде мысал келтіре 
кетейік: Бастауыш сынып оқушыларына мынадай экономикалық мазмұнды 
шығармашылық тапсырмалар мен есептерберуге болады: 
1. «Дәужан» қант орталығында бір қап қант 2600 теңге (массасы 50 кг), ал базарда 
2520 теңге (массасы 45 кг) тұрады. Қантты қайдан сатып алған тиімді болар еді? 
2600 / 50 = 52 теіңгеден (қанторталығы) 
2520 /45 = 56 теңгеден(базарда) 
Жауабы: Қантты қант орталығынан алған тиімді. 
2. а) Нан заводы күн сайын бірдей мөлшерде өнім шығарып, 7 күнде 1750 т нан 
пісірді. Олбір айда (30 күндепалсақ)неше тонна нанпісіреді? 
Шешуі: 7 күнде –1750 т 
1 айда -? т нан. 
1750 / 7 =250 т (біркүнде)немесе 30 * (1750 / 7)= 7500 т 
250 * 30 = 7500 т (1 айда). Жауабы: 1 айда 7500 тонна нан. 
3. Ағаш шебері 30 күнде 120 орындық жасап беруге мектеппен келісім-шарт жасасты. 
Егер күніне 5 орындықтанжасаса, ол келісім шартты неше күн бұрын орындайды? 
а) Бір ағаш шебері күніне 3 терезе, ал екіншісі 4 терезежасады. 70 терезе жасау 
үшін екі шебер неше күн жұмыс істеуі керек? 
Шешуі: 120 / 5 =24 (күн) 
ә) 30 – 24 = 6 (күн); Жауабы: 6 күн бұрын орындайды. 
Оқушының оқу жұмысы әртүрлі іс-әрекеттерден тұрады. Ал күрделілеуіс-
әрекеттерді, мысалы, экономикалық мазмұнды есептерді шешуде оқушы өзінің 
жинақтаған білімдері мен дағдыларын, тәжірибелерін қолдана алулары тиіс. Өзінің білімі 
мен дағдыларын мақсатқа сәйкес реттеу үшін қажетті психикалық іс-әрекеттердің күрделі 
жүйесін меңгеру білік деп аталады. Олай болса, білікті түрлі жағдайларда қарапайым 
және күрделі іс-әрекеттерді орындауға қажетті білім мен дағдыларды саналы түрде 
қолдануға болады деп ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет