183
«Казцинкмаш» ЖШС, «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ, «Востокмашзавод» АҚ,
«Өскемен конденсаторлық зауыты» ЖШС, «КЭМОНТ» АҚ, «Семмашзавод» АҚ, «Семей
инжиниринг» АҚ, «Гидросталь» ЖШС, «Казэлектромаш» ЖШС, «СемАз» ЖШС,
«Машзавод» ЖШС және басқалары жетекші кәсіпорындар болып табылады.
Машина жасау кәсіпорындары мұнай саласы, тау-кен –
шахталық және
металлургия жабдықтары, жеңіл және жүк автомобилдері, автобустар, дөңгелекті
тракторлар, конденсаторлар және
басқа электротехникалық өнім, барлық мүмкін
түрленімді сорғылар және басқа өнім шығарумен айналысады. «БИПЭК АВТО-Азия
Авто» компаниялар тобына кіретін «АЗИЯ АВТО» АҚ аймақтың және Қазақстандағы ең
ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі болып табылған.
«Азия Авто Қазақстан» АҚ 4 мың жұмыс орындарын құратын «Өскемен қаласында
толық циклді автозауыт пен автоқұраушылар өндіру технопаркін салу» жобасын жүзеге
асыруда. «СемАз» ЖШС кәсіпорыны қызметінің негізгі түрі автотехника мен
ауылшаруашылық техника жинастыру болып табылады. Қазіргі уақытта кәсіпорында
«Белорус» тракторының тоғыз үлгісін, «Shacman», «Урал», «Foton», «Газель», «FAW» жүк
автомобилдерін жинастыруды игеруде және сериялық шығаруды реттеді. Өнімнің негізгі
өткізу нарығы – Қазақстан Республикасының аймақтары. 2009-2016 жж. кезеңі ішінде
«Беларус» тракторының және 2234 жүк автомобилдерінің 8066 бірлігін шығарды [1].
«Семей машина жасау зауыты» АҚ Ресейге төрт шынжыр табанды тасымалдағыш–
тартқыш (ШТ-Т) жеткізуді жүзеге асырады. Техниканы
жасау өндірісі темір жол
саласында жұмыс істейтін жеке компанияның арнайы тапсырысы бойынша орындалды.
2016 жылда қазақстандық кәсіпорын шынжыр табанды тартқыштың пилоттық
данасынжасап шығарып, тиісті сынақтан сәтті өткізді. «ҒЗТКЖ-ны жаңғырту бойынша
базалық моделін шынжыр табанды транспортер-тартқыш ШТ-Т жетілдіруге және
қазақстандық қамту мүмкіндігімен машинаны дайындау және бұл техника түріне
орындауға қойылатын барлық талаптарымен жарақталуда, ол
өзінің сипаттамалары
бойынша шетелдік өнімдерден кем түспейді.
«Семей машина жасау зауыты» акционерлік
қоғамы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып
табылады [2].
Достарыңызбен бөлісу: