«экономика және менеджмент» кафедрасы vk me 3208 «халықаралық экономика»


Модульдік бірлік 2.5. Дәріс №5. Халықаралық сауданың балама теориялары



бет12/31
Дата02.10.2023
өлшемі209.86 Kb.
#479486
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Межд.экономика лекция

Модульдік бірлік 2.5. Дәріс №5. Халықаралық сауданың балама теориялары.


Дәріс мақсаты - халықаралық сауданың альтернативтік теорияларын қамту.


Дәріс жоспары:

  1. Масштабынан үнемдеуге негізделген сауда теориясы.

  2. Жетілмеген бәсеке теориясы.

  3. Өнімнің өмірлік циклі теориясы.

Халықаралық саудада тауарлар мен қызметтерді ұсынудың баламалық теориялары:


А) Масштабынан үнемдеуге негізделген сауда теориясы.
Ә) Жетілмеген бәсеке теориясы.
Б) Өнімнің өмірлік циклінің теориясы.
1) Масштабынан үнемдеуге негізделген сауда теориясы дегеніміз- фирманы ірілендіру шарасында ұзақ мерзімде орташа шығындарды төмендетуді мінездейтін шарт.
Масштабынан өспелі пайдалылық негізінде халықаралық сауда келесідей жақтарымен мінезделеді:
1-ден, масштабынан эффект жалпы тауарайналымында өте үлкен және өсуге тенденциясына ие ұқсас тауарлармен сауданы түсіндіреді;
2-ден, бұл үлгі шамалас бірдей өндіріс факторларымен жасалған елдер арасындағы сауданы түсіндіреді;
3-ден, масштабынан эффект жетілмеген бәсеке нарығын көрсетеді, ал Д.Рикардо мен Хекшер-Олин теориялары жетілген бәсеке алғышарттарынан шығады.
Бұл үлгінің негізгі ерекшелігі- мамандандыруды тереңдету арқылы өндіріс факторларын тиімді пайдамен, өнім бірлігіне шаққандағы шығынды азайту арқылы пайда көлемін жоғарлату.
2) Өнімнің өмір сүру циклі теориясын 1960 жылдың аяғында американдық экономист Р.Вернон ашты. Әрбір жаңа өнім өзінің өмір сүру кезеңдерінен өтеді.
Жаңа өнімнің толық өмір сүру циклі 4 кезеңнен өтеді:
1. өнім өндіріледі жәнке өз ішкі нарығында өткізіледі;
2. өнім экспорты өседі, өйткені шетелден сұраныс көбейеді;
3. өнім экспорты төмендейді, өйткені шетел фирмалары бұл тауарды ішкі тұтыну үшін өздері өндіреді;
4. АҚШ ішкі нарықта ол тауарды өндіруді тоқтатып, шетелден импортқа алады.

3) Жетілмеген бәсеке теориясы. Монополиялық билікке ие фирма өнімнің нарықтық бағасына әсерін тигізеді. Сондықтан мұндай фирмалар үшін сату көлемін өсіру бағаны төмендету шарты кезінде ғана мүмкін болды.


Жетілмеген бәсеке нарығындағы таза монополия фирма тәртібін қарастырамыз.
Фирманың сұраныс қисығы теріс бұрылысты көрсетеді. Яғни фирма сату көлемін жоғарлату үшін ғана бағасын төмендетеді.
Монополист үшін сұраныс қисығы шығарылған тауардың баға сызығы болып табылады.
Шекті табыстар қисығы монополист фирма үшін Д қисығынан төмен орналасады (MR < P).
Өйткені монополист төмен бағамен бұрын өндірілген өнімнің қосымша бірлігін сату керек болады.
MR пен P арасындағы қатынас 2 жағдайға байланысты:
1-ден, бағаны төмендеткенге дейін фирма қаншалықты көп тауар өткізіп үлгерді;
2-ден, сұраныс қисығының иілу бұрышына.
Егер де сұраныс функциясы сызықты болса, онда сату көлемі мен баға тәуелділігін келесідей теңдікпен көрсетуге болады:
QФ = A - ВP




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет