Модульдік бірлік 2.3. Дәріс №3. Халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік.
Дәріс мақсаты - сыртқы сауда операцияларының мәнін анықтау және халықаралық саудадағы тепе-теңдікті түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1. Халықаралық саудада сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы.
Сауда шарттары.
Халықаралық сауданың балама теориялары.
1. Халықаралық саудада сұраныс қисығы 2 факторға байланысты:
А) нақты елде талғамдар жүйесінің қалыптасуы;
ә) тұтынушылар артықшылығы және олардың табыстарының деңгейлері.
А және В елдері х және у тауарларын шығарып, тұтынады. В елі бұл тауарларды шығаруда абсолюттік артықшылыққа мүмкіндігін жоғалтты. Бірақ В елі у тауары бойынша салыстырмалы артықшылыққа, ал А елі х тауары бойынша ие.
Екі ел арасында сауда қатынастары болмаса у тауарының бағасы әртүрлі. А еліндегі у тауарының салыстырмалы бағасы – 1,5; В елінде –0,75.
Саудамен байланысты елдердегі экономикалық жағдай өзгереді. А елінің тұрғындпры у тауарын 1,5 емес 2 есе төмен бағаға алған тиімді екенін біледі. Ал В еліндегі у тауарын өндірушілер өз тауарын төмен бағаға ішкі нарықта сатқаннан 2 есе қымбат бағаға А еліне сатқаннан кейін пайда болатынын байқайды. Өзара пайдалы халықаралық сауда бірдей әлемдік бағаның қалыптасуына алып келеді, ол 1,5-0,75 аралығында болады.
Рум = РуА +РуВ / 2 =1,5+0,75/2 =1,1
Нарықтағы әлемдік бағаның қалыптасу процесінде у тауарының А еліндегі ішкі баға өзгеріп, В еліне қарағанда жоғары болады, яғни, ∆РВ < ∆РА. Бұл А елінің сауда қатынастарынан ұтысы, В еліне қарағанда жоғары екенін көрсетеді.
Сұраныс қисығының негізінде талғамдылық қисығы құрылады. Талғамдылық қисығы тұтынушылық сұраныс пен талғамдылықты көрсетеді.
Тұтынушы пайдалылық немесе қажеттілікті қанағаттандырудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету үшін 2 тауардың тамақ пен киім қаншалықты қолдану керектігін анықтау керек.
Қоғамдық талғамсыздық қисығына 2 фактор әсерін тигізеді:
А) жеке индивидтердің алаиын пайдалылығы немесе қанағаттануы арасындағы айырмашылықтыр;
ә) қатысушылар табысының әртүрлі деңгейде өсуі.
Халықаралық сауда кезінде елдердің әрқайсысы ұтысқа ие болады, егерде олардың талғамдылық қисықтары 2-шісіне көшіп, неғұрлым координаттар басынан алыстаған сайын жоғарылай береді.
2. Сыртқы сауда шарты дегеніміз - белгілі елдің экспорттық бағаларының импорттық бағаларға қатынасы. Екі елдің жай үлгісінде бір тауар 2-ші тауарға бартерлік айырбас жасайды, ал экспорт импортқа тең болады, бұл жағадайда сауда шартын есептеу қиын емес. Сауда шарты экспорттық бағаның импорттық бағаға қатынасын 100 пайызға көбейту арқылы анықтаймыз. Сауда жағдайын тауарлы немесе таза бартерлі сауда жағдайы деп атаймыз. Оны есептеу формуласы :
ТС=PXt / PXО : Pmt /PmО
Мұндағы: PXt –ағымдағы жылдағы экспорттық баға индексі;
PXО – базалық жылдағы экспорттық баға индексі;
Pmt – ағымдағы жылғы импорттық баға индексі;
PmО – базалық жылдағы импорттық баға индексі.
Сауда жағдайының графикалық көрінісі.
RS=RD
Tc = 100%
Px = Pm
Уақыт өткеннен кейін RS және RD қисықтары өзгереді, ал сауда шарттарын өзгертуге алып келеді. Егер де ТС > 100 болса, онда сауда шарты жақсарады, өйткені әрбір экспортталатын тауардың әрбір бірлігіне көп импорттық тауар сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл жағадайда елдің жағдайы жақсарады.
Егер де ТС < 100 болса, қоғамдық жағдай нашарлайды, өйткені импорттың жиынтық бағасы экспорттың жиынтық бағасынан жоғары болады, бұл еддің жағдайын төмендетеді.
Сауданың табыстық шарты және тауардың факторлық шартын қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |