«Экономика негіздері»


Ашық есеп - капиталистік елдердегі ішкі сауда саласындағы есеп  айырысу және коммерциялық несие түрі.  Баға заңы



Pdf көрінісі
бет110/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   124
экономика негиздері кітап

Ашық есеп - капиталистік елдердегі ішкі сауда саласындағы есеп 
айырысу және коммерциялық несие түрі. 
Баға заңы -тауар өндірушілер арасындағы байланысты реттейтін 
мөлшері қоғамдық қажетті еңбек шығынымен өлшенетін, тауарды өндіру 
мен айырбастау оның құны негізінде жүзеге асырылатын тауар өндіру 
жағдайындағы қоғамдық еңбекті бөлудің және ынталандырудың 
обьективті экономикалық заңы. 
Бағалау – шаруашылық құралдарын ақшалай өлшеммен көрсету әдісі. 
Бағалы қағаздар – ұстау құқығын растайтын қағаздар (акция, 
облигация, вексель және т.б.). 
Банктер - кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың бос ақша 
қаржыларын тарту және халықтың бос ақша қаржыларын тарту және 
шоғырландыру, төлемдерге делдалдық жасау, сондай-ақ ақша эмиссиясы 
(пассивті операциялар) бағалы қағаздар шығару, қысқа мерзімді несие 
беру, қайтарылмалы төлемді және мерзімді әр түрлі несиелер беру 
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қаржы мекемелері. 
Банкнота - банк шығарған және иесінің талабы бойынша төленуге 
тиісті міндеттеме-құжат. 
Банк жүйесі - ұлттық банктердің құрылымы мен операциясын 
сипаттайтын термин. 
Банкроттылық 
– 
кәсіпорынның 
кредиторларға 
тауарларды 
(жұмыстар, қызметтер) төлеу қабілеттерінің жоқтығы.
Бартер - алмасу жүйесі, мұнда тауарлар мен көрсетілген қызметтер 
ақшасыз негізде алмастырылады. 
Бәсекелестік - тауар өндірушілер арасындағы экономикалық жағынан 
жақсы, өндірістің мейлінше пайдалы жағдайы мен өнімді өткізу тиімділігі 
үшін бәсеке 
Бизнес - кез келген ұйымдасқан заңды қызмет. 
Биржа - нарықтың ұйымдасқан формасы, мұнда сұраныс пен ұсыныс 
негізінде тауармен (тауар биржасы) бағалы қағаздармен (қор биржасы, 
валюталық биржа) сауда жасайды немесе қызметкерлерді жалдаумен 
(еңбек биржасы) айналысады. 


183 
Биржалық баға - сұраныс пен ұсыныс арақатынасы негізінеде 
қалыптасқан, биржалық сауда негізінде сатылатын тауарлар мен 
көрсетілген қызметтердің бағасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет