«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет111/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   124
экономика негиздері кітап

Биржалық келісімдер - бағалы қағаздармен, тауарлармен немесе 
шетелдік валютамен сауда келісімін жасау. 
Бөлінбеген пайда - акционерлік компанияның резервке түскен, бірақ 
акционерлерге дивидент түрінде төленбеген таза пайдасы 
Брокер - басқа адамның атынан тауарларды, ақша номиналдарын 
немесе акцияны, т.б сатып алатын және сататын адам. 
Бірлескен кәсіпорын - бірлесіп басқару және шаруашылық есеп 
негізінде екі немесе одан да көп ел өнеркәсіпте, транспортта, ғылыми-
техникалық салада, саудада және қызмет көрсету саласында құрады 
Бюджет - мемлекет, жергілікті органдар, кәсіпорындар, кәсіпорын мен 
мекеме, жанұя немесе жекелеген адам үшін белгілі бір кезеңде арнап 
жасалынған ақшалай кірістер мен шығыстардың (түсулер мен 
пайдаланулар) балансы. 
Валюта – ұлттық ақша бірлігі. 
Валюта төлемі - сыртқы сауда келісімі бойынша іс жүзінде тауарға 
төленетін валюта. 
Баға валютасы - сыртқы сауда келісімінде баға қойылған валюта. 
Валюталық операциялар - шетелдік валюталарды сатып алу-сату 
(бір валютаны екінші валютаға алмастыру) валюталық операциялар қолма-
қол (спот) және мерзімдік (форвард) болуы мүмкін. 
Валюталық курс - бір ақша бірлігінің екінші ақша бірлігімен 
алғандағы бағасы. 
Вариант - қойма куәлігі, тауар таратын құжат, ол индоссаменттің 
көмегімен (бағалы қағаздарды беру туралы жазба) қолдан-қолға өтуі 
мүмкін. 
Вексель – жазбаша қарыздық міндеттеме. 
Вексельдік несие - оның мәні негізінде мынадай, шетелге тауар 
шығарушы тауарды сату туралы келісім жасап, аударылған вексельді 
шетелден тауар әкелушіге (траттке) ұсынады, ол тауар құжаттарын (есеп-
фактура, коносамент, сақтандыру полисі, сапа сертификаты т.б.) алып 
тратты акцептейді, яғни вексельді онда көрсетілген мерзімде төлеуге 
келісім береді. 
Ғылыми өндірістік кешендер - өнеркәсіптік өнімдердің сан түрлерін 
бірлесіп жасауда, сынауда және өндіруде өзара байланысты ғылыми 
мекемелер мен өнеркәсіп кәсіпорындардың территориялық топтасуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет