«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет15/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   124
экономика негиздері кітап

Дамытушылық мақсаты: экономикалық түрде ойлауға үйрету 
және ғылымның дамуында диалектиканы көру. 
Тәрбиелік 
мақсаты: 
экономикалық 
білімдерге 
қызығушылықтарын таныту, оны жұмыста қолдануды үйрету. 
Сабақ түрі: аралас
Оқыту әдісі: Әңгімелесу элементтерімен және көрнекілік 
құралдарды көрсету арқылы дәріс. 
Оқу процесін қамтамасыз ететін көрнекілік құралдары:
1.Мультимедиялық проектор, слайдтар. 
a. Ғалым-экономисттердің суреттері. 
2. Ағымдағы білімді бағалау тесттері. 
3. Әдебиеттер: 
1. Алиев 
У.Ж. Методические рекомендации по теме 
«Предмет, методы и функции политической экономии». 
Алматы, 1987 г. 
2. Чепурин М.Н. «Курс экономической теории». М., 2003 г.
3. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А. «Жалпы 
экономика негіздері», Ақтөбе, 2004 ж. 
4. Темірбекова А.Б. «Экономикалық теория» Оқу құралы, 
Алматы, «Экономика», 2008 ж. 
5. Бартенев С.А. «Экономические теории и школы». М., 
1996г. 


21 
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру сәті. 
ІІ. Жаңа тақырыпты меңгеруге оқушылардың дайындығы. 
ІІІ. Сұрақтар бойынша жаңа материалды баяндау.
1. Экономикалық ғылымның пайда болуы мен дамуы. 
2. Экономикалық теорияның даму кезеңдері. 
ІV. Алған білімдерін бекіту. 
V. Үй тапсырмасы.
Әдістемелік нұсқаулар:
Осы тақырып ғылымның тарихына арналған. Жүз жылдық 
бойында ғылыми экономикалық ой қалай дамығандығын анықтауға 
болады. Тарихтың дамуымен өзара байланысты әрбір бағыттарын 
сипаттау қажет. Адамзат мәдениетінің дамуында із қалдырған 
ойшылдардың ойларын көрсетті.
Дәріс 
1 сұрақ 
Экономикалық 
ой 
ежелгі 
дәуірде 
туындап, 
даму 
мен 
қалыптасудың ұзақ және күрделі жолынан өтті. Экономика ғылымы 
туралы алғашқы ғылыми ой ретінде - Ксенофонт, Платон, Аристотель, 
Каттон тәрізді ежелгі дәуірдің ойшылдарында пайда болған. 
«Экономия» терминін бірінші рет Аристотель ғылыми айналымға 
еңгізген. Ол екі грек сөзінен құралған: «ойкос» - үй, шаруашылық
«номос» - ілім, заң деген мағынаны білдіреді. Экономикалық білім 
алғашында жалпы ғылымның бөлек элементтері ретінде қалыптасты. 
Экономикалық теорияның өз бетімен дамуы ХVІ-ХVІІ ғасырларда 
капиталистік 
қатынастардың 
туындау 
дәуірінде 
басталды. 
Экономикалық теорияның алғашқы қаланған мектебі - меркантилизм.
ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы феодализмнің құлдырау дәуіріндегі «бүгінгі 
заман батырлары», яғни ең бай касталары - көпестер болды. Оларға 
сауда дамуының теориясы «баюдың ғылымы» қажет болды. Оны олар 
меркантилистердің қолынан алды. Меркантилизмнің ең көп тараған 
жері - Англия еді, оның ең басты теоретиктерінің бірі - экономист 
Томас Ман (1571-1641, Англия) және Антуан де Монкретьен (1575-
1621, Франция). Соңғысы «саяси экономия» терминін айналымға 
еңгізді (1615). Меркантилистердің ең басты идеясы — қоғамның ең 
басты байлығы — ақша, ал байлық көзі — сатып алушы қоғам - деген 
болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет