«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет2/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
экономика негиздері кітап

Кіріспе. 
Елбасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында 
Қазақстанның бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіру 
міндетін тек озық технологияны меңгерген, ұйымдастыру қабілеті бар, 
нарықтық экономикада нысаналай алатын білікті мамандар жүзеге 
асырады деп айтты. Ал ондай мамандарды экономикалық түсінік, заң 
және үрдіс біліміне негізделген экономикалық ойлау бағыты бар 
оқушыларды дайындауды міндеттейді. 
«Экономика 
негіздері» пәні маңызды теориялық және 
тәжірибелік орын алады, өйткені экономикалық заңдар мен 
принциптерді түсіну, экономикалық жүйенің жалпы сипатын 
функциялау адамдарға шаруашылық ісін жүргізу кезінде кездесетін 
нұсқаларды ішінен таңдап, экономикалық шешім қабылдауға 
көмектеседі. 
Пән 
негізінен 
кешенді 
тақырыптарды 
өзіне 
келесі 
құрылымдарды қосады: 
- «Экономикалық теорияға кіріспе» атты 1 бөлімде адамның 
экономикадағы ролі мен орны, экономикалық ғылым ретіндегі 
түсінігі, оның қоғамдағы ролі жайлы жарықталынған. 
- «Экономикалық жүйенің жалпы негізі» деген 2 бөлімде меншік, 
Қ.Р-дағы меншік реформалары, өндіріс ұйымдарының жалпы типтері 
талданған, негізгі экономикалық категориялар- тауар мен ақша, нарық 
пен оның бернесі туралы түсінік берілген. 
- «Жаңа бағаны өндіру және жолдау» деген 3 бөлімде бизнесті 
ұйымдастыру, Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту және жеке капитал 
салу сұрақтары қарастырылған. 

«Макроэкономикаға кіріспе» деген 5 бөлімде ұлттық 
шаруашылық процесіне мемлекет қатысының ролі мен шегі айтылған, 
макроэкономикалық теңсіздік пен тұрақсыздық мәселелері талданған. 
- «Дүниежүзілік экономика мен әлемдік нарық» 6 бөлімінде 
әлемдік 
экономикада 
нарық 
механизмінің 
функциялануының 
ерекшелігі, оның аспектілері, тенденциялары және тұрақсыздық 
мәселелері жарықтандырылған. 
Пән бойынша тәжірибелік сабақтар оқушыларға сұрақтарға 
жауап беру, тестілер мен есептерді шешу, тапсырмаларды орындау 
арқылы тәжірибеде алған білімдері мен дағдыларын қолдануға 
мүмкіндік береді. 
Нағыз оқу – әдістемелік кешен «Экономика негіздері» пәнінің 
міндетті мазмұны мен дайындық деңгейі мемлекет тараптарына сәйкес 
келеді. 
Жұмыста дидактикалық - әдістемелік тәсілдер көрсетілген, ал 
олардың негізгі кешеннің танымдық қызметінің әдістемелік жүйесінің 
бүтіндігін қамтамасыз ететін оқулықтан алынған. 



Авторлар оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін есепке алып
оқу мақсатын оқу материалдарының заңдылықтарын көрсеткен, 
мәтіннің көрнекілік құралдарымен байланысуын құрастырған. 
Оқу - методикалық кешен «Экономика негіздері» пәнін 
техникалық мамандыққа оқып жүрген әдістемелік көмек көрсету 
мақсатында жасалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет