«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет23/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   124
экономика негиздері кітап

Әдістемелік нұсқаулар: 
Осы тақырыпты оқу барысында өндірісті ұйымдастырудың негізгі 
типтері ретінде натуралдық және тауарлық өндірістің негізгі шектерін 
сипаттау, олардың әрбіреуінің тарихи маңызын ашу. Бұл сабақта 
маңызды экономикалық категориялар – тауар және ақшаға түсініктер 
беріледі, ал сонымен қатар құн заңы және ақша айналымының 
мағынасы ашылады. 
Дәріс 
1 сұрақ
Қоғамдық шаруашылықта сапалы әр түрлі кезеңдерінде өндірісті 
дамытудың өндіру күшінің жағдайын көрсететін және оның 
кооперациясы мен еңбектің қоғамдық бөлінуі көзқарасы тұрғысынан, 
бөліну дәрежесі немесе меншік қатынастары мен өндірушінің бірігуі, 
экономикалық үдерістерін ынталандыру ерекшеліктері мен мәніндегі 
өндірістік қатынастар мен экономиканың жалпы нысаны тән. 
Қазіргі заманғы экономикалық теория өндірісті ұйымдастыруды 
үш негізгі нысанға бөледі: табиғи өндіріс, тауарлық өндіріс
жоспарлық өндіріс. Оның ішінде натуралды өндіріс тарихи жағынан 
бірінші болып табылады. Еңбек өнімдері өндірушінің өз тұтынуын 
қанағаттандыру үшін, ішкі шаруашылық қажеті үшін шығарылатын 
материалдық игіліктерді өндіру, шаруашылықтың осындай нысаны 


33 
болып табылады. Натуралды шаруашылықтың материалдық негізі 
әлсіз, қоғамдық еңбекті бөлуінің дамуы төмен болады. 
Табиғи өндірістің ерекшеліктері: 
жинақы жұмыс күшінің жоқтығы; 
жергілікті 
бірлік 
шегіндегі 
экономикалық 
үдерістердің 
тығырыққа тірелуі; 
өндірістің шектелген мақсаты - жеке тұтынушылықты 
қанағаттандыру. 
Тарихта шаруашылықтың натуралды нысанының көптүрлігі 
белгілі: алғашқы қауымдық қоғам, азиялық қауымдастық, германдық 
қауымдастық (марка), славяндық отбасылық қауымдастық жэне т.б. 
Тауарлық өндіріс - бұл нарықта сату, сатып алу әр түрлі қоғамдық 
тұтынушылықты қанағаттандыруға мүмкіндік бергендегі, белгілі бір 
өнім түріне лайықтанған арнайы ерекшеленген жеке өндірушімен 
өндірілетін өнім өндіретін шаруашылық жүйесі. 
Жоспарлық өндіріс үшін сол сияқты тауарлық-ақшалық 
қатынастар тән. Бірақ бұл қатынастар өзгерісті сипатта болады, 
өйткені, өндіріс пен тауарларды өткізу, қоғамдық шаруашылықты 
ұйымдастыру қатаң директивтік жоспарлау негізінде өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет