«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет25/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   124
экономика негиздері кітап

3 сұрақ.
К. Маркстің еңбек құны теориясына сәйкес, тауардың екі қасиеті 
бар: құндық және тұтынушылық құны. 
Адамдардың 
осындай 
және 
басқадай 
қажеттілігін 
қанағаттандыратын заттардың ерекшелігі, заттардың тұтыну құнын 
жасайды. Тауардың құны оны өндіруге кеткен, қоғамдық қажетті 
еңбектің санымен анықталады. Еңбек құны теориясына сәйкес, 
тауардың қоғамдық құны оны өндіруге қоғамдық қажеттілік пен 
еңбектің санымен анықталады, жұмыс уақытымен өлшенеді. 
Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты еңбектің қарқындылығы мен 
жасай білудің орташа деңгейімен анықталатын, өндірудің қоғамдық 
қалыпты жағдайында жасалатын қандай да бір тауарды дайындауға 
кеткен уақыт болып табылады. 
Заң бойынша өндірістің құны мен тауар айырбасы құндық 
мөлшері бойынша, қоғамдық-қажетті еңбек шығыны негізінде жүзеге 
асады. Құн заңы мынадай қызметтерді атқарады: 
 есеп және қоғамдық еңбекті реттеу; 
 уақытты үнемдеуді ынталандыру; 
 тауар өндірушілерді саралау. 
Шектеулі пайдалылық теориясының атасы неміс экономисі Госсен 
болып саналады. Бірақ, ол Австрия мектептері өкілдерінің 
еңбектерінде кеңінен дамыды. 
Заттардың пайдалылығы түсінігі бойынша, ол әр тұтынушымен 
бекітілетін шектеулі, яғни, қорда бар осы атаулы заттың соңғы 
біреуінің аз пайдалылығы. Тауар неғұрлым көп болса, сонша оның 
тұтынушыны толық қанағаттандыру деңгейі жоғары болады да, 
олардың соншалықты нақты пайдалылығы мен құндылығы төмен 
болады. Керісінше, тауар неғұрлым аз болса, оның пайдалылығы мен 
құндылығы жоғары болады. Бұл Госсен заңы деп аталады. 
Кез келген экономикалық игіліктің шектеулі пайдалы көлемі 
ресурстардың аздығымен анықталады. Маржиналдық теориясы 


35 
бойынша, өндіріс саласындағы, айырбастаудағы, яғни нарықтағы 
жалпы адам және шаруашылық жүргізуші субъекті игіліктің шектеулі 
пайдалылығынан жұмыс істейді - бұл тұтынуды қанағаттандырудың 
ең аз интенсивтілігіне арналған, сол бірліктің пайдалылығы. 
Өндіру игілігінің құны өндіру сипаттамасына ие және жеке 
тұтынуды қанағаттандыру үшін пайдаланылатын соңғы өнімнің 
шектеулі пайдалылығымен реттеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет