37
b. Табиғат сыйы;
c. Экономикалық емес игілік;
d. Өзі тұтыну үшін арналған өнім;
e. Капитал.
4. Тауарлық өндірісте еңбек өнімін
қоғамдық тануды мынадан
алады:
a. Өндіріс саласында;
b. Айырбас саласында;
c. Бөлу кезінде;
d. Тұтыну үдерісінде;
e. Өндірістік емес салада.
5. Құн заңына сәйкес:
a. Құн
өндіріс шығындары
мен пайдалылығы арқасында
реттеледі;
b. Еңбекті сату шекті пайдалылығын салыстыру негізінде
жүргізіледі;
c. Тауарларды өндіру мен айырбас қоғамға қажетті еңбек
жұмсалымы негізінде жүргізіледі;
d. Баға сұраныс пен ұсыныс қатынастарымен реттеледі;
e. Тауарлардың бағасы құнына тең болуы керек.
6. Қоғамға қажетті жұмыс уақыты дегеніміз не?
a. Жұмыстың белсенді жүргізілуі;
b. Өндірістегі өнім бірлігіне кететін уақыт;
c. Тауарды шығарғанда әр жұмысшының еңбек шығынын
анықтайтын уақыт;
d. Тауарды өндіруге кеткен еңбек шығынының жиынтығы;
e. Қоғамдық қалыпты жағдайдағы
өндіріс кезінде тауарды
дайындауға кететін уақыт.
7. Экономикалық санат ретінде ақша дегеніміз не?
a. Бұл алтын мен күміс;
b. Басқа тауарға қарағанда, өзінің құнын көрсететін тауар;
c. Алтынмен бағаланған тауар құны;
d. Жалпы баламаның рөлін атқаратын тауар;
e. Тауардың ерекшелігі.
8. Баға деген түсінікті анықтайтын ақшаның қандай қызметтері
бар?
a.
Жинақтау құралы;
b.
Айналым құралы;
c.
Құн шарасы;
d. Төлем құралы;
38
e. Әлем ақшасы.
9. Ақшаның аталған кызметтерінің
ішінен тек алтын ғана
орындай алады?
a. Қазынаның пайда болу құралы;
b. Айналым құралы;
c. Төлем құралы;
d. Құн шарасы;
e. Әлем ақшасы.
10. Ақша қызметінің қандай қызметі негізінде несие ақшасы
пайда болады?
a. Әлем ақшасы;
b. Құн шарасы;
c. Айналым құралы;
d. Жинақтау құралы;
e. Төлем құралы.
Достарыңызбен бөлісу: