49
шығарылады, сондай-ақ ұсыныс көлемі көбейеді. Ресурстарға бағаны
төмендету ұсынылатын тауарлардың
санын көбейтуге әкеледі; тауар
өндірушілердің саны; салықтар мен субсидиялар. Салықтарды көбейту
ұсынысты азайтады, ал субсидиялар өндірістің кеңеюіне әкеледі.
Ұсыныс заңы тауар бағасы мен нарықтағы оның ұсыныс көлемі
арасындағы тәуелділікті анықтайды. Баға мен ұсыныс көлемінің
арасындағы ұсынылатын өніммен тікелей байланыс бар:
бағаның
көтерілуіне орай, ұсыныс көлемі де өседі және керісінше болуы да
мүмкін.
Ұсыныстың қисығы - тауарды ұсыныс көлеміне өзгерту кестесі
бағаның деңгейіне байланысты.
Ұсыныстың қисығының оң иілуі ұсыныс заңын бейнелейді.
Ұсыныс көлемінің өзгерістері ұсыныс қисығының бойы мен
қозғалыстарды бейнелейді және сатылуға
ұсынылатын тауарлардың
көлемінің өзгерістерін көрсетеді, оған жауап ретінде, басқа да тең
жағдайдағы бағаның өзгерістеріне әкеледі.
Кез-келген бағалы емес
факторлардың өзгеруі кезінде ұсыныс сипаты өзгерістерге ұшырайды,
яғни, ұсыныстардың азаюы кезінде барлық ұсыныстардың қисығының
солға ауысуы, ол өскенде - оңға ауысуы болады. Сатушылар сатқысы
келетін, тауар көлемімен, сатып алушылар алғысы келетін тауар
көлемімен сәйкес келетін тауар бағасы
ойдағыдай болғанда нарықта
тепе-теңдік пайда болады.
Сұраныс пен ұсыныстың төрт ережесі бар:
Сұраныстың көбеюі теңдестірілген бағаның және тауар
көлемінің тепе-теңдігінің де өсуіне әкеледі;
Сұраныстың азаюы теңдестірілген баға мен теңдестірілген
тауар көлемінің төмендеуіне әкеледі;
Тауар ұсынысының өсуі теңдестірілген бағаның төмендеуіне
әкеліп, тауар көлемінің теңдесуін арттырады;
Ұсыныстың қысқаруы теңдестірілген
бағаның көбеюіне
әкеліп, тауар көлемінің тепе-теңдігін азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: