«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет67/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   124
экономика негиздері кітап

 
2 сұрақ. 
Макроэкономикалық аспектіде қоғам қол жеткізуге тырысатын 
төрт басты мақсаттар ерекшеленеді: 
1. Әр түрлі объективті және субъективті факторлардың әсер 
етуімен келетін өзгерістер мен баяу ұлттық ауқымдағы өндірістің 
тұрақты өсуі. 
2. Бағаның тұрақты деңгейі. Баға еркін нарықтық бәсекелестік 
негізінде белгіленеді және өте тез қарқынмен көтерілмейді деп 
болжанады. 
3. Жұмыспен қамтамасыз етілудің жоғары деңгейі. Мамандық 
алғысы келетін және таңдаған мамандығы бойынша жұмысты іздеген 
адамның барлығы оны табады. Сонымен бірге, қызметкерді қандай да 
бір кәсіпорынға міндетті бекіту болмайды. 
Сыртқы саудалық баланстың теңдігін қолдау. Импорт пен 
экспорттың арасындағы салыстырмалы тепе-теңдік болжанады. 
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді сипаттайтын үш негізгі 
топтарға бөлуге болады: 
1. Өндірістің ұлттық көлемі; 
2. Бағаның жалпы деңгейі; 
3. Жұмыспен қамтылу. 
Өндірістің ұлттық көлемінің көрсеткіштері болып табылатындар: 
 Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) ; 
 Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ); 
 Ұлттық табыс (ҰТ). 
ЖҰӨ - бұл оның орналасқан орнына тәуелсіз, осы елдің 
азаматтарының меншігіндегі өндіріс факторымен шығарылған барлық 
тауарлар мен қызметттердің жылдық нарықтық құны. 
ЖІӨ - бұл кімге қарайтынына қарамастан, ұлттық экономиканың 
шекарасында орналасқан барлық өндіріс факторымен өндірілген 
жиынтықты өнім көлемі. 
Атаулы құндағы ЖҰӨ - бұл ағымдағы бағада көрсетілген, 
тауарлар мен қызметтердің өндірістік көлемі. Баға деңгейінің 
тәуелділігінен тыс өндірілген өнім көлемін бағалау үшін базистік деп 
аталатын белгілі бір кезеңдегі уақытта тұрақты бағада есептелетін 
шығарылған тауар мен қызметтердің құны көрсетілетін нақты ЖҰӨ-


106 
нің түсінігі пайдаланылады. Нақты ЖҰӨ - өзгермейтін бағада 
көрсетілген тауар мен қызметтердің өндіру көлемі. 
Сондай-ақ, нақты және әлеуетті ЖҰӨ-ді айыра білу қажет. Нақты 
ЖҰӨ - бұл белгілі бір кезеңде өндірілген өнім көлемі. Әлеуетті ЖҰӨ 
барлық бар өндіріс факторларын ең жоғары пайдалану кезінде 
шығарылуы мүмкін келемін көрсетеді. 
Ұлттық табыс өзінде барлық табыс факторларының сомасын 
көрсетеді (еңбекақы, пайыз, рента, пайдалар). 
ЖҰӨ (ЖІӨ) - өтелім = ТҰӨ (таза ұлттық өнім). 
ТҰӨ - жанама салықтар = Ұлттық табыс. 
Ұлттық табыс - корпорацияның пайдасына салық - әлеуметтік 
сақтандыруға аудару - бөлінбеген пайда + тұрғындарға трансферттік 
төлемдер = жеке табыс. 
Жеке табыс - салықтар мен телемдер = Қолдағы табыс. 
ЖҰӨ-ді есептеудің үш негізгі әдісі бар: 
Табыстар бойынша ЖҰӨ есеп айырысуы-қоғамда құрылған, 
барлық табыстардың сомасы ретінде. Бұл факторлық табыстардың 
(еңбекақы, рента, пайыздар, пайда), жанама салықтар мен өтелімнің 
сомалары. 
ЖҰӨ-нің есебі шығындар бойынша соңғы тұтынудағы қоғамның 
барлық шығындарының сомасы ретінде: тұрғындардың (С) жеке 
тұтыну шығындары, тауар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу 
(О), кәсіпкерлердің инвестициялық шығындары (I) және таза экспорт 
(X) (таза экспорт = экспорт - импорт) - С +1 + X. 
Елдің барлық кәсіпорындарымен шығарылған өнімдердің 
қосымша кұнын жинақтау жолымен ЖҰӨ анықталғанда, өндіріс 
бойынша ЖҰӨ есебі. Бұл өнімнің құны басқа бөлшектері бір емес
бірнеше есептелген кездегі, қайта есептелуді болдырмайды. Жалпы 
ұлттық табыстың көрсеткіштеріне қосымшаға нақты статистикалық 
көрсеткіштер 
болмағанмен 
және 
ешқандай 
әлем 
елдерінде 
есептелмегенмен, 
таза 
экономикалық 
игіліктің 
көрсеткіштері 
қолданылады. Ол американдық экономистер У. Норд-хаус және Дж. 
Тобинмен әзірленген және ел игілігін көтеруге көмектесетін барлығын 
бейнелеуге шақырады: бос уақытты білімді көтеру үшін пайдалану, 
бала 
тәрбиелеу, 
көкөністерді 
консервілеу 
бойынша 
үй 
шаруашылығындағы әйелдің еңбегі және т.б. қоршаған ортаны 
бүлдіру, қалада халықтың көбеюі, рұқсат етілген, бірақ, салық 
салынбайтын қызмет, мысалы, үйді жөндеу, қарды немесе жеке үй 
шаруашылығындағы жапырақтарды жинау және т.б. 
Бағаның жалпы деңгейі — бұл келесі көрсеткіштердің көмегімен 
өлшенетін, тауар мен қызметтің көптеген топтары бойынша олардың 
орташа деңгейі: 
Ағымдағы жыл бағасының индексі пайызда көрсетілген базалық 
жылдың бағасына ағымдағы жылдың бағасының қатынастары болып 
табылады. 


107 
Инфляция деңгейі деп өткен жылмен ағымдағы жылдағы бағаның 
әртүрлілігінің, 
пайызда 
көрсетілген 
өткен 
кезеңдегі 
бағаға 
қатынастары айтылады. 
ЖҰӨ-нің дефляторы - бұл атаулы құндағы ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-
ге қатынасы. Бұл жыл ішіндегі барлық соңғы тауарлар мен 
қызметтердің бағасындағы өзгерістерді көрсететін, баға индексі. 
Жұмыспен қамтамасыз етілу көрсеткіштері: 
1. Жұмыс күші (жұмыспен қамтылғандар санына жұмыссыздарды 
қосқанда); 
2. Жұмыссыздықтың мөлшері (пайызда көрсетілген жұмыс 
күшінің санына жұмыссыздардың жалпы санының қатынастары). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет