Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар мен дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету шаралары. Саяси дағдарысты басқару процесі



бет5/6
Дата08.02.2024
өлшемі478.59 Kb.
#491389
1   2   3   4   5   6
1 дәріс

1998 жыл

1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің алдағы даму белестерін ай­қын­дайтын «Қазақстан-2030» даму Стра­тегиясын бекітті. Стратегияны жүзеге асыру үшін кезең-кезеңге межеленген бір­қатар басымдық айқындалды. Алайда 1998 жылы бой көрсеткен Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысы – еліміздің тәуелсіздік тари­хындағы күрделі кезең болды. Ол дағ­дарыс тек дамыған емес, жаңа қалыптасып келе жатқан нарықтарға да ауыр соққы бо­лып тиді. Соның ішінде Қазақстанның да жалпы ішкі өнімінде жағымсыз рөл ат­қар­ды. Осы тұста елордамызды Алматыдан Ақ­молаға көшіру туралы бастама тал­қыланып жатқан-ды. Ал аталған қиындықтар мен кемші­лік­терді жою үшін 1999 жылдан бастап Үкімет елдің өнеркәсібін жандандыруда бірсы­пы­ра шараларды іске асырды. Жеңіл өнер­кәсіпті дамыту бағдарламасы жасалып, химия өнеркәсібі мен машина жасау сала­сын дамыту бағдарламасы тиянақталды. Нәтижесінде, 1999 жылы мұнай-газ өн­діру, металлургия, химия, полиграфия жә­не тоқыма-тігін өнеркәсіптерінде өнім­нің өсуіне қол жеткізілді. Жыл соңында жал­пы өнім өндіру 1 пайызға, ал өндіріс көле­мін арттыру 1,8 пайызға өсті. Елдің ал­тын қоры 2 миллиард долларға жетті.

2008 жыл

Кеңес Одағының ыдырауынан, Оңтүс­тік-Шығыс Азия дағдарысынан кейінгі тәуелсіз Қазақстан басындағы ең үлкен күйзеліс – АҚШ ипотекалық нарығынан бастау алып, әлемдік деңгейде алапат тол­қын тудырған 2008 жылғы жаһандық қар­жы дағдарысы. Құрылыс индустриясын қарқынды дамыта бастаған біздің ел үшін ол оңай болған жоқ. Құрылыс саласынан кейін банктік-қаржылық жүйе де біраз әлсіреп қалды. Әрине, ел экономикасына төнген жаһандық қауіпті еңсерудегі 10 жыл бұрынғы тәжірибе ескеріліп, ол жолы да тұңғиық толқынына төтеп бере алдық. Дереу қаржылық-экономикалық жүйені құл­дыратпау, экономика секторларын қолдау бағытында Үкіметтің тұрақтандыру жоспары бекітілді. Ал 2010 жылы дағдарыс салқынын еңсеруді одан сайын түгесіп, даму сатысына өту мақсатында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Экономикалық даму және сауда министр­лігінің дерегіне сүйенсек, ең дағдарысты болып саналатын 2008-2009 жылдардың өзінде ЖІӨ-нің төмендеуін емес, өсімін қамтамасыз етіппіз. Атап айтқанда, ЖІӨ 2008 жылы 3,2 пайызға артса, әлемдік күйзелістің шарықтау шегі саналатын 2009 жылы 1,2 пайыздық өсімді көрсетті. Сөй­тіп, 2010 жылы ЖІӨ 7 пайызға өсіп, сол сәтте ғана дағдарыстан кейінгі экономи­каның қалпына келу белгісі көрінді. Өнер­кә­сіптік өндіріс 10,5 пайызға жоғарылап, жұмыссыздықты жою мақсатында 100-ге жуық жаңа кәсіпорын ашылды. Әрине, ол кезде жоғарыдағы жетістік­тер­дің бәрі бірден қалпына келе қоймағаны анық. Мамандардың есебінше, 2009 жылы 10 компания бағалы қағаздар жөніндегі мін­деттемелерін орындамаған, 642 кәсіп­орын жұмысын тоқтатқан, ресми жұмыс­сыз­дық 7 пайызға жеткен. Республика бойын­ша өндіріс көлемі де төмендеген. Өйт­кені АҚШ-тан басталған қаржылық жетіс­пеушілікті көлемі жағынан 30-жыл­дар­дағы ұлы депрессиямен салыстыруға бола­ды екен. Тіпті, 2009 жылы әлемдік ЖІӨ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі те­рі­с динамиканы көрсеткен. Жұмыс­сыз­дық­тың өсуі 199 миллион адамды құрап, еңбек нарығының тарихында рекордтық санға айналыпты. Міне, ондайда «жаң­быр­дың астынан құрғақ шығу» мүмкін емес еді. Ел билігі ұстанған сындарлы сая­сат пен халықтың сарқылмас сабыры­ның арқасында ішкі нарықты реттеп, экономиканың сыртқы салдарын да сал­қынқандылықпен қабылдай білдік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет