«эксимбанк қазақстан» акционерлік қОҒамының



Дата26.02.2016
өлшемі85.05 Kb.
#27675


 




«ЭКСИМБАНК ҚАЗАҚСТАН»

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ

БІРІНШІ ОБЛИГАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШЕГІНДЕ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ ҮШІНШІ

ШЫҒАРЫЛЫМЫНЫҢ ПРОСПЕКТІСІ



Алматы, 2008 жыл

Облигациялардың осы шығарылымы Қазақстан Республикасының қаржылық нарық және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігімен 2006 жылғы 12 қазанда № С29 тіркелген «Эксимбанк Қазақстан» Акционерлік Қоғамының (бұдан ары-Эмитент) облигациялық бағдарламасының проспектісіне сәйкес жүзеге асады.


2. Облигациялық бағдарлама туралы мәлімет:
облигациялық бағдарламаның проспектісін мемлекеттік тіркеген күні – 12 қазан 2006 жыл,

облигациялық бағдарламаның көлемі – 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге,

облигацияларды шығарудың реттік номері – облигациялардың үшінші шығарылымы,

облигациялардың бұрынғы шығарылымдары туралы мәлімет:

  • бағдарламаның шегіндегі бірінші шығарылым 2006 жылғы 12 қазанда № С29-1 тіркелген, шығарылған облигациялар саны 100 000 000 (жүз миллион) дана, шығарылымның номиналды құны бойынша көлемі 10 000 000 000 (он миллиард) теңге, орналастырылған облигациялардың саны 100 000 000 дана.

  • бағдарламаның шегіндегі екінші шығарылым 2007 жылғы 28 мамырда № С29-2 тіркелген, шығарылған облигациялар саны 100 000 000 (жүз миллион) дана, шығарылымның номиналды құны бойынша көлемі 10 000 000 000 (он миллиард) теңге, орналастырылған облигациялардың саны 147 250 496 дана.


3. Шығарылымның құрылымы:
1) облигациялардың түрі - купонды, қамтамасыз етусіз;

2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымының жалпы көлемі
шығарылатын облигациялардың саны - 100 000 000 (жүз миллион) дана;

облигациялар шығарылымының жалпы көлемі - 10 000 000 000 (он миллиард) теңге;



3) бір облигацияның номиналды құны 100 (жүз) теңге;

4) облигациялар бойынша келесілерді көрсету арқылы сыйақы:

облигациялар бойынша сыйақының мөлшерлемелері – айналымның бірінші жылында облигацияның номиналды құнынан 13%;

айналымның екінші жылынан бастап облигациялар бойынша купонды сыйақының мөлшерлемесі: r=i+m формуласы бойынша анықталатын қайта қаржыландырудың мөлшерлемесіне тәуелді, бұнда

r – купонды мөлшерлеме;

i – кезекті купонды сыйақыны төлеу күніне дейін толық бір ай бұрынғы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен белгіленген қайта қаржыландырудың мөлшерлемесі;

m – 2 % (екі пайыз) жылдық көлеміндегі белгіленген маржа.

Купонның ең жоғарғы мәні - 15% жылдық


Сыйақыны есептеу басталатын уақыты – облигациялардың айналымы басталатын күннен. Облигациялардың айналымының басталатын күні, облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеген күннен 10 (он) күнтізбелік күн өткеннен кейінгі күн болып табылады.
Сыйақыны төлеудің мерзімділігі және күндері – облигациялар бойынша сыйақыларды есептеу, облигациялардың айналымы басталған күннен бастап айналымның барлық кезеңі ішінде жүргізіледі және облигациялардың өтелу күнінің алдындағы күні аяқталады. Сыйақыларды есептеу жылына екі рет, жылына 360 (үш жүз алпыс) күн және айына 30 (отыз) күнмен есептелген уақыт кезеңімен, сәйкесінше айналымның барлық мерзімі ішінде әр алты ай сайын теңгемен жүргізіледі.
Төлемнің тәртібі және шарттары – сыйақыларды төлеу төлем жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінен бастап, сыйақыларды алуға құқығы бар, облигацияларды ұстаушылардың ағымдағы шоттарына ақшаларды аудару арқылы жүргізіледі. Сыйақыларды төлеу облигациялар бойынша сыйақыларды алуға құқығы бар, облигацияларды ұстаушылардың тізілімін белгілеген күннің артынан келетін күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі.

Облигациялардың ұстаушысы тұрақты құрылған Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын жағдайда, купондық сыйақының және негізгі қарыздың төлемі Қазақстан Республикасының аумағында банктік шоты болған кезде қазақстандық теңгеде жүзеге асырылатын болады. Инвестордан сәйкесінше сұрау салуды алған кезде теңгедегі сыйақының сомасы Банкпен белгіленген бағам бойынша басқа валютаға айырбасталуы мүмкін. Айырбас облигациялардың меншік иесінің есебінен жүргізіледі. Барлық төлемдер – сыйақыларды төлеу және облигацияларды өтеу Банкпен қолма-қолсыз төлем тәртібінде жүзеге асады.


Сыйақыларды есептеу үшін қолданылатын уақыттың кезеңі – купонды сыйақының төлемі жылына 360 күн / айына 30 күн болатын уақыт кезеңінің есебімен жүргізіледі.
Индекстелген облигацияларды шығару кезіндегі есептесулер тәртібі – бұл шығарылым облигациялары индекстелген болып табылмайды.
5) облигациялардың айналымы және өтелуі туралы мәлімет:
Айналымның мерзімі - айналымның басталған уақытынан бастап 7 (жеті) жыл.

Оларды өтеудің шарттарыөтеу облигациялар бойынша соңғы купонды бір уақытта төлеу арқылы номиналды құны бойынша жүзеге асады. Облигацияларды өтеу осы төлем жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінен бастап, облигацияларды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеушімен тіркелген облигацияларды ұстаушылардың шотына ақшаларды аудару арқылы жүзеге асады. Номиналды құнын және облигациялар бойынша соңғы купонды төлеу облигацияларды номиналды құны бойынша алуға құқығы бар, облигацияларды ұстаушылардың тізілімін белгілеген күннің артынан келетін күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күнінің ішінде теңгемен жүргізіледі.

Облигацияларды өтеудің уақыты - айналым басталған уақыттан бастап 7 (жеті) жылдан кейін.

Облигацияларды өтеу жүргізілетін орын

Облигацияларды өтеген кездегі номиналды құнын төлеу және облигациялар бойынша сыйақыны төлеу Банктың орналасу орны бойынша жүргізіледі (Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050012 Бөгенбай батыр көш., 80)



Облигацияларды өтеудің тәсілі

Негізгі қарыздың сомасын өтеу облигацияларды және соңғы облигациялар бойынша сыйақыны төлеу ұстаушылардың тізілімінің деректеріне сәйкес облигацияларды ұстаушылардың ағымдағы шотына аудару жолымен жүзеге асады.


6) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және басқа да қамтамасыз етілген облигацияларды шығару кезінде):

Облигациялардың шығарылымы қамтамасыз етілмеген болып табылады.


7) облигацияларды ұстаушылардың өкілі туралы мәлімет

Облигациялардың шығарылымы қамтамасыз етілмеген болып табылады. Ұстаушылардың өкілі жоқ.


8) тіркеуші туралы мәлімет

«ҚАЗРЕЕСТР» Акционерлік қоғамы («ҚАЗРЕЕСТР» АҚ); мекен-жайы: 050022, Алматы қ., Қазыбек Би көш., 50, оф. 18, (327) 259 08 64; Қазақстан Республикасының қаржылық нарық және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігімен 03.02.2006ж. берілген лицензия № 0406200469; Тізілімді жүргізу туралы 09.02.2007 ж. келісім-шарттың № 012-02/07-АҚ.



9) облигацияларды орналастыруға қатысатын ұйымдар туралы мәліметтер

Банк өз облигацияларын дербес орналастыруға, сондай-ақ орналастырудың барысында басқа андеррайтерлерді тартуға құқылы.


10) төлеу агенті туралы мәлімет

Табысты және облигацияларды өтеу кезіндегі номиналды құнын төлеу Банкпен, облигацияларды ұстаушылардың шоттарына ақша қаражаттарын аудару жолымен дербес жүзеге асады.



11) облигацияның өзінің ұстаушысына ұсынатын құқығы:


  • номиналды құнын алудың құқығы;

  • сыйақыны алудың құқығы;

  • Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған тәртіпте өзінің талаптарын қанағаттандырудың құқығы;

  • облигацияларды еркін сату немесе басқадай тәсілмен иеліктен шығарудың құқығы;

  • облигацияға меншік құқығынан туындайтын басқа да құқықтар.


12) өтеудің шарттары:

Мерзімінен бұрын өтеу

  • Банктың Директорлар кеңесі облигациялар бойынша негізгі қарызды мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімді қабылдаған кезде Банк осы процедураны жүргізудің күніне екі ай қалғанда осы облигациялардың ұстаушыларына, «Қазақстанның қор биржасы» АҚ ақпараттық сайтында хабарлау және бұқаралық ақпарат құралдарында «Казахстанская Правда» газетінде жариялау арқылы облигацияларды сатып алудың шарттары, мерзімдері және тәртібі туралы хабарлайды.

  • облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу облигациялардың номиналды құны мен соңғы сыйақыны төлеу үшін тізілімде белгілеген күннен соң келетін күннен кейінгі 10 күнтізбелік күннің ішінде ақшаларды аудару жолымен соңғы жинақталған купонды сыйақыны бір уақытта төлеу арқылы номиналды құны бойынша теңгемен жүзеге асады.

  • облигацияларды мерзімінен бұрын өтеген кездетөлем жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінде облигацияларды ұстаушылардың тізілімінде тіркелген тұлғалардың номиналды құнын және соңғы сыйақыны алуға құқығы бар.

  • егер инвестор Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын жағдайда, облигацияларды өтеу, Қазақстан Республикасының аумағында банктік шоты болған кезде теңгеде жүргізілетін болады. Теңгедегі соманы басқа валютаға айырбастау инвестордың есебінен жүргізіледі;


13) мерзімінен бұрын сатыпалу:

Эмитент инвесторлармен келісімге келген кезде, ары қарай басқа инвесторларға сатудың мақсатымен облигацияларды ұйымдасқан және ұйымдастырылмаған нарықтарда сатып алуға құқылы. Мәміленің бағасы мәмілені жасасудың сәтінде қалыптасқан нарықтық жағдайларды ескере отырып анықталады.


14) облигацияларды орналастырудан түскен ақшаларды пайдалану туралы мәлімет:

Облигацияларды шығару мен орналастырудан түскен қаражаттар Банктың экономиканың нақты секторындағы ірі кәсіпорындарды, сондай-ақ шағын және орта бизнесті несиелеу саласындағы қызметін белсенді етуге бағытталады.



4. Опциондар туралы ақпарат:

Опциондар көзделмеген.



5. Айырбасталатын облигациялар:

Айырбасталатын облигациялар көзделмеген.



6. Облигацияларды орналастырудың тәсілі:
1) облигацияларды орналастырудың мерзімі және тәртібі:

Облигацияларды орналастыру облигациялардың шығарылымын тіркеген күннен бастап облигациялардың барлық айналым мерзімінің ішінде жүзеге асады:



  • ұйымдасқан нарықта: облигацияларды орналастыру «Қазақстанның қор биржасы» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асады;

  • ұйымдаспаған нарықта: облигацияларды орналастыру жазылуды жүргізу жолымен жүзеге асады.

2) акцияларға айырбасталатын облигацияларды жазылу жолымен орналастыру кезінде айырбастаудың шарттары көрсетіледі;

Акцияларға айырбасталатын облигациялар көзделмеген.



3) облигациялардың төлемінің шарттары және тәртібі:

облигациялар ақшамен қолма-қолсыз төлем түрінде төленеді. Жеке тұлғалар облигацияларды қолма-қолсыз төлем түрінде да, сонымен бірге Банктың кассасы арқылы кассалық ордерді ресімдеу жолымен қолма-қол ақшамен де төлей алады.

Облигацияларды жазылу жолымен орналастырған кезде облигацияларды төлеудің тәртібі және шарттары Банктың инвестормен жасасатын облигацияларды сатып алу-сату келісім-шарттарында ескеріледі.

Басқарма Төрағасы Е.А. Амирханов


Бас бухгалтер Н.Г. Ример
МО




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет