Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық


Юань әулеті (1271-1368) тұсындағы Қытай



бет31/59
Дата25.03.2023
өлшемі444.5 Kb.
#471080
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
востокказ

30.Юань әулеті (1271-1368) тұсындағы Қытай.
Қытайға моңғолдардың шабуылдары. Юань әулеті билігінің орнауы. Юань әулеті кезіндегі ішкі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай. Моңғол үстемдігіне қарсы халық көтерілістері мен түрлі құпия ұйымдардың әрекеті. Моңғол үстемдігінің құлатылуы.
31.Цин империясы (1644-1911жж). ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы маньчжурлық Цин империясы.
Қытайда маньчжур үстемдігінің орнауы. Цин билеушілерінің көрші елдерге қарсы жаулаушылық соғыстары және Қытай шекарасының кеңеюі. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Цин империясының әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылысы. Орыс-қытай қатынастарының дамуы. Батыс державаларының енуі қарсаңындағы Қытай. (XVIII ғ. 90-жылдары – XIXғ. 40-жылдары). Цин тәртібінің әлсіреуі. Цин үстемдігіне қарсы құпия ұйымдар қозғалысы мен халық көтерлістеріні санының артуы.
32. XIX ғ. Цин империясы. «Жабық есік» саясатының күйреуі. Батыс державаларының отарлық саясаты және тең емес келісімдер.
Қытайдың әлемдік саяси, экономикалық және рухани үдерістерге тартылуы. Ағылшындардың Қытай жөніндегі саясатының белсенділігі. Апиын саудасы және оның зардаптары. Бірінші (1840-1842 жж.) және екінші (1856-1860 жж.) "апиын" соғыстары. Қытайдың еуропалық державалармен әділетсіз тең емес келісім шарттарға қол қоюы және олардың Қытайды "ашу" мақсатында жүргізген кең көлемді әрекеті.
1850-1864жж. Тайпиндер көтерілісі. Хун Сюцюан басшылғымен «Тайпин тяньго» билеушілерінің жүргізген әлеуметтік-экономикалық саясаты. Тайпиндердің жеңілу себептері.
Цин билеушілерінің 1860-1895 жж. "өзін-өзі күшейту" саясаты. Әскери күшті нығайту жолында атқарылған шаралар. 1884-1885 жж. француз-қытай соғысы. 1894-1895жж. қытай-жапон соғысы және «Өзін-өзі күшейту саясатының күйреуі.
1895-1898 жж. Қытайдағы реформаторлық қозғалыс. Кан Ювэй және серіктестерінің мемлекетті қайта құруд жөніндегі көзқарастары. Император Гуан Сюйдің "Реформаның жүз күні". Реакцияшыл Цыси тобының төңкерісі және реформаторлық қозғалыстың жеңіліске ұшырауы.
33. XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Цин империясы және елдегі дағдарыстың өршуі.
1898-1901 жж. ихэтуандер көтерілісі. Маньчжур билеушілерінің көтерілісшілерге қатысты ұстанған саясаты. 1900 жылы батыс державаларының Қытайға қарсы интервенциясы. Ихэтуаньдардың жеңілуі.
Цин сарайының "Жаңа саясаты". Мемлекеттік құрылымды батыстық үлгіде қайта құру әрекеттері. Конституциялық монархия құруды қолдаушылардың артуы. Империядағы дағдарыстың өршуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет