Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің № хаттамасымен бекітілген «6D072300 – техникалық физика»



Дата28.06.2016
өлшемі72.13 Kb.
#163732
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен



бекітілген



«6D072300 – ТЕХНИКАЛЫҚ ФИЗИКА» мамандығы бойынша

PhD ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ

БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Бағдарлама «6D072300 – Техникалық физика» мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған.

Бағдарламаны құрастырушылар: ф.-м.ғ.д., профессор Асқарова А.С., проф. Болегенова С.А.

Бағдарлама теориялық және ядролық физика кафедрасының мәжілісінде қарастырылды

2012 ж. «29» мамыр38 Хаттама

Кафедра меңгерушісі ____________________ Болегенова С.А.

Факультеттің әдістемелік Кеңесі құптады

2012 ж. «31» мамыр № 6 Хаттама

Әдістемелік бюро төрағасы ________________Габдуллина Г.Л.

Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

2012 ж. «2» маусым № 9 Хаттама

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы Давлетов А.Е.

Ғалым хатшы Джумагулова К.Н.



МАЗМҰНЫ
1.Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

Мамандық бойынша түсу экзаменнің мақсаты мен мәселесі докторантураға түсу емтиханы студенттің «6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаны меңгеруге дайындық деңгейін көрсетеді. Түсу емтихандарының жүргізілуі мақсаты бітірушілердің кәсіби дайындығының ғылыми деңгейін жаң-жақты бақылау болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді орындау қажет:


  • Нақты және ғылыми пәндерді кешенді және жүйелі оқу;

  • Өзіндік ғылыми – теориялық сараптау тәжірибесін қалыптастыру;

  • Физиканы үйрену әдістемесін меңгеру;

  • Педагогикалық және ғылыми – зерттеу әдіскерлігін жетілдіру;

«Түсу емтиханының формасы – арастырылған жазбаша – ауызша емтихан». Емтихан тапсырушы жауап қағазына емтихан билетінің жауаптарын жазады да, емтихан алушы комиссияға ауызша жауап береді. Апелляциялық жағдай болып жатса, қайтадан қарастыруға жауап парағындағы жазбаша жауаптар негіз болады.
2. PhD доктарантураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

«6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша докторантураның білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетін тұлғалардың алдын ала минималды білім алу деңгейі – МАГИСТРАТУРА

Тапсырушыларға қойылатын талаптар:



  • Магистратура бағдарламасында өз мамандығындағы оқу - үйрету әдістемесі шеңберіндегі фундаменталды және қосымша сұрақтарға еркін жауап беруге;

  • Ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері туралы мағлұматтарды білуге;

  • Физикалық құбылыстар мен процесстердің заманауи тәжрибелік, теориялық және сандық әдістемелерін; физиканың өзекті мәселелерін білуге

міндетті.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері

  1. Реологиялық сұйықтардың жылуфизикасы – 3 кр.

  2. Өткізетін ортаның жылуфизикасы – 3 кр.

  3. Қазіргі заманның негізгі принципі – 3 кр.


4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Реологиялық сұйықтардың жылуфизикасы»

  1. Ньютон сұйығына сәйкес емес реологиялық сұйықтардың классификациясы.

  2. Бингам-Шведовтың пластиктерінің реологиялық қасиеттері.

  3. “Дәрежелі сұйықтың ” реологиялық қасиеттері.

  4. Тиксотроптық және реопектиктік сұйықтар.

  5. Тұтқырсерпімді материалдар. Максвелл моделі.

  6. Тұтқырсерпімді материалдар. Фойхт моделі.

  7. Бингам-Шведовтың пластиктерінің сипаттамаларын ротациялық вискозиметрдің көмегімен экспериментте анықтау.

  8. “Дәрежелі сұйықтың” сипаттамаларын ротациялық вискозиметрдің көмегімен экспериментте анықтау.

  9. Конус-пластина типтес вискозиметр.

  10. Капилляр түтікті вискозиметр.

  11. Стационар емес реологиялық сұйықтарды зерттеу әдістері.

  12. Тұтқырсерпімді материалдарды эксперименттік зерттеу.

  13. Ньютон сұйығына сәйкес емес сұйықтардың түтікпен ағысы.

  14. Сақиналы түтіктегі реологиялық сұйықтардың ағыс.

  15. Түтіктегі ламинарлық ағыстағы жылу алмасу.

  16. Реологиялық сұйықтың шекаралық қабаты.

  17. “Дәрежелі сұйықтың ” шекаралық қабатының теңдеулерінің автомодельдік өңдеуі.

  18. Шекаралық қабаттың дәрежелік үлестірілуі. Сыртқы шекарадағы жылдамдықтар.

  19. Сынаны айнала ағу.

  20. Біртекті сұйық ағынмен жазық өтімді пластинаны айнала өту.


«Өткізетін ортаның жылуфизикасы»

  1. МГД негізгі теңдеулері, олардың қарапайым түрі

  2. МГД теңдеуінің жалпы шешу әдісі

  3. МГД – ағыншасының индукция теңдеуі

  4. Сұйықтың өткізгіш ағыншасының есептегі шекаралық шарты

  5. МГД процестерінің ұқсастығы

  6. Магнит өрісінің сақталуы

  7. Кіші ұйтқу теңдеуі

  8. Өткізгіш ортадағы кіші ұйтқудың теңдеуі

  9. Кіші амплитуданың Альфвен толқыны

  10. МГД-дағы айырымды ағынша

  11. Қабатты ағынша үшін МГД негігі теңдеуі және олардың жалпы шешу әдісі

  12. Гартман есебі. Жылдамдық өрісі. Орташа және максималды жылдамдық. Гартман санының кіші және үлкен жағдайының шектелуі

  13. Гартман есебі. Канал жұмысының әртүрлі режимі

  14. Индуцировтік токтың және инуцировтік магнит өрісінің шешімі

  15. Сұйықтың Гартман каналындағы қозғалыс кедергісі

  16. Индукциясыз жуықтаудың шекаралық қабаты-МГД теңдеуі

  17. МГД теңдеуінің автомодельді түрі- шекаралық қабаты.

  18. МГД – Блазиус есебі

  19. МГД-дағы ағыстың ағыншалары



«Қазіргі заманның негізгі принципі»

  1. Еркін бөлшектің Лагранжан функциясы. Координаттарды және жылдамдықтарды жалпылау. Циклдік координаттар. Лагранж теңдеуі. Қолдану мысалдары.

  2. Еркін бөлшектің Гамильтон функциясы. Координаттарды және жылдамдықтарды жалпылау.

  3. Ең аз әсер ету принципі. Гамильтон теңдеуі. Қолданылу мысалдары.

  4. Координат және уақыт функциясы сияқты әсер. Импульс және энергиямен байланыс.

  5. Гамильтон-Якоби теңдеуі. Айнымалыларды ажырату әдісі. Якоби теоремасы. Бөлшектердің еркін қозғалысы туралы есептерді шешу.

  6. Электромагнитті әсерлесудің классикалық теориясы – электродинамика. Максвелл теңдеулері.

  7. Тежелетін потенциял. Электромагнитті өрістегі заряд.

  8. Арнайы салыстырмалық теория. АСТ принциптері. Галилей түрлендірулерінің принциптері. Лоренц түрлендіруі. Релятивистік эффекттер.

  9. Интервал. Метрикалық тензор. АСТ – дағы төрт өлшемді өлшемдері.

  10. Жалпы салыстырмалық теория – гравитациялық әсерлесудің теориясы. Эйнштейн теңдеуі.

  11. Шварцшильд есебі. Физикалық мағынасы. Мысалдар келтіру.

  12. Кванттық механиканың принциптері. Гейзенберг анықталмағандық принципі. Қосымшалық принципі.

  13. Паули принципі. Толқындық функция. Суперпозиция принципі.

  14. Клейн-Гордон-Фок теңдеуі. Дирак теңдеуі.

  15. Спинорлар, спин және статистика. Симметрилы бөлшектер топтары. Изотоптық спин.

  16. Калибрлік инварианттылық. Калибрлік өріс.

  17. Калибірлік өріс сияқты кванттық электродинамика.

  18. Калибрлік өріс сияқты кванттық хромодинамика.

  19. Космологиялық припцип. Хаббл заңы. Ғарыштық фондық микротолқынды сәулелену.

  20. Ғаламның кеңею үлгісі. Үлкен жарылыс. Ғаламның пайда болуының алғашқы этаптары. Ғаламның үдемелі кеңеюі. Лямбда бөлік.


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет:

  1. А.С.Аскарова, С.А.Болегенова, В.П.Кашкаров, И.В.Локтионова. Теплофизика реологических жидкостей. Учебное пособие для магистрантов. Алматы: КазНУ им.аль-Фараби, 2004. – 146 с.

  2. А.С.Аскарова, В.П.Кашкаров, Е.И.Лаврищева, И.В.Локтионова. Теплофизика проводящих сред. Учебное пособие для магистрантов. Алматы: КазНУ им.аль-Фараби, 2004. – 179 с.

  3. Шульман З.П., Берковский Б.М. Пограничный слой неньютоновских жидкостей. – Минск. Наука и Техника, 1966. – 238 с.

  4. Шульман З.П. Конвективный тепломассоперенос реологически сложных жидкостей. –М. Энергия. 1975. – 352с.

  5. Астсрита Дж., Маруччи Дж. Основы гидродинамики неньютоноских жидкостей. –М. «Мирң. 1978. – 310с.

  6. Кашкаров В.П. Учебное пособие «Гидродинамика неньютоновских жидкости», 120 с., КазГУ, Алматы,1988

  7. Кашкаров В.П. Магнитная гидродинамика. Учебное пособие. Алма-Ата,1989.-121 с

  8. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Электродинамика сплошных сред. Изд. 2-е, М.: Наука, 1982. - 624 с.

  9. Новиков И.И. Прикладная магнитная гидродинамика.М.: Атомиздат, 1969.- 360с.

  10. Куликовский А.Г., Любимов Г.А. Магнитная гидродинамика. М.:ФМЛ, 1962.-248 с.

  11. Шерклиф Дж. Курс магнитной гидродинамики. М.: Мир, 1967. - 320 с. Я.Б.Зельдоваич,

  12. Бай -Ши -И. Магнитная гидродинамика и динамика плазмы. М.: Мир,1964. - 302с.

  13. Саттон Дж., Шерман А. Основы технической магнитной гидродинамики. М.: Мир, 1968. 492 с.

  14. Щербинин Э.В. Струйные течения вязкой жидкости в магнитном поле. Рига: Зинатне, 1973. - 304 с.

  15. Блум Э.Я., Михайлов Ю.А., Озол Р.Я. Тепло -и массообмен в магнитном поле. Рига: Зинатне, 1980. - 365 с.

  16. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Механика. Т. 1. М., 2004

  17. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Теория поля. Т. 2. М., 2003

  18. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Квантовая механика нерелятивистская теория. Т. 3.  М., 2004

  19. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Квантовая электродинамика. Т. 4.  М., 2002

  20. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Статистическая физика. Т. 5. М., 2002



Қосымша әдебиет:

  1. Шлихтинг Г. Теория пограничного слоя. М.: Наука, 1974. - 712 с.

  2. Лойцянский Л.Г. Механика жидкости и газа. М.: Наука, 1970. - 904 с.

  3. Вулис Л.А. Джаугаштин К.Е. Полуограниченная струя проводящей жидкости. // Магнитная гидродинамика, 1965, 4, с. 67-74.

  4. Кашкаров В.П. Тепло -и массообмен в струях вязкой жидкости. А-Ата: Наука, 1984. - 276 с.

  5. Андерсон Д., Таннехилл Дж., Плетчер Р. Вычислительная гидромеханика и теплообмен. М.: Мир, 1990. - 728 с.

  6. Уилкинсон У.Л. Неньютоновские жидкости.-М.: Мир, 1964.- 216 с.

  7. Райнер М. Реология.- М.: Наука, 1965.- 224 с.

  8. Прагер В. Введение в механику сплошных сред.- М.: ИЛ, 1963.- 312 с.

  9. Лойцянский Л.Г. Мехханика жидкости и газа.-М.: Наука, 1987.- 840 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет