Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің № хаттамасымен бекітілген «6М030200 – халықаралық ҚҰҚЫҚ»



Дата29.06.2016
өлшемі266.15 Kb.
#165357
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен



бекітілген




«6М030200 – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012

Бағдарлама «6М030200 – Халықаралық құқық» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар з.ғ.д., профессор Айдарбаев С.Ж., з.ғ.к., доцент Мәшімбаева Г.А., з.ғ.к., доцент Сайрамбаева Ж.Т.


Бағдарлама кафедра халықаралық құқық мәжілісінде қарастырылған.

2012 ж. 24 сәуір №34 Хаттама

Кафедра меңгерушісі__________________ Айдарбаев С.Ж.

Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

2012 ж. 25 сәуір №10 Хаттама

Әдістемелік бюро төрайымы __________________ Кәріпбаева Г.Ә.

Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

2012 ж. 26 сәуір №9 Хаттама

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы __________________ Шәкіров К.Н.

Ғалым хатшы __________________ Омарова М.А.



МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері: «6М030200-Халықаралық құқық» мамандығы бойынша емтихан тапсырушылардың магистратурада оқу және «Халықаралық құқық саласындағы магистр» академиялық дәрежесін алуға қажетті білімдері, машықтары, ойды анық және дәйекті жеткізе білу қабілеттерін, сонымен қатар, аналитикалық қабілеттерін айқындау.

Емтихан қабылдау тәртібі: жазбаша емтихан. Тапсырушылар емтихан билетінің сұрақтарына өз жауаптарын жауап парақтарына жазады, емтихан комиссиясы жауап парақтарын шифрленген түрде тексереді.
2. Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар: үміткерлер халықаралық жария құқықтың жалпы және ерекше бөлімі, халықаралық жеке құқық, соның ішінде халықаралық азаматтық іс жүргізу салаларында терең және жақсы білім нәтижелерін көрсетулері қажет. Сонымен бірге, емтихан тапсырушы халықаралық әмбебап құжаттарды және ҚР халықаралық қызметінің шарттық құқықтық негізін талдауға ерекше назар аударуы қажет.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері: үміткерлердің келесі пәндерді алдын-ала игергендігі талап етіледі:

Мемлекет және құқық теориясы

ҚР және шетелдік мемлекеттердің қылмыстық құқығы

ҚР және шетелдік мемлекеттердің азаматтық құқығы

Халықаралық жария құқық

Халықаралық жеке құқық



4. Емтихан тақырыптарының тізімі:
«Халықаралық жария құқық» пәні

1. Қазіргі халықаралық құқықтың түсінігі мен табиғаты. Халықаралық жүйенің түсінігі және компоненттері. Мемлекетаралық жүйедегі саясат, құқық және күш. Халықаралық құқық және халықаралық жүйеде әрекет ететін басқа да әлеуметтік нормалар. Халықаралық құқық жүйесінің ерекше сипаты, оның ұлттық құқық жүйелерімен салыстырғандағы ерекшеліктері. Халықаралық жария құқықтың түсінігі, пәні және әдістері. Халықаралық құқықтың объективтік негізі. Халықаралық құқықтың функциялары. Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық. Халықаралық-құқықтық реттеудің түсінігі, әдісі және механизмі. Халықаралық құқықтың тиімділігін арттыру мәселесі. Халықаралық құқық және заманауи ғаламдық проблемалар.

2. Халықаралық құқық пен оның ғылымының тарихы. Халықаралық құқықтың пайда болуы және оның тарихын кезеңге бөлу мәселесі. Ежелгі заманның халықаралық құқығы. Орта ғасырлардың халықаралық құқығы. Халықаралық құқық ғылымының пайда болуы және дамуы. Халықаралық құқық ғылымының негізін қалаушысы Гуго Гроций және оның ізбасарлары. Жаңа дәуірдің халықаралық құқығы. Классикалық халықаралық құқықтың қалыптасуы және дамуы. Ұлттар Лигасы дәуірінің халықаралық құқығы. БҰҰ құрылу тарихы. БҰҰ Жарғысы қазіргі халықаралық құқықтың негізгі құжаты ретінде. "Қырғи қабақ" соғыс жағдайындағы халықаралық құқықтың дамуы. Отарсыздану процессі. ҒТР және оның халықаралық құқықтың дамуына әсері. Қазақстан тарихындағы халықаралық құқық.

3. Халықаралық құқықтың жүйесі және қайнар көздері. Халықаралық құқық жүйесінің түсінігі және негізгі элементтері. Халықаралық құқықтың құрылымы. Халықаралық құқық нормалары және олардың классификациясы. Халықаралық құқықтың институттары мен салалары. Халықаралық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен түрлері. Халықаралық шарт және әдет-ғұрып, олардық арақатынасы. Құқықтық нормаларды айқындаудың көмекші құралдары. Мемлекеттердің бір жақты мәлімдемелері. Ұлттық заңнаманың экстерриториялық әрекет етуі. Өркениетті ұлттар таныған құқықтың ортақ қағидалары. Халықаралық конференциялардың актілері. Халықаралық құқық шығарудағы қауымдастық және доктринаның ролі. Халықаралық құқықтық кодификациясы және прогрессивті дамуы.

4. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының түсінігі мен жүйесі. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының тарихи негізділігі. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын бекітуші құжаттар. Негізгі қағидалардың қалыптасуы, дамуы және нормативтік мазмұны. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының арақатынасы және диалектикалық байланысы. Халықаралық құқықтың жаңа негізгі қағидалары туралы мәселе.

5. Халықаралық құқықтың субъектілері. Халықаралық құқық субъектілігі концепциясының ерекшеліктері. Халықаралық құқық субъектілерінің түсінігі мен түрлері. Халықаралық құқық субъектілігінің мазмұны. Мемлекеттер халықаралық құқықтың негізгі субъектілері ретінде. Мемлекеттік егемендіктің түсінігі мен белгілері, оның әлеуметтік-саяси және құқықтық мәні. Мемлекеттердің негізгі құқықтары мен міндеттері. Мемлекеттердің халықаралық құқықтың субъектілері ретіндегі түрлері. Тәуелсіздік үшін күресуші халықтар қалыптасу үстіндегі мемлекеттер ретінде. Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық субъектілігі: түсінігі, туынды сипаты және құқықтық негіздері. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мирасқорлығы. Мемлекет тәріздес құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі. Индивидтер мен заңды тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігінің мәселесі.

6. Халықаралық құқықтағы тану және құқық мирасқорлығы. Халықаралық құқықтағы танудың түсінігі, құқықтық салдары және маңызы. Танудың теориялары, түрлері және нысандары. Халықаралық ұйымдарға мүшелік және тану. Үкіметтерді тану теориялары. Мемлекеттердің құқықтық мирасқорлығы түсінігі және мәні. Халықаралық шарттар, мемлекеттік меншік, мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік қарыздарға байланысты мемлекеттердің құқық мирасқорлығы. КСРО ыдырауына қатысты мемлекеттердің құқық мирасқорлығы. Мемлекеттердің халықаралық құқық субъектілері ретіндегі сәйкестігі (идентичность). Мемлекеттердің сәйкестігі мен континуитетінің құқық мирасқорлығымен байланысы.

7. Халықаралық құқықтағы аумақ. Халықаралық құқықтағы аумақ түсінігі мен түрлері. Мемлекеттік аумақ. Анклавтар. Квазимемлекеттік аумақтар. Мемлекеттік аумақты өзгертудің құқықтық негіздері мен әдістері. Мемлекеттік шекаралар. Делимитация және демаркация. Шекаралық өзендер режимі. Халықаралық өзендер режимі. Халықаралық режимді аумақтар: түсінігі мен түрлері. Халықаралық кеңістіктер ортақ пайдаланудағы объектілер ретінде. Адамзаттың ортақ мұрасы концепциясы. Ашық теңіз, халықаралық әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі және теңіз түбінің халықаралық аймағы, Антарктиканың құқықтық режимі. Айрықша құқықтық режимдегі аумақтар. Арктиканың құқықтық режимі. Ядросыз аймақтар, бейбітшілік аймақтары, демилитарланған және бейтараптандырылған кеңістіктер айрықша құқықтық режимдегі кеңістіктер ретінде. Аралас режимдегі аумақтар. Ерекше экономикалық аймақ пен құрлықтық шельфтің құқықтық режимінің ерекшеліктері.

8. Халықаралық құқықтағы тұрғын халық. Мемлекеттің тұрғын халқының түсінігі және құрамы. Тұрғын халық жағдайын халықаралық құқықтық реттеу. Азаматтық мәселелері бойынша халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары және ұлттық заңнама. Азаматтықты иелену және одан айрылу. Бипатризм мен апатризмді жою және қысқарту бойынша халықаралық ынтымақтастық. Шетелдіктердің құқықтық режимінің түрлері. Кемсітуге тыйым салу және құқықтарды шектеу. Еңбекші мигранттардың құқықтық режимі. Баспана құқығы. Дипломатиялық баспана институты. Баспана мәселелері бойынша Қазақстан заңнамасы. Босқындардың халықаралық және ұлттық құқықтағы құқықтық жағдайы.

9. Халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы. Халықаралық және ұлттық құқықтық реттеудің объектісі және халықаралық құқықтың объективті шектері. Халықаралық құқықтың субъективті шектері және мемлекеттердің ішкі құзыреті. Халықаралық құқық және ұлттық құқықтың экстерриториялық әрекеті. Халықаралық және ұлттық құқық арақатынасының теориялары. Ұлттық құқықтың халықаралық құқық дамуына әсері. Халықаралық құқықтың ұлттық құқыққа әсері. Халықаралық құқық нормаларын жүзеге асыру (имплементация): түсінігі, нысандары және мазмұны. Трансформация теориясы. Халықаралық ұйымдардың актілері және ұлттық құқық. Қазақстан заңнамасы мен доктринасындағы халықаралық және ұлттық құқық арақатынасының мәселесі.

10. Халықаралық дауларды шешудің халықаралық-құқықтық құралдары. Халықаралық дауларды бейбіт шешу қағидасы. Дау және даулы жағдай түсінігі. Халықаралық даулардың түрлері. Дауларды шешудің бейбіт құралдарының классификациясы. Келісімдік құралдар. Тікелей келіссөздер. Кеңесулер. Ізгі қызмет және делдалдық. Зерттеу және татуластыру комиссиялары. Дауларды халықаралық сот мекемелерінде шешу. Аралық соттың Тұрақты палатасы. БҰҰ Халықаралық Соты. Аймақтық халықаралық соттар. Дауларды халықаралық арбитражда реттеу. Дауларды халықаралық ұйымдарда шешу. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД және басқа ұйымдарды дауларды шешу процедурасы.

11. Халықаралық құқықтағы жауапкершіліктің түсінігі және ерекшеліктері. Халықаралық құқықтағы жауапкершілік туралы нормаларды кодификациялау және прогрессивті дамыту. Жауапкершіліктің пайда болу негіздері. Халықаралық құқық бұзушылықтың құрамы мен түрлері. Жауапкершіліктен босататын жағдайлар. Мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігінің түрлері мен нысандары. Халықаралық қылмыстар үшін жауапкершіліктің ерекшеліктері. Жауапкершілікті жүзеге асыру мәселелері: процедуралық аспектілер. Халықаралық ұйымдар жауапкершілігінің ерекшеліктері. Индивидтердің халықаралық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктері. Халықаралық юрисдикциялық органдар. Халықаралық қылмыстық соттың құрылуы және әрекет етуінің мәселелері.

12. Халықаралық шарттар құқығы. Халықаралық шарттар құқығының халықаралық құқық жүйесіндегі орны және ролі. Шарттар құқығының қайнаркөздері және шарттар құқығының қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық заңнаманың ролі. Халықаралық шарттардың классификациясы. Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың шарттық құқық қабілеттілігінің ерекшеліктері. Шарттың нысаны мен құрылымы. Шарттың тілі. Шарттар жасасу: түсінігі мен кезеңдері. Шарттың міндеттілігіне келісім беру. Ескертпелердің түсінігі мен құқықтық салдары. Депозитарий және оның функциялары. Шарттарды тіркеу және промульгация. Шарттардың кеңістікте, уақытта және субъектілер бойынша әрекет етуі. Шарттарға түсінік беру: түсінігі мен түрлері. Шарт жарамсыздығының негіздері мен салдары. Шарттарды тоқтату және кідірту. Шарттарға соғыстың әсер етуі.

13. Халықаралық ұйымдар құқығы. Халықаралық ұйымдардың қазіргі кезеңдегі ролі мен маңызы. Жаһандану, интеграция және халықаралық ұйымдар. Халықаралық ұйымдардың құрылу тарихы. Халықаралық ұйымдардың түсінігі, белгілері және классификациясы. Халықаралық ұйымдар құқығының қайнаркөздері. Халықаралық ұйымдардағы мүшелік: кіру, мүшелікті тоқтату және кідірту. Халықаралық ұйымның ұйымдық құрылымы және органдарының шешімдері. Халықаралық бейүкіметтік ұйымдардың құқықтық табиғаты. Халықаралық конференциялар: түсінігі, белгілері және жұмыс жасау тәртібі. Халықаралық конференциялардың қаулылары және олардың құқықтық маңызы. Халықаралық ұйым болып табылмайтын мемлекеттер бірлестіктері мәртебесінің ерекшеліктері. Қосылмау қозғалысы және мемлекеттердің басқа да бірлестіктері. БҰҰ құрылу тарихы және қазіргі дүниедегі маңызы, мақсаттары мен қағидалары. БҰҰ басты және көмекші органдарының құрылымы мен функциялары. БҰҰ мамандандырылған мекемелері.

14. Сыртқы қатынастар құқығы. Сыртқы қатынастар құқығының түсінігі, пәні, тарихы және қайнаркөздері. Сыртқы саясат, дипломатия және халықаралық құқық арақатынасы. Мемлекеттер сыртқы қатынастар органдарының жүйесі. Сыртқы қатынастардың ішкі мемлекеттік және шетелдік органдары. Дипломатиялық өкілдіктер: функциялары, құрамы, құрылымы және қызметін құқықтық реттеу. Дипломатиялық өкілдерді тағайындау және қайтару. Дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттер, олардың теориялық негіздемесі. Консулдық мекемелер: түсінігі мен функциялар. Консулдардың сыныптары. Консулдарды тағайындау және қайтару тәртібі. Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер, олардың ерекшеліктері. Сауда өкілдіктерінің мәртебесі. Сауда өкілдіктері, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері, арнайы миссиялар және халықаралық конференциялардағы мемлекеттердің делегациялары: мәртебесі және функциялары. Сыртқы қатынастар саласындағы Қазақстанның ұлттық заңнамасы.

15. Халықаралық қауіпсіздік құқығы Халықаралық қауіпсіздіктің кең және тар мағынадағы түсінігі. Халықаралық қауіпсіздік құқығының түсінігі, қағидалары және қайнаркөздері, институттары мен құрамдас салалары. Халықаралық қауіпсіздік құқығының контестіндегі халықаралық жария құқықтың негізгі қағидалары. Халықаралық қауіпсіздік құқығының салалық қағидалары. Халықаралық құқықтағы сенімділікті нығайту шараларының түрлері. Халықаралық құқықтағы қарусыздану. Жаппай қыру қаруларына тыйым салу және оларды шектеудің ерекше маңызы. Ұжымдық қауіпсіздік. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша БҰҰ-ның бас және көмекші органдарының қызметі. БҰҰ мәжбүрлеу шаралары мен бітімгерлік операцияларын өткізудің жалпы қағидалары. БҰҰ және аймақтық ұжымдық қауіпсіздік ұйымдарының құзіреттерінің арақатынастары. Аймақтық ұжымдық қауіпсіздік ұйымдарының қызмет етуінің құқықтық негіздері. Аймақтық ұжымдық қауіпсіздік ұйымдарының ортақ сипаттары. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық ұжымдық қауіпсіздік ұйымдары ретіндегі ерекшеліктері. Бейтараптық түсінігі мен түрлері. Бейтарап мемлекеттердің халықаралық қауіпсіздік құқығы және халықаралық гуманитарлық құқық контекстіндегі құқықтары мен міндеттері. Соғыс жүргізудің кеңістік аясын шектеу. Демилитаризация және бейтараптандыру. Ядросыз аймақтардың түсінігі мен негізгі сипаттары.

16. Халықаралық құқықтағы қарулы күш қолдану. Халықаралық құқықтағы «дау» мен «жағдай», «бейбітшілікке қауіп» пен «бейбітшілікті бұзу», «қарулы шабуыл» мен «агрессия» түсініктерінің арақатынасы. 1974 ж. Агрессия Анықтамасы. Қорғану құқығы мемлекеттің ажырамас құқығы ретінде. Қазіргі халықаралық құқықтағы «превентивті қорғаныс» концепциясы, оның ғылыми негіздемесі мен сыналуы. Қазіргі халықаралық құқықтағы «гуманитарлық интервенция» концепциясы. Қарулы интервенция қағидалары. БҰҰ, аймақтық ұйымдар мен дербес мемлекеттер тәжірибесіндегі гуманитарлық интервенция. Халықтардың тәуелсіздік үшін қарулы күрес жүргізу құқығы. Қазіргі халықаралық құқықтағы «терроризммен» соғыс концепциясы.

17. Адам құқықтарының халықаралық құқығы. Адам құқықтарының халықаралық құқығы: түсінігі, қалыптасуы, қағидалары және қайнаркөздері. Адам құқықтары мен бостандықтарының классификациясы. БҰҰ және адам құқықтары. Адам құқықтарын халықаралық қорғау: институттық және конвенциялық механизмдері. Адам құқықтарын қорғаудың аймақтарын жүйелері. Тұрғын халықтың дербес категорияларының құқықтарын қорғау (әйелдер, балалар, ұлттық азшылықтар ж.т.б.). Адам құқықтарының жаппай және өрескел бұзылуымен күрестегі мемлекеттер ынтымақтастығы. Адам құқықтарының халықаралық құқығы және мәдени релятивизм. Адам құқықтарын сақтау бойынша халықаралық бақылау.

18. Халықаралық қылмыстық құқық. Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі, қалыптасуы, қағидалары және қайнаркөздері. Мемлекеттердің қылмыстық юрисдикциясы. Халықаралық қылмыстар және халықаралық сипатты қылмыстық құқық бұзушылықтар, олардың классификациясы. Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымақтастығының нысандары, негізгі бағыттары және салалары. Қылмыстылықпен күресудегі халықаралық ұйымдар. Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек: түсінігі, мәні және түрлері. Қылмыскерлерді ұстап беру. Терроризм қылмысының құрамын анықтау мәселесі. Терроризммен күрестің институттық және конвенциялық механизмдері. БҰҰ және аймақтық ұйымдар қызметіндегі терроризммен күрес.

19. Халықаралық экономикалық құқық. Қазіргі әлемдегі экономикалық интеграция процестері: объективтік негіздері және мәні. Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі, пәні, қайнаркөздері және қағидалары. Әмбебап және аймақтық сипатты халықаралық экономикалық ұйымдар. БҰҰ жүйесіндегі және оған кірмейтін халықаралық экономикалық ұйымдар. Халықаралық экономикалық қауымдастық және халықаралық экономикалық тәртіп. Халықаралық экономикалық дауларды шешу. Халықаралық сауда құқығы. ДСҰ-ң негізгі белгілері және функциялары. Халықаралық валюталық-қаржылық құқық: қалыптасуы, түсінігі, қағидалары және қайнаркөздері. Бреттон-Вудс валюталық жүйесі. Халықаралық инвестициялық құқық. Халықаралық инвестициялардың құқықтық режимі, қорғалуы және кепілдері. Инвестицияларға меншік құқығының көшуі: халықаралық құқықтық аспект (экспроприация, ұлттандыру, жекешелендіру).

20. Халықаралық теңіз құқығы. Халықаралық теңіз құқығының қалыптасуы, түсінігі, қағидалары және қайнаркөздері. Халықаралық теңіз құқығының кодификациясы және прогрессивті дамуы. Теңіз кеңістіктері мен теңіз түбінің нақты категориялары, халықаралық бұғаздар мен каналдар, архипелаг суларының түсінігі, құрамы және құқықтық режимі. Кеме жүргізуді халықаралық құқықтық реттеу. Азаматтық және әскери кеменің құқықтық режимі. Теңіз түбінің халықаралық аймағындағы ресурстарды игеру жүйесі. Теңіз құқығы аясындағы халықаралық ұйымдар. Халықаралық теңіз құқығы аясындағы дауларды шешу. Ашық теңізге шығуы жоқ мемлекеттердің мәртебесі. Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындау мәселесі және оның Қазақстан үшін маңыздылығы.

21. Халықаралық әуе құқығы. Халықаралық әуе құқығы: қалыптасуы, түсінігі, қағидалары және қайнаркөздері. Халықаралық коммерциялық әуе қатынастарын құқықтық реттеу. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдар. Ұлттық және халықаралық әуе кеңістігіндегі ұшу ережелері. Халықаралық бұғаздар мен архипелаг сулары үстімен ұшу. Әуе кемесі мен экипаждың мәртебесі. Қону жеріндегі әуе кемесінің коммерциялық құқықтарының түрлері. «Әуе бостандықтары». Авиация қызметіне заңсыз араласу актілерімен күресу. Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.

22. Халықаралық ғарыш құқығы. Халықаралық ғарыш құқығының қалыптасуы, түсінігі, қайнаркөздері және қағидалары. Ғарыш кеңістігінің халықаралық құқықтық режимі. Геостационарлық орбитаның құқықтық режимі. Аспан денелерінің құқықтық режимі. Ғарыш объектілері мен ғарышкерлердің халықаралық-құқықтық мәртебесі. Ғарыш объектілерінің түсінігі, оларды тіркеу және ұшыру. Ғарыш объектілеріне меншік құқығы, оларды құтқару және қайтару. Ғарышкерлердің түсінігі және мәртебесі. Ғарыш қызметінің қолданбалы түрлерін реттеу. Ғарыштағы ядролық энергия көздерін пайдаланудың құқықтық аспектілері. Ғарыш қызметі аясындағы халықаралық ұйымдар. Халықаралық ғарыш құқығындағы жауапкершілік. Халықаралық ғарыш құқығындағы дауларды шешу.

23. Халықаралық экологиялық құқық. Халықаралық экологиялық құқық: қалыптасуы, түсінігі, қағидалары және қайнаркөздері. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар және конференциялар. Қоршаған ортаның дербес объектілерін: теңіз ортасын, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын, атмосфераны, Жер айналасындағы ғарыш кеңістігін, жер кеңістігін, жойылу қаупі бар фауна мен флораны халықаралық құқықтық қорғаудың ерекшеліктері. Қоршаған ортаны радиоактивтік ластаудан қорғау. Қоршаған ортаны ластау үшін жауапкершілік. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысуы.

24. Халықаралық гуманитарлық құқық. Халықаралық гуманитарлық құқық түсінігі, қағидалары мен қайнаркөздері. Қарулы қақтығыстар түсінігі мен түрлері. Халықаралық гуманитарлық құқық және қарулы қақтығыстар құқығының арақатынасы. Қарулы қақтығыс басталуы және аяқталуының нысандары мен салдары. Соғыстағы бейтараптық: түсінігі мен түрлері. Әскери оккупация режимі. Мәдени құндылықтарды қорғау. Қарулы қақтығыс қатысушыларының (комбатанттар және бейкомбатанттар) және соғыс құрбандарының түрлері және құқықтық мәртебесі. Соғыс тұтқындығы режимі. Интерндеу. Азаматтық тұрғындар мен азаматтық объектілерді қорғау. Соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерінің түсінігі және оларға тыйым салу (шектеу) қажеттігінің негіздемесі. Ядролық қару қолданудың құқықтылығы. Объектілердің ерекше түрлерін арнайы қорғау.

25. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының халықаралық-құқықтық негіздері. Қазақстанның сыртқы саясатының геосаяси және экономикалық факторлары. Республиканың халықаралық құқықтағы субъектілігі: қалыптасуы және дамуы. Қазақстанның сыртқы саясатының халықаралық-құқықтық негізділігі. Қазақстанның Конституциясы және халықаралық құқық. Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастыру механизмі. Сыртқы саясатты айқындау және жүзеге асырудағы Республика Президентінің ролі. Қазақстанның сыртқы саясаты концепциясының негізгі қырлары. Қазақстан сыртқы саясатының мақсаттары, міндеттері және негізгі бағыттары. Қазақстанның халықаралық институттармен өзара байланысы. Қазақстанның халықаралық құқық ғылымының қалыптасуы және дамуы.
«Халықаралық жеке құқық» пәні бойынша.

1. Халықаралық жеке құқықтың құқықтық табиғаты. Жеке құқықтық қатынастардың түсінігі мен түрлері, олардың жария құқықтық қатынастардан айырмашылығы. Субъект, объект және құқықтық факт жеке құқықтық қатынастардағы шетелдік элемент ретінде. Заңдар коллизиясының түсінігі және шешу жолдары. Заңдар коллизиясын шешудің унификациялық және коллизиялық әдістері. ХЖҚ-тағы материялық құқықтық реттеу әдісінің ролі. ХЖҚ құқықтық табиғатының теориялары. ХЖҚ-тың басқа құқық салаларымен арақатынасы.

2. ХЖҚ қайнаркөздері. ХЖҚ нормаларының унификациясы және кодификациясы. Ұлттық заңнама ХЖҚ-тың негізгі қайнаркөзі ретінде. Түрлі мемлекеттер заңнамаларындағы ХЖҚ нормаларының дербес және салалық кодификациясы. Халықаралық шарттар, сот прецеденті мен докрина, халықаралық сыпайылық және өркениетті ұлттар таныған құқықтың ортақ қағидалары, іскерлік айналым ғұрыптары мен lex mercatoria ХЖҚ-тың қайнаркөздері ретінде. ХЖҚ нормаларының унификациясына байланысты ХЖҚ бойынша Гаага Конференциясының, Жеке құқық униификациясының Рим Институтының, Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясының, басқа органдар мен институттарының қызметі. ХЖҚ нормаларының аймақтық унификациясы.

3. Коллизиялық норманың құқықтық табиғаты. Коллизиялық норманың түсінігі мен функциялары. Коллизиялық нормаларды жеке (материялық) немесе жария (процестік) құқыққа жатқызу мәселесі. Коллизиялық норманың құрылымы. Негізгі тіркеу формулалары. Коллизиялық нормалардың классификациясы. Императивті және диспозитивті, альтернативті және кумулятивті, басты және субсидиарлы коллизиялық нормалар. Ерекше коллизиялық нормалар. Интертемпоралдық, интерперсоналдық, интерлокалдық нормалар.

4. Коллизиялық норманы қолдану мәселелері. Коллизиялық норманы қолдану мәселелерінің түсінігі мен классификациясы. Коллизиялық норманы және шетелдік құқықты қолдану мәселелері. Коллизиялық нормалардың өзара әрекет ету мәселелері. Бастапқы (қосалқы) мәселе және халықаралық жеке құқықтағы оны шешу ұстанымдары. Дау элементтерін бөлшектеу (dépeçage) және адаптация. Саралау қақтығысының түсінігі мен түрлері. Заң ұғымдарын саралау.

5. Шетелдік құқықты қолдану тәртібі. Шетелдік құқық мазмұнын анықтау. Шетелдік құқық мазмұнын анықтаудағы сот (арбитраж), басқа органдар, эксперттер мен дау тараптарының ролі. Кері сілтеме және үшінші ел құқығына сілтеме. Кері сілтемеге байланысты Қазақстан Республикасы мен шетелдік мемлекеттер заңнамаларының ұстанымы. Ағылшындық қос кері сілтеме теориясы. Халықаралық жеке құқықтағы заңды айналып өту. Жария тәртіп туралы ескерту. Жария тәртіптің герман (негативті) және француз (позитивті) концепциялары. Жария тәртіптің мазмұнын белгілеу проблемасы. Императивті нормаларды қолдану. Өзара түсіністік пен реторсиялар: материалдық, процесстік және коллизиялық аспектілер.

6. ХЖҚ-тағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.

Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқық және әрекет қабілеттігі. Шетелдіктерге қолданылатын режимдер. Жеке тұлғалардың құқық қабілеттігіне байланысты реторсиялар. Қазақстан Республикасының жеке құқық саласындағы заңнамасындағы шетелдіктерге байланысты ұлттық режимнен алынулар. Шетелдік тұлғалардың құқық және әрекет қабілеттігіне байланысты ҚР Азаматтық және Азаматтық Іс жүргізу Кодекстерінің ұстанымдарының айырмашылығы. Жеке тұлғаның жеке статутының түсінігі мен қолданылу аясы. Жеке тұлғаның жеке заңы және оны анықтайтын негізгі коллизиялық байламдар. «Азаматтық», «домицилий» және «residence» түсініктерінің арақатынасы. Цивилді және ортақ құқықтағы домицилий. Жеке тұлғаның әрекет қабілеттігінің жеке заңмен реттелмейтін мәселелері.



7. ХЖҚ-тағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың құқық қабілеттігі. Қазақстан Республикасының жеке құқық саласындағы заңнамасындағы шетелдік заңды тұлғаларға, соның ішінде оффшорлық аймақтарда тіркелгендерге байланысты ұлттық режимнен алынулар. Заңды тұлғаның «ішкі» және «сыртқы» құқықтық қатынастарын жіктеу. Заңды тұлғаның «статуты», «заңы» мен «ұлты» түсініктерінің арақатынасы. Заңды тұлға заңының түсінігі мен анықталу теориялары. Заңды тұлға заңының қолданылу аясы. Құқық қабілеттігінің заңды тұлға заңымен реттелмейтін мәселелері. Жеке құқық нормаларын заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдарға қолдану. Халықаралық жеке құқықтағы «халықаралық заңды тұлғалар» мәселесі. Трансшекаралық дәрменсіздік.

8. ХЖҚ-тағы мемлекеттің құқықтық жағдайы. Диагоналды құқықтық қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері. Мемлекеттік иммунитет түсінігі мен элементтері. Абсолютті иммунитет теориясы. Функциялық иммунитет теориясы. Мәмілелерді de jure imperii және de jure gestionis-қа жіктеу проблемасы. Шектеулі иммунитет теориясы. 1972 ж. Мемлекеттер иммунитеті туралы Еуропа (Базель) Конвенциясының, 2004 ж. Мемлекеттер мен олардың меншігінің юрисдикциялық иммунитеттері туралы БҰҰ (Нью-Йорк) Конвенциясының, 1965 ж. Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің тұлғалары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы Вашингтон Конвенциясының мазмұны. Мемлекеттік меншік пен мемлекеттік заңды тұлғалардың иммунитеті. Мемлекеттік заңды тұлғалардың автономиялы құқық субъекттілігі. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы иммунитет мәселелері.

9. ХЖҚ-тағы заттық құқықтар. Заттық құқықтардың коллизиялық мәселелері. Заттық статут түсінігі, оның міндеттемелік және некелік статутпен арақатынасы. Зат орналасқан елдің құқығының қолданылу аясы. Заттық құқықтардың lex rei sitae-мен реттелмейтін мәселелері. Заттық құқықтардың мәміле бойынша, алыну мерзімінің ескіру салдарынан, басқа негіздермен пайда болуы және тоқтатылуы. Жолдағы мүлікке заттық құқықтар. Заттық құқықтарды қорғау. Қозғалмайтын мүлік және мемлекеттік реестрге енгізілген мүлікке заттық құқықтарды коллизиялық реттеудің ерекшеліктері. Меншік құқығы және тауардың кездейсоқ жоғалуы (бүлінуі) қаупінің өту сәтін құқықтық саралау проблемасы. Ұлттандыру туралы заңдардың экстерриториялық әрекеті.

10. ХЖҚ-тағы акт (мәміле) нысаны. Шарттың нысандық статуты мен міндеттеме мәнінің статутының түсінігі мен арақатынасы. Акт (мәміле) нысанының коллизиялық мәселелері. Locus regit formam actum акт (мәміле) нысанын реттейтін негізгі коллизиялық байлам ретінде; оның дербес актілерге (мәмілелерге) байланысты көріністері. Акт (мәміле) нысанын анықтайтын басқа коллизиялық байламдар.

11. ХЖҚ-тағы шарттық міндеттемелер. Шарттық міндеттемелердің коллизиялық мәселелері. Шартқа қолданбалы құқық. Тараптар еркінің автономиясы құқық қайнаркөзі (қағидасы) және коллизиялық норма ретінде. Қолданбалы құқықты тараптардың келісімімен таңдау. Құқықты ойда таңдау. Шарт локализациясы қағидасы. Тараптар еркінің автономиясын басқа шектеулер. Тараптар келісімі болмағанда шартқа қолданбалы құқық. Lex voluntatis, lex loci actus (contractus), lex loci solutionis, lex venditoris коллизиялық байламдарының қолданылу аялары. Міндеттемелік статутты анықтайтын басқа коллизиялық байламдар.

12. Сыртқы экономикалық мәмілелердегі есеп айырысу нысандары.

Сыртқы экономикалық мәмілелердің түсінігі және ерекшеліктері. Сыртқы экономикалық мәміле мен шетелдік элементпен шиеленіскен мәміле арақатынасы. Сыртқы экономикалық мәмілелердегі есеп айырысу нысандары ретіндегі чек, вексель, инкассо, аккредитив, электронды төлемдердің ерекшеліктері.



13. ХЖҚ-тағы шарттан тыс міндеттемелер. Шарттан тыс міндеттемелердің түсінігі мен түрлері. Бір тарапты мәмілелік міндеттемелер және мәмілелік емес міндеттемелер. Деликтттік міндеттемелердің коллизиялық мәселелері. Деликттік статуттың қолданылу аясы. Lex loci delicti commissi және басқа коллизиялық нормалар деликттік статут ретінде. Трансшекаралық зиян келтірудегі locus delictiді анықтау проблемасы. Тұтынушыға келтірілген зиянды коллизиялық реттеу. Негізсіз баю, марапаттауға жария уәде беру, басқа біреудің мүддесіне тапсырмасыз қызмет етуді коллизиялық реттеу. Бір тарапты мәміленің жасалу орнын анықтау проблемасы. Бір тарапты мәміледен туындайтын міндеттемелерге қолданбалы құқықты анықтаудағы квазишарттық теория.

14. ХЖҚ-тағы неке-отбасылық қатынастар. Неке-отбасылық құқықтың коллизиялық мәселелері. Неке нысаны. Lex loci celebrationis неке нысанын анықтайтын негізгі коллизиялық норма ретінде. Неке құру, бұзу және жарамсыз деп танудың коллизиялық мәселелері. Lex personalis неке құқық қабілеттігін анықтайтын негізгі коллизиялық норма ретінде. Экстерриториялық сипатты императивті нормалар. Некені экстерриториялық юрисдикцияда құру және бұзу. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды құқықтық реттеу. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігінің сипатын анықтаудағы некелік (матримониялық) және заттық статуттың арақатынасы проблемасы. Неке контракті. Әкелікті (аналықты) анықтау және даулау. Заңды туылу. Nasciturus. Отбасы мүшелерінің мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастары. Бала асырап алу. Қамқоршылық пен қорғаншылық.

15. ХЖҚ-тағы мұрагерлік мәселелері. Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері. Өсиет және заң бойынша мұрагерлік. Өсиет және оны жою актінің нысаны. Тұлғаның өсиет жасау қабілеттігі. Мұрагерлік қатынастар. Әмбебап құқық мирасқорлығы және бөлек статуттар теориялары. Locus regit formam actum, lex personalis (соның ішінде patriae және domicilii) және lex rei sitae коллизиялық қағидаларының мұрагерлік қатынастарғақолданылу аясы. Мұрагерлер, легатарийлер мен басқа бенефициарлардың құқықтары мен міндеттері. Иесіз қалған мүлік.

16. ХЖҚ-тағы зияткерлік меншік. Зияткерлік меншік құқығының коллизиялық мәселелері. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың аумақтық сипаты. Авторлық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік пен тауар белгілерін құқықтық қорғау нысаны мен тәртібі. Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғаудың коллизиялық және материялық құқықтық (унификациялық) әдістерінің арақатынасы. Авторлық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік пен тауар белгілерін құқықтық қорғау саласындағы халықаралық келісімдер.

17. ИНКОТЕРМС халықаралық коммерциялық терминдерге түсінік беру ережелері. ИНКОТЕРМС ережелерінің құқықтық табиғаты. ИНКОТЕРМС ережелерінің қолданылу аясы. Е, F, C, D ережелер топтарының жалпы мазмұны. Ережелердің 2010 ж. редакциясындағы негізгі өзгерістер. ҚР заңнамасы бойынша ИНКОТЕРМС ережелерін қолдану негіздері.

18. Халықаралық азаматтық іс жүргізудің құқықтық табиғаты. ХАІЖ түсінігі. ХАІЖ-ң пәні және реттеу әдісі. ХАІЖ-ң басқа құқық салаларымен арақатынасы (азаматтық іс жүргізу құқығы, азаматтық құқық, арбитраждық құқық, халықаралық жария құқық құқықпен). ХАІЖ қайнаркөздері. ХАІЖ нормаларының унификациясы. ХЖҚ нормаларының унификациясына байланысты ХЖҚ бойынша Гаага Конференциясының, Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясының, басқа органдар мен институттарының қызметі. ХЖҚ нормаларының қазақстандық заңнамадағы кодификациясының ерекшелігі.

19. Шетелдік элементті істер бойынша құзіретті белгілеу әдістері. «Юрисдикция», «құзірет» және «соттылық» терминдерінің халықаралық азаматтық процесс контекстіндегі арақатынасы. Халықаралық және ішкі құзірет. Шетелдіктер қатысушы істер бойынша құзіретті анықтау. Құзірет белгілеудің латын, герман және ағылшын жүйелері. Actions in personam және actions in rem-нің классикалық және ағылшын құқығындағы квалификациясының ерекшеліктері. Forum non conveniens қағидасы. Америка заңнамасы мен сот тәжірибесіндегі «ұзын қол» заңдары мен «минималды контактілер» ережесі. Түрлі мемлекеттер заңнамалары мен сот тәжірибелеріндегі сот құзіретін кеңейту тенденциялары. Сот құзіретін белгілеуге байланысты ҚР АІЖК-ң ұстанымы.

20. Юрисдикция қақтығыстарын шешу әдістері. Юрисдикция қақтығыстарының түсінігі мен пайда болу себептері. Юрисдикцияның позитивті және негативті қақтығыстары. Юрисдикциялар қақтығысының алдын алу және шешу жолдары. Сот және арбитраж құзіреттерінің арақатынасы. Айрықша құзірет. Келісімдік құзірет. Пророгациялық және дерогациялық келісімдер. Құзірет өзгермеушілігі. Шетелдік соттағы өндіріс маңызы. Құзірет белгілеу ережелерін сақтамаудың құқықтық салдары. Сот құзіретін белгілеуге байланысты ҚР заңнамасының жетіспеушіліктері.

21. Құқықтық көмек көрсету және шетелдік сот тапсырмаларын орындау. Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек түсінігі мен түрлері. Құқықтық көмек көрсету және шетелдік сот тапсырмаларын орындаудың құқықтық негіздері. Сот тапсырмаларымен шетелдік мемлекет органдарына жүгіну. Шетелдік сот тапсырмаларын орындау. Шетелдік сот тапсырмаларын орындаудан бас тарту негіздері. ҚР АІЖК,. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша 1993 ж. Минск және 2002 ж. Кишинев Конвенциялары, Азаматтық процесс мәселелері бойынша Гаага Конвенциялары негізінде құқықтық көмек көрсету және шетелдік сот тапсырмаларын орындау.

22. Шетелдік сот және арбитраж шешімдерін тану және орындату. Шетелдік шешімдерді тану және орындатудың арақатынасы. Шетелдік сот және арбитраж шешімдерін тану және орындатудың заңнамалық және шарттық негіздері. ҚР АІЖК нормаларының негізінде шетелдік сот және арбитраж шешімдерін тану және орындату. Арбитраждық шешімнің res judicata сипаты. Шетелдік сот және арбитраж шешімдерін тану және орындатудан бас тарту негіздері. Шетелдік арбитраж шешімдерін 1958 ж. Нью-Йорк Конвенциясы негізінде тану және орындату.

23. ХАІЖ-дегі нотариус әрекеттері. Заңдастыру. Апостиль. ХАІЖ-дегі нотариус әрекеттерінің түрлері мен маңызы. Нотариаттың теориялық негіздері. Нотариаттың латын және ағылшын-американ жүйесі. ХАІЖ-дегі шетелдік құжаттарды заңдастырудың түсінігі мен жүзеге асырылу әдістері. Консулдық заңдастыру. Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жою туралы 1961 ж. Гаага Конвенциясының жалпы мазмұны. Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жою туралы 1961 ж. Гаага Конвенциясының ережелерін Қазақстан Республикасында жүзеге асыру.

24. Халықаралық коммерциялық арбитраждың құқықтық табиғаты. Арбитраж дау шешу нысаны, құқық саласы және құқықтық ғылым ретінде. «Арбитраж» және «аралық сот» түсініктерінің арақатынасы. Халықаралық коммерциялық арбитраждың құқықтық табиғаты. Арбитраждық және соттық процестің арақатынасы және салыстырмалы талдауы. Арбитраж түрлері. Арбитраждар (аралық соттар) қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы құқықтық реттеудің ерекшеліктері. Арбитраждық келісімнің түсінігі, түрлері мен құқықтық табиғаты. Арбитраждық келісімнің шарттық, процестік және аралас теориялары. Арбитраждық ескертудің азаматтық құқықтық шартпен арақатынасы.

25. Арбитраждық дау қарастыру сатылары. Арбитраждық дау қарастырудың бастапқы мәселелері. Арбитраж орны мен тілін белгілеу. Арбитраж өткізу орнының құқықтық маңызы. Арбитраж құрамын қалыптастыру тәртібі. Институттық арбитраждар мен ad hoc арбитраждардың құрамын қалыптастыру ерекшеліктері. Арбитр кандидатурасына қойылатын талаптар. Арбитрды шеттету. Арбитраж құзіретін анықтау. Арбитраждық дау қарастырудың регламентін белгілеу. Талап арызды және талап арыз бойынша қарсылықтарды беру. Сырттай өндіріс. Дауды маңызы бойынша қарастыру. Дау шешуге қолданбалы құқықты анықтау. Дәлел беру. Куәгерлік айғақ беру. Эксперттердің қатысуы. Арбитраждық шешімді шығару, толықтыру және түзету. Арбитраждық шығындарды өтеу тәртібі.
5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет:

    1. Тункин Г. И. Международное право. Учебник для ВУЗов . М., 1992.

    2. Международное право: Учебник. Отв. Ред. Ю.М. Колосов, М.,1995.

    3. Лукашук И.И. Международное публичное право. Общая часть. М.,1996.

    4. Лукашук И.И. Международное публичное право. Особенная часть. М.,1997.

    5. Сарсембаев М.А. Международное право. Учебное пособие.А., 1996.

    6. Игнатенко Г.В. Международное право. Учебник. М.,1997.

    7. Международное право. Учебник для вузов/под общей редакцией Колосова Ю.М., М., 2000.

    8. Курс международного права. В 7-ми томах. М., Наука, 1992-1995.

    9. Ануфриева Л. П. Международное частное право: Учеб.: В 3 т. Т. 1: Общая часть. М.: БЕК, 2000; Т. 2: Особенная часть. М.: БЕК, 2002; Т. 3: Трансграничные банкротства. Международный коммерческий арбитраж. Международный гражданский процесс. М.: Бек, 2002.

    10. Богуславский М. М. Международное частное право: Учеб. М.: Юристъ, 2003.

    11. Дмитриева Г. К. Международное частное право. М.: Юристъ, 2003.

    12. Лунц Л. А. Курс международного частного права: В 3 т. М.: Спарк, 2002.

    13. Международное частное право: Учеб. / Под ред. Г. К. Дмитриевой. М.: Проспект, 2004.

    14. Международное частное право: Учеб. для вузов / Под ред. Н. И. Марышевой. М.: КОНТРАКТ ИНФРА-М, 2000.



Қосымша әдебиет:

  1. Европейское право. Учебник для вузов. Рук-ль авторского коллектива Энтин Л.М., М., Норма, 2001.

  2. Дипломатический словарь. В 3-х томах. М., Наука, 1985-1996.

  3. Сарсембаев М.А. Международное право в истории Казахстана и Средней Азии. Алма-Ата.: Ана тiлi , 1991.

  4. Лукашук И.И. Международно-правовое регулирование международных отношений.

  5. Василенко В.А. Основы теории международного права.Киев, 1988.

  6. Ушаков Н.А. Проблемы теории международного права. М., 1988.

  7. Даниленко Г.М. Обычай в современном международном праве. М.: Наука, 1988.

  8. Фельдман Д.И. Система международного права. Казань, 1983.

  9. Павлов О. Признание и установление дипломатических отношений. М. 1998.

  10. Талалаев А.Н. Право международных договоров: договоры с участием международных организаций. М., 1989.

  11. Перес де Куэльяр Х. ООН: сегодня и завтра. М., 1988.

  12. Бельсон Я.М. Интерпол в борьбе с уголовной преступностью. М., 1999.

  13. Клименко В.М. Государственная территория: вопросы теории и практики международного права. М., 2007.

  14. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право: вопросы теории и практики. М.: Наука, 2006.

    1. Василевская Э. Г. Правовые проблемы освоения Луны и планет. М., 2005.

    2. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды. М., международные отношения , 2008.

    3. Вольф М. Международное частное право / Пер. с англ. М.: Госюриздат, 1948.

    4. Иссад М. Международное частное право / Пер. с фр. М.: Прогресс, 1989.

    5. Международное частное право. Современные проблемы / Под общ. ред. М. М. Богуславского. М.: Теис, 1994.

    6. Раапе Л. «Международное частное право». М.,1962.

    7. Чешир Дж., Норт П.. «Международное частное право». М., 1982.

    8. «Международное частное право (Сборник материалов)». Выпуски 1-6. Сост. М.К. Сулейменов. А.: «Адилет-Пресс», 1996-1999.

    9. Лебедев С. Н. О природе международного частного права // СЕМП, 1979. М.: Наука, 1980.

    10. Минаков А. И. Международный договор как источник международного частного права (вопросы теории) // СЕМП, 1986. М.: Наука, 1987.

    11. Разумов К. Л. Международное частное право: Некоторые вопросы теории и практики // Материалы секции права ТПП СССР. М., 1983.

    12. Сильченко Н. В., Толочко О. Н. Теоретические учения о нормах международного частного права // Государство и право. 2000. № 1

    13. Шак Х. Международное гражданское процессуальное право: Учеб. М.: Бек, 2001.

    14. Кенсовский П. А. Легализация и признание документов иностранных государств. СПб.: Юридический центр Пресс, 2003.

    15. Дмитриева Г. К. Международный коммерческий арбитраж: Учеб.-практ. пособие. М., 1997.

    16. Гоулд, Н., Хьюлитт-Джеймс, М. «Международный коммерческий арбитраж». А.: «Аян Әдет», 1999.

    17. Белов В. А. Публичный порядок // Право и экономика. 1996. № 19–20.

    18. Лунц Л. А. К вопросу о квалификации в международном частном праве // СЕМП, 1979. М.: Наука, 1980.

    19. Морозова Ю. Г. Оговорка о публичном порядке: причины возникновения // Законодательство. 2000. № 6.

    20. Муранов А. И. К вопросу об «обходе закона» // МЖМП. 1997. № 3.

    21. Садиков О. Н. Императивные нормы в международном частном праве // МЖМП. 1992. № 2.

    22. Ладыженский А. М. Теория национальности юридического лица в международном частном праве // СЕМП, 1964–1965. М.: Наука, 1966.

    23. Ушаков Н. А. Юрисдикционные иммунитеты государств и их собственности. М., 1993.

    24. Звеков В. П. Обязательства из причинения вреда в международном частном праве (некоторые коллизионные вопросы) // Очерки международного частного права. М.: ИМО, 1963.

    25. Шебанова И. А. Семейные отношения в международном частном праве. М., 1995.

    26. Кузнецов М. Н. Охрана авторских прав в МЧП: Учеб. пособие. М.,1986.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет