Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің № хаттамасымен бекітілген «6М010300 – Педагогика және психология»



Дата08.07.2016
өлшемі98 Kb.
#185334
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен



бекітілген




«6М010300 – Педагогика және психология»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012

Бағдарлама ««6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: п.ғ.к., доцент Әлқожаева Н.С., п.ғ.к., доцент Касен Г.А., аға оқытушы Жұмабекова Қ.Б.


Бағдарлама кафедра мәжілісінде қарастырылған ________________

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Кафедра меңгерушісі__________________ А.Қ. Мынбаева

Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Әдістемелік бюро төрағасы __________________ Н.А. Саитова

Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы __________________ А.Р. Масалимова

Ғалым хатшы __________________ З.Н. Исмагамбетова



МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

Түсу емтихандарының мақсаты: бакалавриатта алған білім деңгейін, қабілеті мен біліктілігін анықтау, сонымен қатар білім алудың екінші деңгейінде нақты пәндерді және жалпы магистрлік бағдарламаны меңгеру қабілетін анықтау болып табылады.

Бағдарлама міндеті: оқу жоспары бойынша меңгерген базалық педагогикалық және психологиялық пәндердің негізін меңгерту, сонымен қатар алған білімдерін педагогикалық теориялық және қолданбалы тапсырмаларын шешуде психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдану қабілетін игерту болып табылады.

Магистратураға түсу емтиханы - жазбаша. Емтихан тапсырушы сұрақтарға өз жауаптарын емтихан парағына жазады, оны шифрленген түрінде емтихан комиссия мүшелері тексереді.


2. Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

«6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистартуға түсу ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеу ережесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистартураға қабылдау жөнінідегі типтік ереже мен «6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде анықталады. Бағдарлама типтік оқу бағдарламалары және МЖМББС негізінде құрастырылған.

«Педагогика және психология» мамандығына тапсыратын бакалаврдың кәсіби бағытына сай міндеттері: педагогикалық процесстің дамуы туралы заңы жөніндегі толық түсінік; білім берудегі жалпы заңдылықтар және өзіндік ерекшеліктерді; даму және тәрбие, білім берудің ғылыми-теориялық негіздерін; педагогика мен психологияның категорилы концептуалды аппаратын білуі тиіс. білім беру аймағындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды; Қазақстан тарихының негізгі сатыларын, саясатын, сонымен қатар алдыңғы қатарлы мемлекеттер мен әлемдік өркениет, тарихи сабақтастық механизмін және мағынасын білуі тиіс.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері

Психологиялық-педагогикалық мамандыққа кіріспе;

Педагогика 1,2 – бөлім;

Этнопедагогика.


4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«Психологиялық-педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәні
1. Жоғары кәсіби білім берудің заңгамалық негіздері.

ҚР Ата Заңы. ҚР “Білім туралы заңы”. Білім берудің құрылымдық және модернизациялық негізгі бағыттары. 2005-2010 жылдарына арналған білім берудің даму мемлекеттік бағдарламасы. 2011-2020 жылдарына арналған білім берудің даму мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекеттік стандарттар.


2. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық-педагогикалық қызметтің дамуы мен заманауилығы

Ұлттық білім беру жүйесінде психологиялық қызметтің дамуы: құрылу тарихы және негізгі міндеттері. Психологиялық қолдау көрсету орталығының қызметі мен құрылымы. Қазақстандағы білім берудің психологиялық қызметі.
3. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттері

Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің мәні. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттері. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің түрлері мен құрылымы. Психологиялық-педагогикалық кеңес беруді ұйымдастырудың жеке және топтық түрлері.


4. Педагог-психологтың міндеттері мен құқықтары, білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтың қызметі

Педагог-психологтың негізгі міндеттері. Педагог-психологтың құқығы. Білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтың қызметі. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің субъектілері мен объектілері.


5. Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекет түрлері

Түзетушілік-дамытушылық іс-әрекет. Оқытушылық және мәдени-ағартушылық іс-әрекет. Әлеуметтік-педагогикалық және тәрбиелеу іс-әрекеті. Ғылыми-әдістемелік және басқарушылық іс-әрекет.


6. Білім беру үдерісін психологиялық қамтамасыз ету

Білім беру үдерісін психологиялық қамтамасыз ету. Білім беру жүйесіндегі педагог-психологтың немесе тәжірибелік психологтың негізгі бағыттары. Психологиялық білім беру және психопрофилактикалық жұмыс.


7. Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің тұрақтылығы, кәсіби құзыреттілігі, кәсіби талаптары, іс-әрекет ұстанымдары

«Кәсіби құзыреттілік» ұғымының мәні. Педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігінің негізгі ерекшеліктері. Педагог-психолог іс-әрекетінің ұстанымдары. Педагог-психолог – кеңес берушіге қойылатын қазіргі талаптар.


8. Педагог-психолог тұлғасына қойылатын талаптар

«Тұлға» ұғымының мәні. Педагог-психолог тұлғасының ерекшеліктері. Педагог-психологтың тұлғалық және кәсіби сапаларына қойылатын талаптар. Педагог-психологтың кәсіби біліктілігі маңызды тұлғалық сипаттама ретінде.


9. Педагог-психолог іс-әрекетінің этикалық кодексі

Кәсіби этика. Педагог-психолог іс-әрекетінің этикалық кодексінің жалпы сипаты. Педагог-психолог іс-әрекетінің этикалық ұстанымдары. Психологтың ұжыммен және әртүрлі маман өкілдерімен өзара қарым-қатынасы.


10. Білім беру жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық қызмет

Білім беру жүйесінің мәні мен ұстанымдары. Республикадағы білім беру жүйесіне талдау жасау. ҚР білім беру жүйесінің құрылымы. Білім беру жүйесінің құрылымындағы психологиялық-педагогикалық қызмет.


11. Білім беру ұйымдарының әлеуметтік орта гармонизациясы білім беру жүйесін психологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеті ретінде

Білім беру мекемесінің әлеуметтік орта гармонизациясының бағыты. Білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтың міндеттері. Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасын қорғау.


12. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі әдістері

«Әдіс» ұғымының мәні. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттегі әдіснамалық ұстанымдар. Ақпарат көздері психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі әдісі ретінде. Әдістердің жіктелуі. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер. Эксперименттік психологиялық-педагогикалық зерттеулер.


13. Шығармашылық дарынды және девиантты мінез-құлықты оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

«Дарынды бала» ұғымы. Дарынды балаларды қолдаудың негізгі бағыттары. Мінез-құлқының дамуында ауытқушылығы бар балалар – қиын балалар. Қиын балаларға психологиялық-педагогикалық көмек және қолдау көрсету.


14. Педагог-психологтарды даярлау ерекшеліктері

Психологтардың даярлығына қойылатын негізгі талаптар. ТМД елдерінде педагог-психологтарды даярлау ерекшеліктері. Қазақстанда педагог-психологтарды кәсіби даярлаудың мазмұны. Өзін-өзі реттеуге оқыту болашақ педагог-психологтың кәсіби дамуының басты факторы ретінде.



15. Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық үдеріс ретінде

Педагог-психолог іс-әрекет құрылымындағы педагогикалық қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынастың атқаратын қызметі. Педагогикалық қарым-қатынастың түрлері мен құралдары. Педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру кезеңдері. Қарым-қатынасқа түсу педагог-психологтың кәсіби-тұлғалық сапасы ретінде.


«Педагогика» пәні
1. Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны.

Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы. Педагогика нысаны, пәні және қызметтері. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогика және басқа ғылымдар жүйесі.


2. Педагогика әдіснамасы мен әдістері.

Педагогиканың әдіснамалық негіздері жайлы түсінік. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері мен философиялық негіздемесі. Педагогикалық зерттеулерінің әдіснамалық ұстанымдары және оларды ұйымдастыру. Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі мен қалыптасуы.


3. Педагогиканың ғылым ретінде дамуы

Ортағасырдағы педагогикалық ойлар. Қайта өрлеу дәуiрінің ұстаз-гуманистерінің педагогикалық ойлары. Орыс ағартушылары мен педагогтарының педагогикалық теориялары.

әл-Фараби, Абай, Ыбырайдың педагогикалық ойлары. Қоғам қайраткерлері мен репрессия ағартушыларының педагогикалық идеялары (А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев және т.б.). Қазақстанда педагогика ғылымдарының дамуы.
4. Білім берудің даму тенденциялары мен перспективалары

Қазіргі кезеңдегі білім берудің дамуының негізгі тенденциялары: демократияландыру, ізгілендіру, ақпараттандыру, және т.б. білім берудің жаңа парадигмалары. Қазақстан Республикасының білім алу құқығы туралы Конституциясы. ҚР «Білім туралы» Заңы. Бала құқығын қорғау туралы конвенция.


5. Педагогиканың аксиологиялық негіздері.

Педагогиканың гуманистік әдіснамасының негіздемесі. Педагогикалық қүбылыстарды оқып үйренуде аксиологиялық түрғыдан қарау. Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік. Педагогикалық құндылықтарды топтап бөлу. Білім беру жалпы адамзаттық құбылыс.


6. Педагогикадағы мақсатты анықтау.

Білім - жалпы адамзаттық құбылыс. Білім әлеументтік қажеттілік. Білімнің жүйелігі. Білім- педагогикалық процесс . Қазіргі заман білім жүйісін реформалаудың негізгі бағыттары. Мамандардың кәсіби шыңдалуы білім беру объектісі ретінде.Нәтижеге бағытталған білім беру: түпкілікті мәдени база- кэсіби біліктілік, әдіснамалық мәдениеті. Шығармашылық бейнесі.


7. Оқушы тұлғасы-тәрбиенің объекті және субъекті.

Тұлға түсінігі, оның дамуы мен қалыптасуы. Тұлға дамуының қазіргі кездегі теориялары. Тұлға-тәрбие мақсаты. Адам, индивид және оның тұлғасының қалыптасуына әсер ететін факторлар. Адам дамуындағы және оның тұлғасының қалыптасуындағы билогиялық және әлеументтік. Даму және тәрбие. Тұлға дамуының ішкі және сыртқы факторлары. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы.


8. Дамудың жас және жекелік ерекшілігі.

Педагогикалық жүйе туралы түсінік. Білім беру саласындағы ҚР-ның мемлекеттік саясатының принціптері. Қазақстандағы білім беру жүйесіне жалпы сипатама ҚР-дағы оқу-тәрбие мекемелері. Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беретін мекемелер. Жалпы білім берудің мазмұнын дамытудың болашағы.


9. Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесі.

Педагогикалық жүйе туралы түсінік. Білім беру саласындағы ҚР-ның мемлекеттік білім беру саясаты. Қазақстан Республикасындағы білім беру принциптері. Үздіксіз білім беру жүйесі.


10. Білім берудің жаһандануы

«Білім берудің жаһандануы» түсінігі. Білім берудің жаһандануының мәні. Қазіргі қоғамда білім берудің жаһандану перспективалары.


11. Тәрбиенің мәні.

Тәрбие теориясының мәні. Тәрбиесінің міндеттері мен қызметтері. Тәрбиенің мәні мен ерекшіліктері. Тәрбие түрлері.


12. Тәрбиесінің заңдылықтары мен принциптері.

Тәрбиесінің заңдылықтары мен принциптері туралы түсінік. Тәрбие процесінің негізгі заңдылықтарына шолу. Тәрбие принциптеріне сипаттама.


13. Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру.

Тәрбие мән-мағынасы. Тәрбие мақсатының әлеументтік негіздері. Тәрбие міндеттер мен қызметтері. Тәрбие процесінің ерекшіліктері. Тұлғаның өзіндік тәрбиесі мен қайта тәрбиесі.


14. Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары және формалары.

Тәрбие әдістеріне сипаттама. Тәрбие құралдары. Тәрбие формалары.Тәрбие әдістерін талдап бөлу.



15. Дүниеге көзқарас-қалыптасушы тұлғаның негізі.

Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру. Қазіргі мектептің негізгі тәрбиелік міндеті. Дүниеге көзқарасын маңызды және міндеттері. Оқу жэне сыныптан тыс жұмыстардың білім мен тәрбиеге ықпалды.


16. Ұжым – тәрбие туралы түсінік.

Ұжым теориясының қалыптасуы. Ұжымды теориясының қалыптасуы. Ұжымның белгілері.Ұжымның қызметтері. Балалар ұжымының даму кезеңдері. Ұжымды құру және оны қалыптастыру әдістемесі.


17. Дидактика- педагогикалық ғылымдар жүйесінде.

Дидактиканың теориясы мен практикасы. Дидактика педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиенің формалары мен әдістер жүйесі. Тұтас педагогикалық процестегі оқыту. Оқу-тәрбие жүмысының нәтижесін есепке алу мен бағалау. Педагогикалық техналогиялар.


18. Оқыту процесі - тұтас жүйе.

Оқыту жағдайындагы бақылау, өлшеу құралдары: тақырыптар бойынша бақылау сұрақтары, тест тапсырмалары, емтихан сүрақтары, арлық бақылау,коллоквиум, үлгілер мен жобаларды қорғау және т.б. Кредиттік оқыту жүйесінің мәні. Оның мақсаты мен мәні. Оқыту жағдайындағы студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру. Мұндағы оқыту техналогиясы студенттердің оқу-үлгірімін бағалау саясаты.


19. Оқытудың заңдары, заңдылықтары жэне принциптері.

Оқытудың заңы, заңдылықтары жэне принциптері түсінігі. Оқытудың негізгі заңдарына заңдылықтарына шолу. Оқыту принцптері және ережелері.


20. Қазіргі білім берудің мазмұны.

Білім беру мазмұнының мәні мен түсінігі. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары. Жалпы білім берудің мазмұнын таңдаудың принциптері мен сапасы. Білім берумазмұны құрамаларына сипаттама.


21. Қазіргі оқытудың әдістері мен құралдары.

Оқыту әдістері-дидактика категориясының бірі. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары олардың өзара байланысы мен оларға сипаттама.Әдістердің оқытудың мақсат мен мазмұнына сәйкестілігі. Үздіксіз білім берудің түрлі кезеңдерінде оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану ерекшелігі.


22. Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары.

Оқытуды ұйымдастыру формалары-тұтас жүйе элементтері. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама.


23. Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау

Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақылау. Бақылаудың оқыту мақсаттарына сәйкестігі. Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижесінің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтауға бағытталғандығы. Бақылаудың түрлері. Техникалық оқу құралдарын оқушылардың іс-әрекетін бақылау мақсатында пайдаланудың мүмкіндіктері.


24. Оқушылардың оқуын мотивациалау

Оқытудың мотивтері түсінігі. Мотивтерді топтап бөлу. Оқытудың мотивтерін зерттеу және қалыптастырудың тәсілдері. Оқытудың белсенділігі. Қызығушылық. Танымдық қызығушылық. Қажеттіліктер. Оқушылардың оқу мотивтерін зерттеуді іске асыру.



25. Оқытудың педагогикалық технологиясы.

Оқытудың педагогикалық технологиясы түсінігі. Педагогикалық технологияларды топтап бөлу. Педагогикалық технологияларға шолу. Оқытудың дэстүрлі технологиясы. Дамыта оқытудың технологиясы. Бағдарлап оқытудың жоспары.


«Этнопедагогика» пәні
1. Этнопедагогика пәнінің міндеттері мен мақсаты

Этнопедагогика – этностардың тәрбиесі жөніндегі ғылым . Этнопедагогиканың пайда болуы мен дамуы. Этнопедагогика нысаны, пәні және қызметтері. Этнопедагогикалық ғылымдар жүйесі.


2. Халықтық педагогиканың даму тарихы.

Халықтық педагогика этнопедагогиканың негізі ретінде. Халықтық педагогиканың зерттелуі. Отандық және шетелдік халымдар халықтық педагогика туралы. Халықтық педагогиканың деректемемесі. Ауыз әдебиеті, жазба мұралар халықтық педагогиканың өзегі.


3. Этнопедагогика ғылымының мәні.

Этнопедагогиканың ғылыми мәні. Этнопедагогика педагогиканың құрамдас бөлігі. Адамды әлеуметтендірудегі рөлі. Этнопедагогикалық қүбылыстарды оқып үйренудегі ғылыми көзқарастар. Этнопедагогикалық құндылықтар туралы түсінік. Этнопедагогикалық құндылықтарды топтап бөлу. Этнопедагогикалық білім беру жалпы адамзаттық құбылыс ретінде.


4. Этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері. Этностар тарихын зерттеуге ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан келу. «Этнос» ұғымына түсінік. Оның пайда болуы. (Л.Гумилев,Ю.Бромлей, В.А.Анучкин, С.А.Токарев, А.Г.Агеев, т.т.)Қазақ этносы туралы түсініктер. Этносты зерттеуші ғалымдар тобы.
5. Этнопедагогиканың қалыптасып, даму тарихы.

Этнопедагогиканың зерттеу объектісі. Этнопедагогиканың даму кезеңдері. Ұлы ойшылдар, ағартушылардың этнопедагогикалық көзқарастары. Әл-Фараби, Қорқыт, А.Иассауи, Дулати, Тілеуқабылұлы, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Шоқан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев және т.б.



6. Этнопедагогикалық білімінің құрылымы.

Заңдар мен заңдылықтар. Тұжырымдамалар: этнопедагогикалық білім беру; Ғылыми революция теориялары; көпмәдениетті білім беру; гуманитарлық білім беру т.т. Мәліметтер: ғылыми; этнопедагогикалық. Білімді меңгеруді этнопедагогикалық тұрғыдан сипаттау, бағалау.


7. Этнопедагогикалық тәрбие әдістері мен құралдары.

Тәрбие әдістеріне түсінік. Этнопедагогикалық тәрбие әдістерін айқындау. Тәрбие құралдары. Этнопедагогикада қолданылатын құралдар. Құралдарды және әдістерде таңдау. Жазба мұралар. Ауыз әдебиеті. Ертегілер мен аңыз әңгімелер. Батырлар жырлары.


8. Оқушыларды тұлға ретінде қалыптастырудағы этнопедагогиканың орны.

Оқушылардың дүниеге көзқарасын этнопедагогикалық тұрғыдан қалыптастыру. Этнопедагогика құндылықтары негізінде қалыптасқан тұлға моделі. Қазіргі мектептің негізгі этнопедагогикалық тәрбиелік міндеті. Дүниеге көзқарастың маңызы және міндеттері.


9. Отбасы тәрбиесіндегі этнопедагогиканың алатын орны.

Отбасында бала тәрбиесінде этнопедагогиканың алатын орны. Бесік жыры. Ата, апа тәрбиесі. Отбасындағы басқа мүшелердің ықпалы. Салт-дәстүр. Әдет-ғұрыптар. Тыйым сөздер, т.б.


10. Қазіргі кездегі этнопедагогиканың даму тенденциялары.

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы кезеңіндегі этнопедагогика ғылымының жағдайы.

Этнопедагогикалық білімдердің жүйеленуі. Этнопедагогикалық жаңаша көзқарастар. Этнопедагогика ғылымының өкілдері: Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова т.б.

5. Ұсынылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі:


  1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М., Педагогика. Алматы, 2004.

  2. Педагогика Оқу құралы –Алматы: ҚазМҰУ, 2006

  3. Ахметова Г.К., Исаева З.А., Әлқожаева Н.С.Педагогика:Оқулық.-Алматы:Қазақ университеті, 2006

  4. Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу әдістемелік кешен) .-Алматы:Қазақ университеті, 2006

  5. Педагогика. Оқу құралы (Ред. Пидкасистого.-М., 1998) Аударған Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева.-Алматы:Қазақ университеті, 2008

  6. Подласый И.П. Педагогика: 100 Вопросов 100-ответов: Уч. Пособие для студентов высших учебных заведений.М., 2001

  7. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: Нұр әлемі, 2003

  8. Бекгалиев Т. Педагогика . Тараз. 2001

  9. История зарубежной педагогики. Учебное пособие.-А.Н. Джуринский. (154 кб)

  10. Педагогика. Учебное пособие для ВУЗов. В.А. Сластенин

  11. Педагогика Уч. Пособие/под. Ред. Пидкасистого.-М., 1998

  12. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Практикум. Ростов н/Д, 1989.

  13. Балғымбаева З.М. Білім берудің практикалық психологиясы: оқу құралы, Алматы: Қазақ университеті, 2008.

  14. Мынбаева А.К. Основы педагогики высшей школы. Алматы, 2008. –152 с.

  15. Кожахметова К.Ж., Жетписбаева Б.А. Введение в сравнительную этнопедагогику. – Алматы.: «Әлем», 2003.

  16. Кондратьев М.Ю., Ильи В.А. Азбука социального психолога-практика. М., 2007.

  17. Волков Г.Н., Петрова Т.Н., Панькин А.Б. Введение в этнопедагогику. М., 2006. -368с.

  18. Никитина Н.Н. Основы профессионально-педагогической деятельности. М., 2002. -288с.

  19. Брежнева Л.Н., Набоков И.Л., Щеглов В.И. Этнопедагогика. – М.: «Академия», 2008.

  20. Введение в психолого-педагогическую деятельность. – М., 2009. -310с.

Қосымша:

1. Қалиев С, Майғаранова Ш., Нысанбаева Г. Тәрбие хрестоматиясы Алматы, 2001

2. Вульфов Б.З. Иванов Б.Д. Основы педагогики. Уч. Пособие.

3. Сабыров Т.С. Оқыту теориясы. Алматы, 2000

4. Харламов И.Ф. Педагогика. -Минск,1997

5. Сластенин В.А. Педагогика. М., 2000

6. Беспалько В.И.Слагаемые педагогической техналогии обучения. М, 1995

7. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақстандағы педагогикалық ойдың антологиясы. -Алматы, Рауан, 1995.



8. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология -Алматы: Қазақ университеті, 2006

9. Обозов Н.Н. Щекин Г.В. Психология работы с людьми. Киев, 1990.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет