Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-әдістемелік кеңесінің



Дата28.06.2016
өлшемі174.52 Kb.
#163495
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі




әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Ғылыми-әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен



БЕКІТІЛГЕН




«6М051600 – Халықаралық журналистика»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012
Бағдарлама «6М051600 - халықаралық журналистика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушы: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ниязғұлова А.А.

Бағдарлама ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедра мәжілісінде қарастырылған

Хаттама № 35 « 15 » 05 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі__________________ Ниязғұлова А.А.


Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Хаттама № « » 2012 ж.

Әдістемелік бюро төрағасы __________________ Негізбаева М.О.


Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

Хаттама № « » 2012 ж.

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы __________________ Алауханов Е.О.

Ғалым хатшы __________________ Ошанова О.Ж.



1. Мамандық бойынша оқуға түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

- магистранттардың дербес білім алу бағытын таңдауы;

- білім алушылардың бүкіл белсенді өмір қызметінде өзін өзі дамыту және өзін өзі жетілдіру қабілетін, жаңа білімдерді өздігінен шығармашылықпен игеруге деген сұранысы мен машығын ұштау;

- биік кәсіби сұхбат мәдениетіне ие, бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтық ұстанымын қорғай алатын, қоғамның өзекті мәселелерін тұжырымдап, олардың сындарлы шешімін түрлі публицистикалық жанрларда ұсына алатын мамандарды даярлау;

- халықаралық журналистика магистранттарын өзгермелі дүниеде кәсіби ұтқырлыққа кепілдік беретін іргелі білімдермен қамтамасыз ету;

- ақпараттық салада ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметті табыспен жүргізуге, қоғамның түрлі құрылымдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысы саласында зерттеулер жүргізуге қабілетті мамандар шығару.



ғылыми және педагогикалық әзірлікте:

- журналистік ғылым мен педагогикалық қызметтің теориялық проблемаларын игерудегі магистранттардың теориялық және практикалық, өзіндік әзірліктерін тереңдету;

- әлемнің ғылыми бет-бейнесін тұтас қарастыруды қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық үдерістер саласында магистранттардың неғұрлым маңызды әрі тұрақты білімдерді игеруі;

- қоғамның түрлі құрылымдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысы саласында зерттеулер жүргізуге, еліміздің және әлемнің масс-медиасының тарихы, теориясы мен практикасы бойынша оқытушылық қызмет жүргізуге қабілетті мамандар шығару;

- ғылыми зерттеулер ұйымдастыру мен жүргізу машықтарын алу, докторантурада білім жалғастыру үшін қажетті әдістерді игеру;

- жоо педагогикасы мен психологиясы саласында білім минимумын және жоо-да сабақ беру тәжірибесін алу.


2. Магистрантураға түсушілердің әзірлік деңгейіне қойылатын талаптар

1.1 5В050600 – журналистика, 5В050422 – баспа ісі, 5В051400 – қоғаммен байланыс мамандықтары, сондай-ақ «гуманитарлық ғылымдар» және «әлеуметтік ғылымдар және бизнес» бағытындағы мамандықтар бойынша жоғары және жоо-дан кейінгі білімді-магистрантураның білім беру бағдарламаларын игеруді қалайтын тұлғалардың бұған дейінгі білім деңгейі;



1.2 Азаматтарды магистрантураға қабылдау тәртібі жоо-дан кейінгі білім берудің кәсіби бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беруді ұйымдастырудың Типтік ережелеріне сәйкес белгіленеді.

3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері
Жоғары және жоо-дан кейінгі білімді-магистрантураның білім беру бағдарламаларын игеруді қалайтын тұлғалардың бұған дейінгі білім деңгейі тиісті пререквизиттерді: Қазақ тілін, Қазақстан тарихын, Шетел тілін, Шетел журналистикасын, Журналистикаға кіріспені игерген жағдайда.
Азаматтарды магистрантураға қабылдау тәртібі жоо-дан кейінгі білім берудің кәсіби бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беруді ұйымдастырудың Типтік ережелеріне сәйкес белгіленеді.

4. Емтихан тақырыптарының тізімі

«Шетел журналистикасы» пәні


  1. Шетелдік БАҚтар жұмысының экономикалық және құқықтық негіздері.

Шетелдік БАҚ экономикасы. Шетелдік БАҚ-ты құқықтық реттеу жүйесі. Халықаралық БАҚ бағдарламаларының экономикалық құрамдас бөлігі. Шет елдердің БАҚ туралы заңдылығы: негізгі құжаттар мен актілер.


  1. Бұқаралық коммуникациялардың қазіргі заманғы шетелдік теориялары.

Бұқаралық коммуникация мәселелері бойынша теориялық зерттеулер: әлемдік тәжірибе. Бұқаралық коммуникацияның негізгі теориялары. Коммуникациялық үдерістер типологиясы.


  1. Түрлі елдердегі әлемдік БАҚ-тың қазіргі заманғы құрылымы.

Әлемдік БАҚ ұғым ретінде. Әлемдік БАҚ-тың құрылымдық ерекшеліктері. Еуропа БАҚ-тары. АҚШ БАҚ-тары. Азия және Африка БАҚ-тары. Қоғамдық пікір және әлемдік БАҚ: өзара әрекет диалектикасы. Коммуникативтік технологиялар мен журналистиканы дамытудағы Еуроодақ елдерінің қызметі.


  1. БАҚ қызметін этикалық реттеудің халықаралық тәжрибесі.

Шетелдік кәсіби этиканың даму және этикалық кодекстерді қабылдау тарихы. Түрлі елдердің конституциялары сөз бостандығы мен тарихы туралы. Ұлыбритания журналистикасындағы «адал ойын ережелері». Би-би-си стандарттары. Ньюс-омбудсмен институты: Еуропа және АҚШ тәжірибесі. Халықаралық журналистің кәсіби-этикалық санасы шығармашылық мінез-құлықты реттеу жүйесі ретінде. Халықаралық журналистикадағы ақпарат және жалған ақпарат түсінігі. «Бұқаралық» және «элиталық» баспасөз. Аудиторияның сипаты, оның сұраныстары мен мүдделері әлемдік БАҚ-тың даму факторлары ретінде.


  1. Халықаралық журналистика қоғамдық-саяси қызмет саласы ретінде.

Халықаралық журналистика бұқаралық-ақпараттық және қоғамдық-саяси қызмет саласы ретінде. Батыс БАҚ-тары және теледидар мен радионың жетекші арналарының үлгісінде бұқаралық мәдениеттің дамуы. Қазіргі заманғы индустриалды дамыған елдердегі баспасөздің монополизациялану және шоғырландырылу үдерістері. Батыс Еуропа елдеріндегі баспасөздің «сапалық» және «бұқаралық» болып бөліну үдерістері. Батыс елдерінің негізгі редакциялық-баспа корпорациялары мен концерндері.

  1. АҚШ-ның БАҚ. Англия отарларының 17 ғасырдағы және 18 ғасырдың жартысындағы баспасөзінің даму ерекшелігі. АҚШ-тағы тәуелсіздік үшін көсемсөз соғысы. Джефферсон – публицист.

  2. Ұлыбританияның БАҚ. Ұлыбритания – классикалық баспасөздің вертикальді моделінің елі. Жалпы ұлттық басылымдары. Аймақтық басылымдары. Жергілікті баспасөз . Аймақтық (аудандық басылымдар) – жергілікті жаңалықтармен жарнаманың, әнбебап дүкендердің жаршысы. Англиядағы алғашқы күнделікті шығатын басылым«Дейли курант».

  3. Германияның БАҚ . РТЛ-2 .Интерактивті телевидение.

Саяси партиялар және ГФР баспасөзі 1949-1985ж. ГФР ақпараттық концеріндері."Радио және телехабарлар таратудағы ортақ мақсатты сақтау заң жобасы". "ГФР Қоғамдық-құқықтық телерадиокомпаниялардың бірігуі ". Германя моделі: қоғамдық құқықтық арналар. ТВ-ның ГФР жағдайындағы қоғамдық құқықтық арналардың құрылуы, түрлері, ерекшелігі. Германияның қалқандық жүйесі.


9. Қытай Халық республикасының БАҚ. Саяси партиялары және журналистикасы. Батыс европа елдеріндегі партиялық басылымдар жүйесіндегі дағдарыстың экономикалық және әлеуметтік себептері. ҚХР партиялық басылымдарының тізімі. Қытай Коммунистік партия Орталық Комитетінің басылымдары. Қытайдың телевизиялық және радохабар таратуы.

10. БАҚ-тағы жаңа ақпараттық технологиялар. Интерактивтілік, дигитализация және конвергентілік медианың анықтаушы маңызды қызметі ретінде.

«Қазақ журналистикасының тарихы» пәні


  1. Қазақ баспасөзінің құрылу және пайда болу алғышарттары.

Қазақ журналистикасының пайда болуы. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар: авторлар мен тұжырымдама. «Қазақ» газеті: маңызы мен басылу тарихы. «Айқап» журналы: дамудың негізгі белестері.


  1. Қазақ мерзімді баспасөзінің негізін қалаушылар.

Қазақ мерзімді басылымдарының негізін қалаушылардың рөлі мен маңызы. Ы.Алтынсарин мен Ш.Уәлихановтың қазақ мерзімді басылымдарының пайда болу және даму тарихына қосқан үлесі. Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Сәкен Сейфуллиннің, Сәбит Мұкановтың және басқалардың публицистикалық шығармалары мен ұйымдастырушылық жұмысы.


  1. Пайда болу кезеңіндегі, соғысқа дейінгі, соғыс кезеңіндегі журналистика.

20-шы жүзжылдықтағы Қазақстан журналистикасы. Әкімшілік-әміршілдік жүйенің және тоталитарлық режимнің қалыптасу кезеңіндегі журналистика: (1928-1939 жж.). Қазақстанның әскери журналистикасы. Еркін баспасөз. Совет баспасөзі жүйесі, оның типологиясы. 1960-1980 жж. отандық БАҚ жүйесінің құрылуы.




  1. Қазақстан журналистикасының елдің дамуындағы рөлі.

Қазіргі заманғы Қазақстан баспасөзі. Отандық баспасөздің құрылымдық ерекшеліктері мен негізгі типтері. Баспасөздің билікпен қарым-қатынасындағы журналистік ұйымдардың рөлі. Елімізде жағымды экономикалық және рухани климат құрудағы журналистика рөлі. Қазіргі кезеңдегі қазақстандық журналистика міндеттері.


  1. Қазақстан журналистикасының қазіргі жағдайы.

Егемен Қазақстан журналистикасының қалыптасуы. Тұжырымдамалық өзгерістер және қазіргі заманғы БАҚ құрылымы. Редакциялық ұжымдар типтері. Өңірлік БАҚ: рөлі мен маңызы. БАҚ мәтіндеріндегі төзімділік және салмақтылық ұғымы. Қазақстан журналистерінің этикасы. Отандық БАҚ қызметін құқықтық реттеу. Қазіргі заманғы БАҚ жүйесі. Даму тенденциялары мен проблемалары.

«Журналистикаға кіріспе» пәні


  1. Журналистика функциялары

Журналистика қоғамдық институт ретінде. Қазіргі кезеңдегі журналистиканың функциялары мен міндеттері. Журналистика типологиясы. Басылымдар мен телебағдарламалардың негізгі типқалыптастырушы факторлары. Интернет ғаламдық ақпарат және коммуникация жүйесі ретінде.
2.Журналистиканың пайда болуы

Қызмет тегі және кәсіп ретінде журналистиканың пайда болу тарихы. Журналистиканың пайда болу шарттары. Журналистиканың пайда болуының идеологиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық және материалдық-техникалық алғышарттары. Еуропадағы, АҚШ-тағы және Қазақстандағы алғашқы газеттер.

3. Журналистика жанрлары

Журналистикада жанрлар жүйесінің дамуы. Жанрлардың түрлері мен құрылымы. Аналитикалық журналистиканың ерекшеліктері. Жанрлар жүйесіндегі жаңалықтар мен оқиғалар. Ақпараттық жанрлар. Журналистикадағы көркем-публицистикалық жанрлар: ерекшеліктері мен мүмкіндіктері.


4. Редакция жұмысын ұйымдастыру

Редакцияда еңбекті ұйымдастыру жүйесі. Редакциялық иерархия. Редактор мен журналистің міндеттері. Журналистің шығармашылық өзіндік ерекшелігі. Журналистік мәтін мен әлеуметтік практика. БАҚ-тағы компьютерлік технологиялар. Журналистік қызмет тиімділігі. Редакцияның өндірістік-шығармашылық және коммерциялық қызметінің арақатынасы. Құрылтайшы, баспагер, редакция, аудитория: өзара әрекет проблемалары. Ақпараттық агенттіктер мен қызметтер жүйесі.



5Құқық негіздері және БАҚ

БАҚ туралы заңнама жүйесі. Қазақстандағы журналистік қызмет үдерісін реттейтін негізгі құжаттар. ҚР «БАҚ туралы» Заңы: түзетулерді қабылдау тарихы. ҚР Конституциясы сөз бостандығы туралы. «Экстремизмге қарсы тұру туралы» ҚР Заңы журналистика жөнінде.



«Қоғаммен байланыстың қазіргі заманғы технологиялары» пәні


  1. Коммуникативтік кеңістіктің түрлі салаларындағы PR-технологиялар.

Дағдарыс PR-ы, мемлекеттік PR, саяси PR, қаржылық PR, бизнес- PR, корпоративтік PR, қайырымдылық және social branding технологиясы, шоу-бизнестегі PR.

  1. PR-қызметті басқару.

PR-науқан және оның құрамдас бөліктері. Бағдарламалық көзқарас. Мекемедегі PR-қызметі: функциялары, құрылымы, құрамы. Мамандандырылған PR-қызмет.

  1. Ақпараттық материалдарды беру түрлері және PR-коммуникацияны ұйымдастыру.

Жаңалықтар менеджменті. Жаңалықтар ақпаратын басқару механизмдері. Жаңалықтар ақпаратын құру әдістері. Жаңалықтарды жылжыту; ақпараттық материалдарды беру стилі. Өсек-аяңдар, олардың ерекшеліктері және таралу факторлары.

  1. PR-қызметі мен БАҚ-тың қарым-қатынасы.

PR практикасындағы БАҚ-пен өзара қызмет принциптері. Мемлекеттік, қоғамдық және бизнес-құрылымның баспасөзбен байланысын ұйымдастыру формалары. БАҚ-пен байланыс орнатуға бағытталған іс-шаралар типологиясы. Баспасөз мәслихатын дайындап, өткізудің негізгі тәртіптері. Ақпараттық жаңалық материалдарын берудің өзге түрлері.

  1. Баспасөз қызметінің жұмысын ұйымдастыру.

Баспасөз қызметін ұйымдастырудың принциптері. Баспасөз-қызметінің құрамы. Баспасөз-қызметі жұмысының формалары мен әдістері. Баспасөз мәслихатын жоспарлау мен өткізудің практикалық аспектлері. Баспасөз мәслихатын ұйымдастырудың ерекшеліктері. Медиа-брендинг. Пресс-релизді жазу тәртібі және құрылымы.

  1. PR-дағы зерттеу.

Маркетингтегі және PR-дағы социологиялық зерттеулердің әдістері. PR-дағы социологиялық зерттеулер. PR-дағы маркетингтік зерттеулер. Зерттеу нысанын орнату. Зерттеу концепциясын даярлау. Ақпарат жинау. Алынған мәліметтреді талдау. Нәтижені бағалау.
«Тележурналистика» пәні

1.Қазақ телевизиясының тарихы

Ақпараттандыру құралдарының пайда болуы мен дамуына ынталандыру ретіндегі ақпараттық қажеттілік. Телевизияны ойлап табу: П.Бахметьевтің, А.Паповтың, В.Зворыкинаның жұмыстарында айтылады. «Механикалық «Азжолдық» телевизиямен электрондық ТВ». Қазақ телевизиясының туындауы. Отандық телевизияны ұйымдастырудың әлеуметтік және техникалық алғышарттары. Қазақ ТВ-сының даму кезеңдері.

30-жылдардағы эксперименттік телебағдарламалардың мазмұны. 50-60- жылдардағы телевизияның БАҚ ретінде қалыптасуы. Экрандық журналистиканың жаңа түрлерін іздеу. «Тікелей эфир теле берілімдері». 70- жылдардығы телевидениені қайта құру. Қазақ телевизиясының дамуындағы Қазтелерадионың ролі «1969-1985жж.» Бағдарламалық саясаттың орталықтануы; тікелей телевидениені бейнемагниттік жазумен алмастыру; Телевидение қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру және оларды дайындау құрылымын жетілдіру.

КССРО-ның құлауы, жалпы мемлекеттік телевидениенің құрылымы мен статусының өзгеруі. Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақ телевизиясы, даму ерекшеліктері. Коммерциялық телеканалдардың пайда болуы мен дамуы., Теле ұйымдастырушылардың эфирге шығару мен бағдарлама жасаушыларға бөліну.



2. Телевизияның табиғаты.

Экран тілі; оның – кадр, план, ракурс, монтаж және сөз тілі дейтін элементтері. Монтаждың түрлері, яғни, техникалық, логикалық, көркемдік тәсілдерінің мақсаттары. Баяндау мен бейнелеудің құралы ретіндегі монтаж түрлері, «кадр ішіндегі және кадр аралық, паралельді және тоғысатын, ассоцативтік және дистанциялық». Техника мен өнер аралығындағы оператор мамандығы. Телеэфирдің режиссурасы. Телевидениядағы сөз бенен бейне көріністің арақатынасы. Телесюжеттетрді даярлау технологиясы. Телесюжеттің құрылымы.



3. Қазіргі қазақ телевидениясы.

Телевизия дамуының перспективті бағыттары. Кабелдік ТВ. Жердің жасанды серіктері арқылы хабар тарату. Үй видеосы және компьютерлік көрсетілім.



4. Теледидение және қоғам.

Телевидениенің қоғамдық қызметтері. «Ақпараттық, мәдени –ағартушылық, әлеуметтік-педагогикалық, ұйымдастырушылық, білім беру, рекреотивтік, интегративтілік». Жетілдірілген моделі және нақты тәжірибе; телевизия және саясат; телевизия және мәдениет; телевидения және әлеуметтік интеграция проблемалары; телевизиялық журналистиканың жанрлық құрылымы.

5 Ақпараттық жанрлар: заметка, есеп, кейіпкер сөзі, сұқбат, репортаж, пресс-конференция. Талдамалы жанрлар: корреспонденция, түсініктеме, шолу, әңгімелесу, пікірталас. Көркем публицистикалық жанрлар: суреттеме, очерк, эссе, фелетон, деректі телефильм.

6.Телевидение және қоғам

Телевизияның қоғамдық қызметтері (ақпараттық, мәдени-танымдық, әлеуметтік-педагогикалық, ұйымдастырушылық, білім беру, рекреативті, интеграктивті). Идеальді моделі және нақтылы тәжірибелік; телевидение және саясат; телевидение және мәдениет; телевидение және әлеуметтік- интеграция мәселесі.
7. Телевизиялық журналистиканың ақпараттық жанрлары

Ақпараттық жанрлар: ақпарат, есеб, баяндама, сұхбат, репортаж, баспасөз-мәслихаты.

8. Телевизиялық журналистиканың талдамалық жанрлары: корреспонденция, комментарий, шолу, әңгіме, дискуссия. Қазақ телевидениясының белглі жүргізушілері. Спорттық комментарилер. Үлкен спорттық жарыстарды бейнлеу.

9. Көркем-публицистистикалық жанрлар: суреттеме, очерк, эссе, фельетон. Деректі телефильм. Деректі телефильм жасау ерекшелігі.

10. Қазақстан телевидениясының қазіргі жағдайы Қазақстанның қазіргі телеарналары: Хабар, Казахстан – мемлекеттік телеарнасы. Каспионет – шетел аудиториясына арналған арна.

.


Радиожурналистика пәні

  1. Қазақ радиосының туындауы.

Отандық радио хабарын ұйымдастырудың әлеуметтік және техникалық алғышарттары. Радионы ойлап табудың ғылыми және техникалық алғашартттары.

Қазақ радиосының даму кезеңдері. Қазақ радиосының Кеңес кезіндегі ерекшеліктері. Қазақ радиосының тәуелсіздік кезеңдегі ерекшеліктері.



  1. БАҚ құрылымындағы радиожурналистика.

Радио хабары БАҚ құрылымында. Баспасөздің, радио хабардың, телевизияның құрылымдық аспектілері: барлық құралдардың негізгі әлеуметтік функцияларының бірлігі; аудитория бірлігі; әрбір БАҚ-тың баяндау мен қабылдау құралдарының ерекшеліктері.

  1. БАҚ құрылымындағы радио хабардың орнын анықтайтын факторлар. Радио хабарды тыңдаудағы шешуші фактор ретіндегі уақыт кестесі. БАҚ құралдарының бірі ретіндегі радио хабардың бүгінгі даму тенденциясы.

  1. Радиожурналистиканың баяндау құралдары.

Дыбысты сөз- баста баяндау құралы. Радио хабардағы музыка және табиғи дыбыстар.

  1. Радиожурналистиканың жарнлары және радио берілімнің түрлдері

«Дыбысталған» және «тыңдалатын» журналистиканың жанрлдар құрылымының пайда болуы мен дамуы. Осы процестің басылымдық журналистика тәжірибесімен байланысы. Жанрлардың үш тобы: ақпараттық-оқиғалық, талдамалық, деректі –көркем жанрлар, бұлардың бағдарламадағы өзара байланысы. Шындықты тану мен баяндаудың тәсілі ретіндегі радиожурналистиканың жанрлары.

  1. Бүгінгі радиожурналистикадағы тоқырау проблемалары және кейбір жанрлардың «жоғалып кетуі». «Радиожурналистика жанрлары» мен «радиоберілім формалары» түсініктерінің арақатынасы.

7 .Сұхбат тәсілі

Сұхбат ақпарат алудың сұрақ-жауап тәсілі ретінде. Тәсілді қолданатын салалар «ғылым, әлеуметтану, саясат, бизнес, журналистика, медицина, юриспруденция, демография». Сұхбаттағы сұрақ. Сұрақтар классификациясы. «Ашық, жабық, жартылай жабық; жобалау, пысықтау сұрақтары; альтернативтік». Сұрақтарға қойылатын талаптар және оларды бағалау критерийлері «ойлылығы, орындылығы, ақпараттылығы, санаға әсер етуі, эстетикалығы» Сұхбаттың психологиялық аспектілері.



8 . Сұхбатқа дайындық: мақсатты анықтау; орын мен сұхбаттасушыны табу; тақырып пен проблеманы ұғыну; әңгімелесуші туралы мәліметтер алу; сұрақтарды құрастыру. Сұхбатты өткізу: сұхбаттасушымен байланыс орнату, сұхбат өткізудің дыбыстық ортасын бағалау, сұрақтардың ретін анықтау, жауаптарды іштей қадағалау, имправизация сәттері, сұхбат кезіндегі бақылау.


  1. Қазақстан радонарығының қазаіргі жағдайы Қазіргі Қазақстан радиоарналары. Шетелдерге хабар тарату ерекшелігі. Радио Азаттық. Қазақстан радионарығындағы Ресей монополиясы..

  2. Ақпарат құралдарының бірі ретінде радиохабар тарату бағыт-бағдары. Радиохабар тыңдау-өмірдің толқыны ретінде.Радиохабар тыңдау түрлері. Фондық тыңдау. Радио Интернетте. Радиохабар тарату жіктелісі.


«Бұхаралық коммуникацияның тілі мен стилі» пәні
1. Стиль қызметі. Түрлері

Сөйлеу стилінің қызметі-адмзаттың түрлі салада қолданатын сөлеу стилінің тарихи қалыптасқан жүйесі; қарым-қатынас жасаудағы белгілі бір қызмет атқаратын әдеби тілдің түрлері. Тілдік жанрлар және олардың бес негізгі түрлері: ғылыми, ресми-іскерлік, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем.
2. Баспасөздегі мәтіндік құрылым.

Сөйлеудің қалыптасуымен адамбаласының айнала қоршаған ортасын бейналей отырып ақпарат беру үшін тілдік құрылымдар қалыптаса бастады. Мәтін - бұл вербальді немесе графикалық ақпараттың таңбалық семантикалық бейнесі.

3. Телевидения және радио тілі


Телевидение тілі сценарии түрінде болады, хабарларды дайындаудағы негізгі құралы осы болып табылады. ТВ Кадрде және кадрдан тыс болып келеді. Радиохабардың тілі көбіне фонематикалық роліне басым бағынады. Бұл жерде аудиторияның тыңдау қабілетіне негізделеді.
4. Тораптық медиа тілі

Тораптық медианың тілдің обьектісі ғаламдық компьютерлік жүйе интернет болыптабылады. Интернет –олне бір мекеменің немесе коммерцмялық ұйымның жеке меншігі емес. Сондықтан оның шекарасы да шексіз, тілдік нормалары да бақыланбайды.

5. Редакциялау негізі

Мәтінді редакциялау – жариялымды жарыққа шығару үшін бірнеше қызметтің жиынтығы болып табылады. Редакторлық түзетулер, әдеби түзетулер талдау жасауды қажет етеді.

5. Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:


  1. Современные массовые коммуникации в условиях глобализации. 2006. Нуртазина Р.А.

  2. Козыбаев С.К. Журналистика Казахстана//Алматы: 2009 г

  3. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. 2000.

  4. T.Crabbe. ‘The Public Gets what the Public Wants’: England Football Fans, ‘Truth’ Claims and Mediated Realities // International Review for the Sociology of Sport. 2003. Vol. 38. No. 4. P. 413-425. [Статья]

  5. Машан М.. Политическая система Казахстана: трансформация, адаптация, целедостижение. – Алматы 2000.

  6. Кузембаев Н. Историко-культурное наследие кимаков и кипчаков т.2. серия Кочевники 2006. С. 208.

  7. Бачило И.Л., Лопатин В.Н., Федотов М.А. Информационное право. - Учебник / Под общей ред. акад. Б.Н.Топорнина. — СПб. 2001.

  8. Федотов М.А. Правовые основы журналистики. - Труды по интеллектуальной собственности. Том IV. М., ИМПЭ, 2001.

  9. Политики о политической журналистике. Десять интервью/под ред Л.Л. Реснянской – М., 2003

  10. Дьякова Е. Г., Трахтенберг А.Д. Массовая коммуникация: модели влияния. Как формируется "повестка дня"? Екатеринбург: Издательство гуманитарного университета, 2001.

  11. Медеуова Д.Т СМИ в условиях глобализации. 2003.

  12. Калмыков А.А., Коханова Л.А. Интернет-журналистика. Калмыков А.А., Коханова Л.А. 2005.

  13. Журналистика в мире политики. 2004. Под ред. Г.Корконосенко.

  14. Барлыбаева С.Х. Коммуникационное развитие: национальный и международный аспекты. 2008.

  15. Политкорректность в СМИ Казахстана: поиск гармоний. 2007.

  16. Ибраева Г. Ж. Масс-медиа в политической структуре общества. – Алматы: 2000


Қосымша әдебиеттер:


  1. Парламентская журналистика. Опыт Казахстана и Великобритании. 2007.

  2. Журналистика: профессия, призвание или политика. 2003. ХорченкоС.

  3. Ибраева Г.Ж. Региональные конфликты и СМИ. 2000.

  4. Профессиональная этика журналиста. 2006. Лазутина Г.В.

  5. Профессиональная этика журналиста. 2003. Авраамов Д.С.

  6. Драч Г. История мировой культуры (мировых цивилизаций). 2008. 533 с.

  7. Маркова А. Культурология. История мировой культуры. 2007. 600 с.

  8. Садохин А. Межкультурная коммуникация 2004. 288 с.

  9. Бенхабиб С. Притязания культуры. Равенство и разнообразие в глобальную эру. М. 2005.

  10. Иноземцев В.А. Современное постиндустриальное общество: природа, противоречия, перспективы. М., 2000.

  11. Кузембаев Н. Золотая Орда т.3. серия Кочевники. 2007. 248 с.

  12. Персикова Т.Н. Межкультурная коммуникация и корпоративная культура. М. 2004.

  13. Почебут Л.Г. Взаимопонимание культур: методология и методы этнической и кросс-культурной психологии. Психология межэтнической толерантности. СПб. 2005.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет