Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңестің мәжілісінде бекітілген хаттама №



Дата09.06.2016
өлшемі180.51 Kb.
#124936
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Ғылыми-әдістемелік кеңестің мәжілісінде бекітілген

хаттама №_________

«_____»_____2012 ж.











«6M0113- Биология (педагогикалық)» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

4. Емтихан тақырыптарының тізімі
Адам анатомиясы” пәні бойынша


  1. Тірек-қимыл аппаратына түсінік. Қаңқа және оның бөлімдері, функциясы. Сүйек – мүше ретінде. Сүйектердің химиялық құрамы мен қасиеттері. Сүйектердің химиялық құрамы мен механикалық қасиеттерінің жасқа сай өзгерістері. Сүйектердің қосылу типтері. Буындардың жіктелуі. Ми сауыты мен бас қаңқасының висцеральді бөлімдері туралы түсінік, құрылысы. Қол мен аяқ қаңқасының белдеу сүйектері мен еркін қозғалатын сүйектерімен танысу.

  2. Асқорыту жүйесі: түтік тәрізді мүшелер және бездер. Ауыз қуысындағы мүшелердің құрылысы. Асқазанның құрылысы, оның бөліктері, құрылымдық ерекшеліктері. Аш ішек, оның бөлімдері, құрылымдық-қызметтік бірлігі. Тоқ ішек, оның бөлімдері, құрылымдық ерекшеліктері. Сілекей бездері: үлкен және кіші. Ұйқы безіндегі асқорыту бөлімінің құрылысы. Бауырдың құрылысы: қыртыстары, бөліктері.

  3. Ауа өткізгіш жолдар және респираторлы бөлім. Трахея және негізгі бронхының құрылысы. Бронхы тармақтары, оның компоненттері. Өкпенің бөліктері, құрылымдық-қызметтік бірлігі.

  4. Бөліп шығару жүйелері: несепті қалыптастыру және несеп шығару құрылымдары. Бүйректің құрылысы: қыртысты және милы заттары. Нефрон – бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі.

  5. Жүрек, оның бөлімдері, қыртысы. Жүрек қабырғасының қабаттары, камералары. Қан айналу шеңбері.

  6. Жұлынның құрылысы. Сұр және ақ заттары. Жұлын қабығы: бөліктері және сегменттері.

  7. Көру мүшесінің құрылысы. Көз алмасының қабықтары мен ядросы. Көз жас шығару аппараты. Көз алмасының бұлшықеттері.


«Генетика» пәні бойынша
1. Генетика пәні туралы түсінік және генетикада қолданылатын әдістер. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік туралы түсінік. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің тірі ұйымның әртүрлі: молекулалық, клеткалық, организмдік және популяциялық деңгейлерінде көрінуі. Тұқымқуалаушылықтың цитологиялық негіздері. Клетканың бөлінуі және өзін-өзі өндіруі. Митоз. Митоздық цикл және митоздың фазалары. Кариотип. Гибридологиялық әдіс.

2. Моногибридтік және полигибридтік будандастырулар. Моногибридтік будандастыруда Мендель ашқан тұқымқуалау заңдылықтары. “Гаметалар тазалығы” заңы. Талдаушы будандастырудың маңызы. Аллелизм. Көптік аллелизм. Аллельді гендердің өзара әсері: толық және толық емес доминанттылық, коодоминанттылық. Ажыраулардың статистикалық сипаты. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі: комплементарлық, эпистаз, полимерия. Гендер-модификаторлар. Гендердің плейотроптық әсері. Пенетранттылық және экспрессивтілік.

3. Жыныс хромосомалары, гомо- және гетерогаметалы жыныс. Жынысты анықтаудың хромосомалық теориясы. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқымқуалауы. Жыныспен тіркескен белгілерді зерттеу үшін реципрокты шағылыстырулардың маңызы. Жыныс хромосомалары ажырамаған кездегі тұқымқуалау. Хромосомалардың бірінші және екінші ажырамауы. Жынысты анықтаудың баланстық теориясы. Интерсекстер. Гинандроморфизм.

4. Тіркесе тұқым қуалау құбылысының ашылуы. Тіркесу топтары. Тіркесе тұқымқуалаудың цитологиялық негіздері. Кроссинговердің генетикалық дәлелдері. Хромосомалардың жекелеген және көптеген айқасулары. Интерференция және коинциденция. Гендердің хромосомаларда линиялық орналасуы. Геннің орналасу орнын табу (локализация). Геннің орналасу орнын табу (локализация) үшін цитогенетикалық талдау мәліметтерін қолдану. Мейоздық және митоздық кроссинговер. Кроссинговерге әсер етуші факторлар.

5. Мутациялық өзгергіштік. Генеративті және соматикалық мутациялар. Гендік мутациялар. Хромосомалық қайтақұрылулар. Хромосома ішілік және хромосомааралық қайтақұрылулар: делециялар, дупликациялар, дефишенсилер, инверсиялар, транслокациялар, транспозициялар. Геномдық мутациялар. Полиплоидия. Автополиплоидия. Аллополиплоидия.

6. Популяция және оның генетикалық құрылымы. Панмиктиялы0 популяция. Харди-Вайнберг заңы, оның қолдану мүмкіндігі. Адам генетикасын зерттеудің әдістері. Тұқым қуалайтын аурулар. Хромосомалық және гендік аурулар. Тұқым қуалайтын және туа пайда болған аурулардың шығу себептері. Селекция ғылым ретінде. Селекцияда қолданылатын әдістер. Селекцияда бастапқы материал туралы ілім. Тұқым, сорт, штамм туралы түсінік.


«Молекулалық биология» пәні бойынша
1. Молекулалық биология пәні. Биология ғылымы саласында молекулалық биология пәнінің рөлі және оның алатын орны.

2. Белоктар. Белок компоненттері және олардағы химиялық байланыстар. Белоктардың пішіні және көлемі. Глобулярлы және фибрилярлы белоктар.

3. Нуклеин қышқылдары: ДНҚ, РНҚ. Олардың жалпы сипаттамасы. Нуклеин қышқылдарының құрылымы. Пуринді және пиримидинді негіздер. Көмірсулы компоненттер. Нуклеозидтер. Нуклеотидтер. ДНҚ-ның бірінші реттік құрылымы.

4. Әр түрлі организмдердегі ДНҚ-ның нуклеотидтік құрамы. ДНҚ-ның макромолекулярлы құрылымы. ДНҚ-ның қосспиралды құрылымының биологиялық маңызы. ДНҚ-ның В-, А- және Z-формалары. Сақиналы және суперспиральды ДНҚ молекуласы. ДНҚ денатурациясы және ренатурациясы.

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ). РНҚ-ның құрылымы және қасиеттері: ақпараттық, рибосомдық және тасымалдаушы РНҚ. ДНҚ-ның нуклеотидтік тізбегін анықтау. Максам-Гильберт әдісі, Сенгер әдісі.

5. Тұқым қуалаудағы ДНҚ-ның рөлі. Генетикалық ақпараттың өзін-өзі өндіруі. Комплементарлық принцип және оның биологиялық рөлі. ДНҚ репликациясы. Репликацияның негізгі принциптері. ДНҚ репликациясының жартылай консервативтілігі механизмінің тәжірибелік дәлелдемесі. Мезельсон және Сталь тәжірибесі. Сақиналы ДНҚ репликациясы. Эукариот және прокариот репликациясының ерекшеліктері. Репликация инициациясы. Репликативті айырым, оның құрылымы және қызметі. Бір бағытты және екі бағытты репликация. Репликация энзимологиясы. ДНҚ-полимераза. Эукариоттардағы ДНҚ полимеразаның жіктелуі және қызметі. ДНҚ-лигаза. ДНҚ-топоизомераза. Топоизимераза –ІІ.

6. ДНҚ байланыстырушы белоктар олардың сипаттамасы және қызметі. Оказаки фрагменттері. Репликондар. Транскрипцияның инициациясы, элонгациясы және терминациясы. Промоторлы аймақ. ТАТА-тізбек (Прибнов-бокс). Транскрипцияның белоктық факторлары. Транскрипция терминаторы. Алғашқы транскриптер процессингі. тРНҚ және рРНҚ процессингі. Эукариоттарда мРНҚ-ның жетілуі және процессинг (сплайсинг). Жетілген мРНҚ-ның құрылымы. Моно– полицистронды мРНҚ. Сплайсинг механизмдері және оның түрлері.

7. Генетикалық код. Оның негізгі қасиеттері. Кодон құрылымы. Белок биосинтезі. Трансляция аппараты. Транспорттық РНҚ. тРНҚ-ның бірінші, екінші және үшінші реттік құрылымы. Антикодон. Аминоацил тРНҚ-синтетаза құрылымы. Про- және эукариоттардағы рибосома құрылымы. Рибосомды РНҚ және рибосомадағы негізгі бірлігінің белоктары. рРНҚ-ның процессингі. мРНҚ-ның прокариоттардағы трансляциясы, трансляция этаптары (инициация, элонгация, терминация), оның механизмдері, реттелуі.

мРНҚ-ның эукариоттағы трансляциясы. Трансляция элонгациясы. Элонгацияның белоктық факторлары. Трансляция процесінің терминациясы.

8. ДНҚ репарациясы. Репарация типтері. Мутациялық бұзылыстардың коррекциясы. Фоторективация. Алкилді зақымдаудың репарациясы. Эксцизионды репарация. Рекомбинациялық репарация. SOS-репарация. Клетканың генетикалық аппаратының тұрақтылығының сақталуындағы ДНҚ репарациясының рөлі.


«Зоология» пәні бойынша
1. Зоология пәнінің мақсаттары мен мәселелері, оның маңызы, қысқа даму тарихы, негізгі даму кезеңдері және бағыттары. Зоологияның басқа биология ғылымдарымен байланысы. Зоология тараулары және зерттеу әдістемелері Омыртқасыз жануарлардың систематикасы, практикалық маңызы. Клеткалық деңгейдегі жәндіктердің систематикасы мен жалпы сипаттамасы.

2. Жануарлардың құрылымдық деңгейі. Құрылымның клеткалық деңгейі. Қарапайымдылардың жалпы сипаттамасы және жүйелік шолу.

3. Паренхиматозды құрттар. Жалпақ құрттардың жалпы сипаттамасы және жүйелік шолу. Мезодерма және оның туындылары. Жұмыр құрттардың сипаттамасы. Паразиттік өмір сүруге жануарлардың бейімделуі. Буылтық құрттардың сипаттамасы, құрылысының ерекшеліктері, көбеюі мен дамуы.

4. Буынаяқтыларға сипаттама және жүйелік шолу. Шаянтәрізділер.

Насекома класының сипатамасы. Өкілдерінің құрылысындағы ерекшеліктерінің негізгі отрядтары. Насекомалардың эмбрионалды және постэмбрионалды дамуы.

5. Хордалылар типінің шығу тегі, сипаттамасы, систематикасы. Төменгі сатыдағы хордалылардың және омыртқалылардың жалпы құрылымы. Анамния және Амниота тобына бөлінудің негіздемесі. Омыртқалы жануарлардың жабындысының морфологиялық эволюциясы. Анамниялар мен Амниоталардың эпидермисі мен дермасының және оның туындыларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

6. Дөңгелек ауыздылар мен шеміршекті балықтардың шығу тегі, жалпы сипаттамасы мен систематикасы. Анамниялар мен Амниоталардың посткраниальды қаңқасының шығу тегі мен эволюциясы. Сүйекті балықтардың шығу тегі, жалпы сипаттамасы мен систематикасы. Екіжақты тыныс алушы, қалаққанатты мен сәулеқанатты балықтар. Қан және тыныс алу жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Құрлық омыртқалыларының шығу тегі. Қосмекенділердің жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы.

7. Омыртқалылардың асқорыту жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Асқорыту жолдары бөлімдерінің қызмет атқару сипаттамасы.

Омыртқалылардың зәр-жыныс жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Су және құрлық омыртқалыларының су-тұз алмасу ерекшеліктері. Тасбақалар, Крокодилдер мен Қабыршақты рептилиялардың шығу тегі, жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы. Омыртқалылардың орталық және шеткі нерв жүйесінің морфологиялық эволюциясы. Жүзгіш, Жүгіргіш және Ұшқыш құстардың шығу тегі, жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы. Жұмыртқасалушылар, Қалталылар және Плаценталы сүтқоректілердің шығу тегі, жалпы құрылымы, биологиясы мен систематикасы.
Цитология және гистология” пәні бойынша
1. Клетка теориясының негізгі қағидалары. Клетканы зерттеу әдістері. Жарық және электрондық мироскоппен зерттеу әдістері. Тірі және бекітілген клеткаларды зерттеу әдістері. Клетка компоненттерін зерттеудің иммунохимиялық әдістері туралы жалпы түсінік беру. Гольджи аппаратының құрылысы және қызметі, оның синтездегі, сегрегациядағы, жетілудегі, секрет шығарудағы және клеткаға басқа заттарды өткізудегі рөлі.

2. Лизосомдардың құрылысы, қызметі, класификациясы, олардың клеткаішілік асқорытудағы және фагоцитоздағы рөлі. Митохондрияның құрылысы: мембраналары, кристылары, матриксы. Оның синтездегі және АТФ жинақтаудағы рөлі. Клеткадағы АТФ-ң синтезделу жолдары: анаэробты гликолиз және тотығу-тотықсыздану процестері. Бактериялардағы митохондрияның қызметін атқаратын туындылар.

3. Эпителий ұлпаларының жүйесі. Шекаралық ұлпаларға жалпы морфофункционалдық сипаттама. Эпителий ұлпаларын классификациялаудың жалпы принципі. Эпителий классификациясының морфофункционалдық, филоонтогенетикалық жүйелері.

4. Тері эпителийінің классификациясы: бірқабатты, көпқабатты, кутикулалы. Тері эпителийінің негізгі түрлеріне жалпы морфофункционалдық сипаттама. Сүтқоректілер эпидермисінің құрылысы және репаративті және физиологиялық регенерациясы. Омыртқалы жануарлар тері эпителийінің туындылары. Эпидермистегі негізгі клетка популяциясы.


«Ботаника» пәні бойынша

1. Ботаника және оның салалары. Пластидтер туралы түсінік. Олардың типтері, химиялық құрамы, шығу тегі.



2.Ұлпалар туралы жалпы түсінік.Түзуші ұлпалар. Ассимиляциялық ұлпалар. Қор жинаушы ұлпалар. Аэренхима.Сорушы ұлпалар Архаулық және өткізгіш ұлпалар. Архаулық ұлпалар және олардың ерекшеліктері. Өсімдіктер денесінде архаулық ұлпалардың орналасуы. Өткізгіш ұлпалар және олардың құрам бөліктері, қызметі. Өткізгіш шоқтар түрлері және құрамы.

3. Тұқымның типтері. Ұрық және тұқым туралы түсінік. Жерасты және жер үсті өніп, көктеп шығу.Тамыр және тамыр жүйелері.Тамырдың қызметі, құрамы. Өркен және өркен системасы. Бүршік және оның типтері. Өркеннің меристемалық төбесінің құрылысы. Жапырақтың шығу тегі туралы түсінік. Жапырақтың орналасуы және оның заңдылықтары. Жапырақтың морфологиялық жіктелуі -Жапырақтың анатомиясы. Сабақтың морфологиясы. Сабақ және тамырдың салыстырмалы алғашқы құрылысы. Сабақтың алғашқы құрылысының күрделенуінің эволюциясы немесе Стела теориясы. Өркеннің бутақтануы. Сабақтың анатомиялық соңғы құрылысы.

4. Дара жарнақтылар сабағының құрылысы. Бүршіктерден өркендердің дамуы. Гүлшоғыры туралы жалпы түсінік және олардың типтері. Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы және көбеюі. Өсімдіктердің көбеюі және жаңа ұрпақтан пайда болуы туралы жалпы түсінік. Мүктердің ұрпақ шығару циклдары. Папоратниктің ұрпақ шығару циклдары. Тозаңдану. Ұрықтану - қосарлана ұрықтану. Гүлдің құрылысы, қызыметі және шығу тегі. Гүлдің морфологиясы. Жемістердің морфологиясы. Апомиксис. Жемістер туралы жалпы түсінік. Жай, күрделі және біріккен жемістер. Нағыз және жàлған жемістер.Құрғақ және шырынды жемістер. Өсімдіктердің экологиялық типтері. Өсімдіктердің тіршілік формалары. Өсімдіктердің жасына қарай өзгеруі. Өсімдіктердің мерзімге қарай өзгеруі.

5. Ашық тұқымдылардың жалпы сипаттамасы. Қарағайдың даму циклы. Өкілдері.

6. Күрделігүлділер тұқымдасы. Жалпы сипаттамасы. Гүлдерінің құрылысы. Өкілдері. Маңызы. Қоңырбастар тұқымдасы. Жалпы сипаттамасы. Гүлдерінің құрылысы. Өкілдері. Халық шаруашылығындағы маңызы. Эпидерма құрылысы, қызметі, негізгі клеткалары. Өткізгіш ұлпалар олардың құрылысы, қызметі.Тамырдың қызметі, тамыр системасы, классификациясы. Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы және көбеюі туралы түсінік. Өсімдіктердің экологиялық типтері, тіршілік формалары, жасына және мерзімге қарай өзгеруі.
«Эволюциялық ілім» пәні бойынша
1. Эволюциялық ілім - тірі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күштері туралы ғылым. Эволюциялық теорияның биологиялық ғылымдар жүйесіндегі ор­ны, оның ғылыми және практикалық маңызы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы негізгі теориялар. Көне дүниедегі эволюциялық идеялар (Қытайдың, Индияның фи­лософиялық мектептері, грек философтары). 18-ші және 19-шы ғасырдың бірінші жартысында эволюциялық көзқарастардың дамуы. Линнейдің, Бюффонның, Вольфтің, Сент-Илердің, Бэрдің ж.б. еңбектерінің тірі табиғаттың да­муы мен бірлігі туралы түсініктерді қалыптастырудағы ролі. Трансформизм мен креоционизмнің күресі. Биологиядағы преформизм және эпигенез идеялары. Ламарк ілімі. Органикалық формалардың градация принципі және оның прогрессивті эволюциядағы ролі. Ламарк заңдары. Ламарк теориясын сынап талдау. Ч.Дарвин теориясы шығуының алғы шарттары. Ч.Дарвиннің “Түрдің шығуы” еңбегінің негізгі қағидалары. Дарвиннен кейінгі дәуірде эволюциялық теорияның дамуы. Генетика мен дарвинизмнің синтезделуіндегі алғашқы қадам­дар. Неоламаркизм, оның бағыттары. Неокатастрофизм, оның формалары. Неодарвинизм, оның бағыттары.

2. Тіріге тән негізгі қасиеттер. Тіршіліктің геохимиялық ролі (Вернадскийдің ілімі). Тіршілік ұйымының негізгі деңгейлері, олардың өзара байла­ныстылығы және арақатынасы. Эволюцияның зерттеу әдістері және дәлелдері. Жердегі тіршілік. Эволюцияның негізгі кезеңдері және си­паттары. Жердің геохронологиясы туралы жалпы мәліметтер. Өсімдіктер мен жануарлар эволюциясының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері. Микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар эволюциясының өзара байланысы (биогеоценоз). Өзгергіштіктің түрлерін Дарвин және қазіргі генетиканың түсіндірулері. Комбинативтік өзгергіштік, эволюциядағы рөлі. Өзгергіштіктегі ортаның ролі. Реакция нормасы.

3. Популяцияның анықтамасы. Қарапайым эволюциялық бірлік және қарапайым эволюциялық құбылыс туралы түсінік. Популяцияның экологиялық сипаттамалары (көлемі, жастық және жыныстық құрылымы, динамикасы). Популяциялардың негізгі эволюциялық-генетикалық сипаттама­лары (гетерогенділік, популяцияішілік полиморфизм). Харди-Вайнберг теңдеуі және оның популяция гендері мен генотиптерінің жиілігін анықтау үшін қолданылуы. Генотиптер жиілігінің тепе-теңділігінің сақталу жағдайлары.Мутациялық процес - қарапайым эволюциялық фактор. Мутациялардың жіктелуі: гендік, хромосомалық, геномдық. Мутациялардың жиілігі, кездесойлықтығы, бағытталмағаны. Генотип және фенотип – гентикалық реакция нормасының көрінісі.Популяциялық толқындар - қарапайым эволюциялық фактор. Жіктелуі. Гендердің кездейсоқ дрейфі. “Негізін салу” және “бөтелке мо­йыны” нәтижелілігі. Оқшаулану - қарапайым эволюциялық фактор. Оқшаулану құбылыстарының жіктелуі, оның эволюциялық про­цесстегі ролі. Түртүзілудегі оқшауланудың эволюциялық ролі.

4. Тіршілік үшін күрестің Дарвиндік концепциясы. Тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыптаудың байланысы. Тіршілік үшін күрестің формалары. Қолдан сұрыптау туралы Ч№ Дарвинның ілімі. Дарвиннің табиғи сұрыпталу теориясы. Табиғи сұрыпталудың негізгі салдарлары. Табиғи сұрыпталу қарқынының сандық өлшемі. Табиғи сұрыпталудың әсерінің тәжірибиелік зерттелуі. Табиғи сұрыпталу әсерінің мысалдары. Табиғи сұрыпталудың формалары. Жыныстық сұрыпталу. Бейімделулерлің пайда болуы – табиғи сұрыпталу әсерінің нәтижесі. Мимикрия. Бейтс және Мюллер мимикриясы. Бейімделушілік сол генотиптің көбею қарқынының сандық өлшемі екендігі. Орташа бейімдеушілк, оның құндылығы. Сұрыпталу коэффиценті түсінігі. Органикалық мақсатқа сәйкестілік мәселесі. Түр түсінігінің тарихы (Рей, Линней, Ламарк, Дарвин, Майр). Түр туралы типологиялық және номиналдық концепциялар. Түртүзілу генетикалық ашық жүйелердің генетикалық жабық жүйелерге айналуы екендігі. Түр генетикалық тұрақты жүйе екендігі туралы түсінік. Түр жүйе екендігі (Вавилов). Дарвинның түр туралы концепциясы. Түрдің биологиялық концепциясы, түр және систематика. Түрдің құрылымы, ақиқаттығы және дискреттілігі, гетерогенділігі. Түрдің критериялары. Түртүзілудің жолдары мен кезеңдері. Географиялық түртүзілу. Симпатриялық түртүзілу. Түртүзілудің тәсілдері.

5. Макроэволюция түсінігі. Микро- және макроэволюцияның арақатынасы. Геккельдің биогенетикалық заңы және оның қазіргі түсіндірмесі. Рекапитуляция туралы түсінік. Онтогенез филогенездің жаңа бағыттарының қайнар көзі екендігі. Северцевтің филоэмбриогенездер туралы ілімі. Онтогенездің эмбриондануы. Автономдану - онтогенез эволюциясының негізгі бағыты. Органдардың филогенетикалық қайтақұрылуларының алғы шарт­тары. Мультифункционалдылық және функцияның сандық өзге­руі. Органдар мен құрылымдардың полимеризациялану және олигоме­ризациялану принциптері. Филогенезде органдар мен олардың жүйелерінің морфологиялық қайтақұрылуларындағы өзара байланыс. Гетеробатмия және компенсация принциптері. Органдар мен функциялардың эволюциядағы қарқыны. Белгілер эволюциясының қарқынын зерттеу әдістері.

6. Филогенездің негізгі формалары: филетикалық эволюция, ди­вергенция, конвергенция, параллелизм. Арогенез және аллогенез - филогенетикалық топтар эволюция­сының бағыты. Мамандану-эволюция бағыты екендігі. Филогенетикалық топтар эволюциясының қарқыны. Реликтлер, эволюцияның тұйықталулар мәселесі. Филогенетикалық топтар эволюциясының ережелері. Қайтымсыз­дық, үдемелі мамандану, биологиялық жүйелердің бірігуінің күшеюі т.б.



7. Антропогенез. Жануарлар жүйесіндегі адамның орны. Адамның жануардан шыққандығы туралы зоологияның, антропологияның, генетика­ның, молекулалық биологияның мәліметтері. Homo sapiens эволюциясының негізгі кезеңдері. Саналы адам дамуының негізгі сатылары. Қазіргі адам нәсілдерінің эволюциялық-генетикалық бірлігінің дәлелдері. Қарапайым эволюциялық факторлардың саналы адам эволюциясына әсері.
«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


  1. Физиология пәні және әдістемелері. Физиологиялық жүйелер мен функциялар түсінігі.

  2. Функцияны реттелу жүйесі. Тіршіліктің негізгі көріністері және олардың реттелуі. Ағза функциясының жүйелік талдануы. Функциялық жүйелер теориясы(П.К.Анохин). Системогенез. Ағза функциясының өзіндік реттелуі – гомеостазды ұстап тұрудың негізгі механизмі. Клетка физиологиясы. Нерв жүйесінің физиологиясы: басқарудың жалпы принциптері, онтогенез және филогенездегі даму, соматикалық (перифериялық және орталық) және вегетативті (автономды) нерв жүйесі. Нейрон – ОНЖ құрылымдық және функциялық бірлігі ретінде. Нейрондар арасындағы байланыстар. Нерв орталығы жөнінде түсәнәк және оның қасиеттері. ОНЖ функциялауында координациялау принципі. ОНЖ қозуы және тежелуі . Вегетативті нерв жүйесінің функциясы. Сенсорлық жүйенің физиологиясы: рецепцияның жалпы принциптері және сенсорлық ақпараттың өңделуі. Бұлшық ет жүйесінің физиологиясы.

  3. Қан, клетка аралық сұйықтық, лимфа. Ағзаның ішкі ортасының физиологиясы. Қан жүйесі. Негізгі функциялары, көлемі, құрамы және қанның физика–химиялық құрамы. Қан плазмасының белоктары және олардың функциялық мәні. гипо–, гиперпротеинемия. Әртүрлі жануарлардың қан көрінісі. Қан жасалуы. Лимфоайналымы. Лимфаның түзілуі. Лимфаның құрамы. Лимфа жүйесінің функциясы. Лимфа және қанның гомеостатикалық функциясы. Бұзылуы. Компенсация механизмдері. Қан айналу физиологиясы.

  4. Тыныс алу, асқорыту, бөліп шығару жүйелері. Репродуктивті функция. Зат және энергия алмасудың реттелуі.

  5. Функцияның гормонды реттелуі. Гуморалды әсердің типтері гипоталамус. Нервтік және эндокринді бақылаудың интеграциясы. Гипоталамо-гипофизарлы жүйе. Гомеостазды қалыптастыру және ағзаның бейімделу реакциясындағы эндокринді жүйелердің мәні.



5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:

  1. Нұрұшев М. “Адам анатомиясы” Алматы, “Қарасай” 2006ж

  2. Рақышев А. “Адам анатомиясы” Т.1-2, Алматы, “Білім”, 1995, 2004

  3. Сапин М.Р., Билич Г.Л. “Анатомия человека” М. “Высшая школа”, 1989, 1996

  4. Синельников Р.Д. “Атлас анатомии человека” Т – 1-3 М. “Медицина” 1968, 1972, 1974.

  5. Жимулев С.Г. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск. Изд-во Сиб. АН. 2002.

  6. Бакай А.В., И.И. Кочиш, Г.Г. Скрипниченко. Генетика. М., Колос, 2007.

  7. Бочков А.Н. Клиническая генетика. М., Колос, 2007.

  8. Берсімбаев Р.І., Мұқамбетжанов К.Қ. Генетика. Алматы: Қазақ университеті. 2002. 1-бөлім.

  9. Берсімбаев Р.І., Мұқамбетжанов К.Қ.. Жалпы және молекулалық генетика. Алматы: Қазақ университеті. 2005. 2-бөлім.

  10. Берсімбаев Р.І., Мұқамбетжанов К.Қ.. Жалпы және молекулалық генетика. Алматы: Қазақ университеті. 2005. 2-бөлім.

  11. Абилаев С. Молекулалық биология және генетика. Шымкент, «Кітап», 2010. – 388б.

  12. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов. – М.: ООО «МИА», 2003. – 544 с.

  13. Жимулев С.Г. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск. Изд-во Сиб. АН., 2002.

  14. Дәуітбаева К. Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. ҚР жоғары оку орындарының қауымдастығы. Алматы, 2004.1 кітап, 2005 2 кітап

  15. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. "Высшая школа" М., 1986.

  16. Жизнь животных /под ред. Зенкевича Л.А./ Просвещение. М., 1968. Том 1-3.

  17. Хаусман К. Протозоология. Мир. М., 1988.

  18. Дәуітбаева К.Ә., Исадыков Н.С., Минсаринова Б.К. "Омыртқасыздар зоологиясы пәнінің лабораториялық жұмыстарына арналған әдістемелік құрал". Қазақ университеті, А., 2000.

  19. 5. Олжабекова К.Б., Есжанов Б. Омыртқалылар зоологиясы. 1-бөлім. Алматы, 2007.

  20. 6. Олжабекова К.Б., Есжанов Б. Омыртқалылар зоологиясы. 2-бөлім. Алматы, 2007.

  21. 7. Жұмалиев М.Қ., Бәйімбет Ә.А. Жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігі. 1- бөлім (Хордалылар). Алматы, 2005.

  22. Жұмалиев М.Қ., Есжанов Б. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 2-бөлім (Амфибиялар, Рептилиялар). Алматы, 2005.

  23. Жұмалиев М.Қ., Есжанов Б. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 3-бөлім (Құстар). Алматы, 2006.

  24. Жұмалиев М.Қ., Есжанов Б. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөлім (Сүтқоректілер). Алматы, 2007.

  25. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. Изд. Высшая школа. М. 1981г.

  26. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы, Алматы 2001, 280 бет.

  27. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы, Алматы 1994, 118 бет.

  28. Северцов А.С. Теория эволюции. М., «Владос», 2005.

  29. Яблоков А.В., Юсуфов А.Г. Эволюционное учение. М.: Высш. шк., 2004.

  30. Ч.Дарвин. Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен пайда болуы. (Қазақ тіліне аударған О.Т.Тажин). Алматы. 1996.

  31. Берсімбаев Р.І. , Мұхамбетжанов К.Қ. Генетика. Алматы, “Қазақ университеті”, 2002.

  32. Берсімбаев Р.І., Мұхамбетжанов К.Қ. Жалпы және молекулалық генетика. Алматы, “Қазақ университеті”, 2005.

  33. Физиология человека. Учебник / в двух томах. Под ред. В.М.Покровского, Г.Ф.Коротько. М.: Медицина, 2001.

  34. Физиология человека. Курс лекций в 2-х книгах: Учебник. / Под ред. Л.З.Тель, Н.А.Агаджаняна. Алма-Ата: Казахстан, 1992.

  35. Основы физиологии человека. Учебник / в двух томах. Под ред. Б.И.Ткаченко. СПб., 1994.

  36. Общий курс физиологии человека и животных. /в двух томах. Под ред. А.Д.Ноздрачева. - М.: Высшая школа, 2007.

  37. Физиология человека / Под ред. Г.И.Косицкого. - М.: Медицина, 1985.

  38. Агаджанян Н.А., Власова И.Г., Ермакова Н.В., Торшин В.И. Основы физиологии человека. Учебник. М.: РУДН, 2000.


Қосымша әдебиеттер:


  1. Синельников Р.Д. Атлас анатомии человека. Т. 1-3, М., 1968, 1972, 1974

  2. Инге-Вечтомов С.Г. Генетика с основами селекции. "Высшая школа", 1989.

  3. Айала Д., Кайгер Дж. Современная генетика. "Мир", М.,1988.

  4. Дубинин Н.П. Общая генетика. М., Наука,1976.

  5. Алиханян С.И. и др. Общая генетика. М., “Высшая школа”. 1985.

  6. Лобашев Н.Е. Генетика. МГУ, 1967.

  7. Орлова Н.Н. Сборник задач по общей генетике. М., МГУ, 1982.

  8. Альбертс Б., Брейм Д. и др. Молекулярная биология клетки в 5-и томах. – М.: Мир. 1994.

  9. Сингер М., Берг П. Гены и геномы. В 2-х томах. – М.: Мир.1998.

  10. Рис Э., Стернберг М. Введение в молекулярную биологию: от клеток к атомам: Перевод с англ. – М.: Мир. 2002. – С.142.

  11. Льюин Б. Гены. М.: Мир.1987.

  12. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. Изд. Высшая школа. М. 1975г.

  13. Абрикосов Г.Г. Курс зоологии, часть 1. Изд. Высшая школа. М. 1966г.

  14. Иванова-Казас А.В. Сравнительная эмбриология беспозвоночных. Изд. Наука. Новосибарск, 1975г.

  15. Хаусман К. Протозоология. Изд. Мир. 1988г.

  16. Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных. М. 2002 г.

  17. Бочаров Н.Н. Эволюционная эмбриология позвоночных. МГУ, 1988.

  18. Гуртовой Н.Н и др. Практическая зоотомия позвоночных. 1,2,3 тт. М. Высшая школа, 1976 - 1992.

  19. Домбровский Б.А. Сравнительная морфология животных. Алма-Ата. Наука. 1982.

  20. Наумов Н.П. и Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. М. Высшая школа. 1979

  21. Константинов В.М., Наумов С.П., Шаталова С.П. Зоология позвоночных. М., 2000.

  22. Ромер А. и Парсонс Т. Анатомия позвоночных. М. Мир. 1992, 1 и 2 тт.

  23. Андреева Н.Г. Эволюционная морфология нервной системы позвоночных. – С-Петербург, университет,1991.

  24. Газарян К.Г., Белоусов Л.В. Биология индивидуального развития животных. - М.: Высшая школа, 1983.

  25. Токин Б.П. Общая эмбриология.- М.: Высшая школа, 1987.

  26. Шостаковкий С.А. Систематика высших растений. М.,1971. 352 с.

  27. Паршина Г.Н., Нестерова С.Г. Биоразнообразие растений. Алматы. 2006. 316 с.

  28. Антипина Г.С. Водоросли. Учебное пособие. Петрозаводск: ПГУ. 1992. 111с.

  29. Жизнь растений, 1-6 т.т., 1973, 1978-1982.

  30. Назарбекова С.Т. Краткий курс лекций по систематике низших растений. Учебное пособие. Алматы. 1999г. 129с.

  31. Хржановский В.Г., Пономоренко С.Ф. Ботаника: Учеб. пособие. М. 1982. 432 с.

  32. Жуковский П.М. Ботаника М., 1982. 623 с.

  33. Еленевский А.Г.,Соловьева М.П., Тихомиров В.Н. Ботаника. Систематика высших, или наземных растений. М.Академия., 2006. 464 с.

  34. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Ботаника: Систематика растений: Учебник. М. 1975. 608 с.

  35. Курс низших растений /Под ред. М.В. Горленко/. М.1981. 520 с.

  36. Рейвн П., Эверт Р., Айкхорн С. Современная ботаника. В 2-х т. Т.1 / Пер. с англ. — М. 1990. 344с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет