Əл-фараби атындағЫ ҚАЗҰу студентінің ар-намыс кодексі



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата08.03.2022
өлшемі116.41 Kb.
#456060
түріКодекс
  1   2   3   4
кОДЕКС ЧЕСТИ СТУДЕНТА КАЗрус




ƏЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ 
СТУДЕНТІНІҢ 
АР-НАМЫС КОДЕКСІ 
 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті студенттерінің қауымдастығы:
- Университеттің жоғарғы санатты жəне 
адамгершілігі 
аса 
жоғары 
мамандарды 
дайындау миссиясын жүзеге асырудағы өз 
жауапкершілігін сезіне отырып, 
- Университеттік қауымдастықтың бір-
лескен мəдениетін қолдау мен дамытуды, 
ҚазҰУ-дың Қазақстан Республикасындағы 
кəсіби мамандарды дайындаудың жетекші 
орталығы жəне отандық білім берудің 
көшбасшысы ретіндегі имиджін сақтауды 
өзінің міндеті ретінде санай отырып,
- ҚазҰУ-да студенттермен, қызметкер-
лермен жəне жоғарғы оқу орнының əкімшілігі 
арасында шынайы демократиялық қарым-
қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла 
отырып, 
- ҚазҰУ студентінің аталып отырған ар-
намыс Кодексін қабылдайды жəне оны 
қалтқысыз орындауға міндеттенеді.



1-бап. 
ҚазҰУ студенті Қазақстан Республика-
сының Конституциясы мен заңдарына, ҚазҰУ 
Жарғысына, ішкі тəртіп Ережесіне, жатақ-
ханада тұру Ережесіне жəне басқа да ҚазҰУ-
дың нормативті актілеріне бағынады.
2-бап. 
ҚазҰУ студенті ұлттық мəдениет пен 
Қазақстан мемлекеттінің қалыптасу тарихын 
біледі жəне оларды қастерлейді, университет 
дəстүрлерін кіршіксіз сақтайды жəне оларды 
құрметтейді.
3-бап. 
ҚазҰУ студенті басқа студенттермен
оқытушылармен жəне ҚазҰУ əкімшілігінің 
өкілдерімен қарым-қатынас барысында ізет-
тілік, кішіпейілділік жəне ұқыптылық таныта-
ды.
4-бап.
ҚазҰУ студенті кез келген азаматқа оның 
шығу тегі мен ұлтына, əлеуметтік дəрежесіне, 
діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына 
қарамастан, құрметпен қарайды.



5-бап.
ҚазҰУ студенті өзінің оқу міндеттерін 
қатаң орындайды, төмендегідей академиялық 
нормаларды бұзушылыққа жол бермейді: 
- Плагиат;
- Алдау; 
- Шпаргалка пайдалану, білімді бақы-
лаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту 
барысында көшіру жəне біреуден сұрау; 
- Білімді бақылау процедурасынан бөтен 
тұлғаның атынан өту; 
- Жоғары баға алу үшін туысқандық 
немесе қызметтік байланыстарын пайдалану; 
- Пара беру; 
- Оқытушыны алдау жəне оны сыйламау; 
- Сабақтарды жіберу жəне кешігу, оқу 
сабақтарына немесе олардың бір бөлігіне бел-
гісіз себептермен қатыспау. 
6-бап. 
ҚазҰУ студенті университет мүлкінің 
сақталуына қамқорлық жасайды жəне универ-
ситет аумағында жүгенсіздік көріністерінің 
орын алуына жол бермейді; 



7-бап.
ҚазҰУ студенті университеттің кітапхана-
лық-ақпараттық ресурстарына қамқорлықпен 
қарайды жəне бұл ресурстарға қатысты 
салғырт қараушылық пен нұқсан келтіру-
шілікке жол бермейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет