Әл Фарабидің Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету



Pdf көрінісі
Дата11.02.2024
өлшемі41.6 Kb.
#491580
DOC-20240210-WA0009.



Әл - Фарабидің Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету
туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің барлығы бақыт, құрмет, сыйластық,
сыйластық таныта білу жайлы жазылған өте маңызды дерек көздері болып келеді.
Менің көзқарасым бойынша, Әл-Фараби еңбектеріндегі бақыт ұғымы өте ауқымды
мағынадағы, бірнеше құнды қасиеттердің басын біріктіретін ұлы нысана секілді. Олай
деуіме бірінші себебі Әл-Фараби Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат
атты еңбегінде басқаруды қайырымды және қайырымсыз деп екіге бөлді. Қайырымды,
білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-
қасиетін осы жолға бағыттайды, әділеттілікке бет бұрады. Ол үшін басқару заң күшіне,
игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен
жаман қасиеттер бой алады. Яғни, ұлы ойшыл бұл сөздері арқылы бақыттың бір кілті
қоғамның әділетті басқарылуы мен құнды қасиеттерге бай болуында деп көрсетеді.
Әрбір адам қоғамның бір бөлшегі. Қоғамның қайырымды болуы адамды жан
тыныштығы мен шын бақытқа жетелейді. Ал қайырымды қоғам ұғымын екінші ұстаз:
Адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын
қойған қала қайырымды қала, ал адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне
көмектесіп отыратын қоғам қайырымды қоғам деп нақты көрсетеді.
Әл-Фарабидің пікірінше, адам өмірінің мәні мен сәні, ең жоғарғы шыңы болып саналатын
бақыт жанның байлығына, адамгершілікке негізделеді. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл
күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады» (сонда).
Жаны жайсаң, адамгершілігі мол адамдардың мінез-құлқы да жақсы келеді. Жақсы
мінез-құлық білім алу, үйрену барысында көбіне тәрбиемен қалыптасады.
«Адамның бойына дарыған, халықтар мен қала тұрғындарына тән және бұл дүниеде
тиесілі бақытқа жетуіне, о дүниеде асқан рахатқа кенелуіне септігін тигізетін төрт түрлі
нәрсе бар, бұлар: теориялық ізгіліктер, ойшылдық ізгіліктер, этикалық ізгіліктер және
практикалық өнерлер».
«Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекеттерін жасауға көмектесетін жан қасиеттері -
ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші
болатындары - сұрқиялық, кемшілік немесе опасыздық болып табылады» орындауға
жұртты өз сөзімен жігерлендіре білу.
Алтыншы - әскери істерді жүргізу үшін қажетті дәрежеде қайратты болу, оның бер
жағында әскери өнерді қызмет бабындағы өнер ретінде және билеуші өнер ретінде біліп
алу».


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет