Елді мекендердің су тұтынуды және су бұруды пайдалану нормаларлын (хспн) анықтау әдістемесі



бет10/17
Дата17.07.2016
өлшемі3.47 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

3-қосымша


ХСПН анықтау үшін графикалық материалдар


1-сурет. Тұрғын үй ғимаратында түнгі су шығындарының пайда болу жиілігін тарату

1 – дифференциалдық тарату; 2 – интегралдық тарату

qтүннорм – түнгі нормаланған шығын; qтүн – түнгі шығынның таңдамасы бойынша орташа



2-сурет.ХСПН анықтау үшін номограмма

4-қосымша


Судың ысыраптарын және босқа кеткен шығындарын жою жөніндегі іс-шаралардың үлгі жоспары
Бірінші кезектегі шаралар арасында мыналар көзделуі тиіс:

- ысыраптарға және суды ұтымсыз пайдалануға қарсы күрес;

- су құбыры желілерінің ақауларын түсіру мен диагностика жасау әдістері мен жабдықтарын жетілдіру;

- қысқа мерзім ішінде авариялар мен зақымдарды жою, келешекте олардың пайда болуының алдын алу мақсатында себептерін зерттеу;

- ағымдағы және күрделі жөндеуді сапалы және уақытылы жүргізу;

- су құбыры мен сорғы станцияларының жабдықтарын жаңғырту және басқалар.



Осы мақсатта мынадай жұмыстар жүргізілуі тиіс:

- су тұтынуды нормалаудың жаңа, ең негізді принциптерін ендіру, атап айтқанда, халықтың су тұтынуды уақытша, кейін тұрақты пайдалану нормаларын енгізу(ХСПН);

- құбырлардың ақауларын түсіру мен диагностика жасаудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану;

- су құбыры желілерін паспорттандыру және математикалық моделін жасау;

-коррозияға ұшырамайтын құбырларды, сондай-ақ ішкі коррозияға қарсы жамылғысы бар құбырларды қолдану;

- сыртқы және ішкі сумен жабдықтау жүйелерін жөндеу мен пайдаланудың жаңа әдістерін қолдану;

- ең жетілдірілген су құбыры арматурасы мен жабдықтарынқолдану;

- су беру мен су тарату құбыры жүйесін автоматты басқару;

- түнгі тәулік уақытында су беру мен желідегі арынды төмендету;

- суды өндіру, тасымалдау және тұтыну кезінде суды толық есепке алу жүйесін құруды аяқтау, халықтың ауыз суды тұтыну бойынша жалпы балансын жасау;

- тарату құбырларын қайта жаңарту қарқынын арттыру;

-үздіксіз сумен жабдықтау үшін су құбыры станциясы мен қосалқы станциялардыңрезервуарларын қажетті таза су көлемімен толық қамтамасыз ету;

-сорғы станцияларын қайта жаңарту, барлық сорғы станцияларды электр қозғалтқыштарының айналу жиілігін реттеуіштермен жабдықтау, бұл сумен жабдықтау жұйесінің жұмыс істеу сенімділігін арттыруға, зақымдар санын азайтуға, босқа су шығынын қысқартуға және электр энергиясы шығынын төмендетуге мұмкіндік береді, қаланың сумен жабдықтау жүйесін диспетчерлеу мен автоматтандырудың барлық элементтерін жетілдіру;

- сорғы станциялары мен су беру және су тарату жүйелерінің жұмысын оңтайландыру;

- тұрғын үй қорының ғимараттарында, бірінші кезекте су ысырабының ең жоғары шамасы анықталған үй иеліктерінде ішкі сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу (істен шыққан су тарату арматурасы мен құбырларын жөндеу мен ауыстыру) жүргізу көлемін кеңейту;

- үй ішілік су құбыры желісінде жаңа су үнемдеу арматурасын, арынды, үйге ортақ және пәтердегі суды есепек алу аспаптарын реттеуіштерді қолдану;

- ыстық сумен жабдықтау жүйесін іске қосу, су айналымын қамтамасыз ету.

5-қосымша


Нормативтік сілтемелері
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы// Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 сәуiрдегi № 473 қаулысымен бекітілген.

2. Елдi мекендердi сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану ережесi//Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 5 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген.

3. Елдi мекендердiң сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн техникалық пайдалану ережесi //Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 19 маусымдағы № 360 бұйрығымен бекітілген.

4. ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 «Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен құрылыстар».

5. ҚНжЕ 3.05.04-85* «Сыртқы желілер мен құрылыстар. Сумен жабдықтаужәне кәріз».

6. ҚР ҚНжЕ4.01-41-2006 «Ғимараттардың ішкі су құбыры және кәрізі».


Библиография
1. Алматы қаласы үшін халықтың су тұтынуды пайдалану нормаларын (ХСПН) әзірлеу: «Қазсуарнажөндеу» ЖШС есебі. Алматы, 2009.

2. Екібастұзқаласы үшін халықтың су тұтынуды пайдалану нормаларын (ХСПН) әзірлеу: «Қазсуарнажөндеу» ЖШС есебі. Екібастұз, 2000.

3. Халықтың су ттұнынуды пайдалану нормаларын анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар. М.: ТКШМ РКФРО, 1981.

4. Коммуналдық сумен жабдықтау жүйелеріндегі есепке алынбаған су шығындарын бағалау және нормалау жөніндегі нұсқаулық//Ресей Мемқұрылыстың 2000 жылғы 31 наурыздағы № 23 қаулысымен бекітілген.

5. Коммуналдық сумен жабдықтау жүйелеріндегі есепке алынбаған су шығындарын және су ысыраптарын анықтау әдістемесі//РФ Энергияөнеркәсіпминнің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 172 бұйрығымен бекітілген.

6. Сумен жабдықтау жүйелерінде нормативтік техникалық ысыраптарды есептеу әдістемесі//Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 405-НҚ бұйрығымен бекітілген.

7.Н.В. Кожинов, Р.Г. Добровольский. Су құбырындағы су шығындарын жою жолдары. М.: Құрылыс баспасы, 1988.

Содержание


Мазмұны 3

1. Қолданылу саласы 5

2. Нормативтік сілтемелер 6

3. Терминдер және анықтамалар 6

4. Жалпы ережелер 6

5. Халықтың мұқтажына су тұтынуды пайдалану нормаларының 8

негіздемесіжәне принциптері 8

6. ХСПН есептеу материалдары мен әдістемелік негіздерін әзірлеу 11

7. ХСПН белгілеу тәртібі және сақталуын бақылау 16

8. Әдістемені практикалық іске асыру 17

8.1. №1 мысал (Екібастұз қаласы) 17

8.2. №2 мысал (Алматы қаласы) 29

8.3. №3 мысал (Астана қаласы) 41

9. Қосымшалар 53

1-қосымша. 53

2-қосымша 56

3-қосымша 59

4-қосымша 60

5-қосымша 61

Содержание 62

1. Область применения 64

2. Нормативные ссылки. 65

3. Термины и определения 65

4. Общие положения 65

5. Обоснование и принципы разработки эксплуатационных норм водопотребления на нужды населения 67

6. Подготовка материалов и методические основы расчета ЭНВН 70

7. Порядок установления ЭНВН и контроль над соблюдением 76

8. Практическая реализация Методики 76

8.1. Пример №1 (г. Экибастуз) 76

8.2. Пример №2 (г. Алматы) 88

8.3. Пример №3 (г. Астана) 99

9. Приложения 111

Приложение 1. 111

Приложение 2. 114

Приложение 3. 117

Приложение 4. 118

Приложение 5. 119







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет