ЭЛЕКТР ҚҰБЫЛЫСТАРЫ
V-тарау. Тұрақты электр тогы
I-нұсқа
1. Кернеуді өлшейтін құралды не деп атайды?
А) амперметр В) вольтметр С) кедергі Д) генератор Е) реостат
2. Ток күшінің өлшем бірлігі қандай?
А) Дж В) В С) А Д) Ом Е) Кл
3. Өткізгіште электр тогы болу үшін не туғызу керек?
А) Ток көздерін В) Электр өрісін С) Өткізгішті зарядтау Д) Өткізгішті қозғау Е) Өткізгішті өшіру
4. Электр өрісінің жылдамдығы қанша?
А) 8 км/с В) 330 м/с С) 300000км/с Д) 0,1 м/с Е) 300 м/с
5. Тізбек бөлігі үшін Ом заңынан кедергіні анықтау өрнегі
А) B) R = R(1+α∆t) C) Д) E)
6. Төменде электр тогы жүріп тұруы үшін қажетті шарттар келтірілген. Осы шарттардың
қайсысы дұрыс емес?
А) Өткізгіштің ішінде тұрақты электр өрісінің болуы В) Электр тізбегінің тұйықталған болуы
С) Тізбекте конденсатордың болуы Д) Потенциалдар айырмасының болуы
Е) Затта зарядталған еркін бөлшектердің болуы
7. Ток күшінің анықтамасына сәйкес келетін формуланы табыңыз?
А) I=U/R B) I=E/R+r C) I=q/t Д) I=Ф/L E) I=jS
8. . Дұрыс емес тұжырымды табыңыз.
А) Кедергі өткізгіштің ұзындығына тәуелді. В) Кедергі өткізгіштің геометриялық өлшемдеріне тәуелді.
С) Кедергі өткізгіштің материалына тәуелді. D) Кедергі өткізгіштің негізгі электрлік сипаттамасы
9. Өткізгіштерді параллель қосуда жалпы кедергінің мәнін анықтайтын формула қандай?
А) R=R1+R2 B) R= C) R=R0(1+∆t) Д) R= E) R=ρ .
10. Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысын анықтауға қолданылмайтын формула: қандай?
А) А = q ∙ E ∙ ∆d. B) A = I2 ∙ R ∙ ∆t. C) A = I ∙ U ∙ ∆t. Д) A = ∙ ∆t. E) A = P ∙ ∆t.
11. . Тізбектің сыртқы кедергісі қандай формуламен анықталады?
А) R=E/I-r B) R=E/I+r C) R=r-E/I Д) R=(Ir+E)/I E) R=Ir
12. Қуаты 24 Вт, кернеуі 4 В шамның ток күші
А) 13 А В) 3 А С) 15 А Д) 6 А Е) 10 А
13. Электр шамының қыздыру қылының кедергісін 484 Ом деп алып, кернеуі 220 В желіге қосылған электр шамындағы токтың қуатын анықтаңдар?
А) 10 Вт В) 100 Вт С) 200 Вт Д) 300 Вт Е) 350 Вт
14. Өткізгіштің бойымен өтетін ток күші 20 А, ұштарындағы кернеуі 4 В болса, оның кедергісі
А) 1 Ом В) 0,8 Ом С) 0,4 Ом Д) 0,6 Ом Е) 0,2 Ом
15. Өткізгіштің меншікті кедергісі:
А) I= В) ρ= C) ρ= Д) ρ=m/v E) ρ=
16. Егер өткізгішті тізбектеп қосқанда кедергісі 5 Ом, ал параллель қосқанда кедергісі 12 Ом болады. Әрбір өткізгіштің кедергісін табу керек?
А) 1 Ом; 2 Ом В) 2 Ом; 3 Ом С) 3 Ом; 4 Ом Д) 4 Ом; 5 Ом Е) 5 Ом; 6 Ом
17. Көлденең қимасының ауданы 2 мм2, 1м константан сымының кедергісі неге тең?
А) 2 Ом В) 4 Ом С) 6 Ом Д) 8 Ом Е) 10 Ом
18. Әрбір 5 минутта электр шамының спиралын 450 Кл электр өтеді. Шамдағы ток күші неге тең?
А) 1,5 А В) 2,5 А С) 3,5 А Д) 4,5 А Е) 5,5 А
19. 12 В кернеу түсіп тұрған прибордан 5 Кл электр өткен кезде істелетін жұмысты есептеп табыңдар?
А) 15 Дж В) 30 Дж С) 45 Дж Д) 60 Дж Е) 75 Дж
20. Өткізгіштің меншікті кедергісі дегеніміз не?
А) өткізгіш материалын сипаттайды В) өткізгіш кедергісін сипаттайды С) ұзындығын сипаттайды
Д) өткізгіш ауданын сипаттайды Е) өткізгіш көлемін сипаттайды
21. Электр пешін кернеуі 220 В-тық желіге жалғағанда, ондағы ток күші 5 А болатындай диаметрі
1,2 мм нихром өткізгішінің ұзындығы қандай болуы тиіс?
А) 47,3 м В) 48,3 м С) 57,3 м Д) 46 м Е) 4,3 м
22. Шамды ЭҚК-і 1,5 В ток көзіне қосқанда, тізбектегі ток күші 0,6 А. 1 минут ішінде бөгде күштердің атқаратын жұмысы?
А) 18 Дж В) 162 Дж С) 27 Дж Д) 54 Дж Е) 9 Дж
23. Кернеуі 4 В шамның 3 минут ішіндегі 250 Дж жұмыс өндіруге жұмсалған ток күші
А) 0,15 А В) 0,35 А С) 0,31 А Д) 0,22 А Е) 0,37 А
24. Ұзындықтары бірде екі алюминий өткізгіштің көлденең қималары 0,5 мм2 және 4мм2. Олардың қайсысы тізбектегі токка көбірек кедергі жасайды?
А) R1 4 есе көп В) R2 4 есе көп С) R1 8 есе көп Д) R2 8 есе көп Е) R1 16 есе көп
25. . Күн күркірегенде жерге түскен найзағайдың өзегінде 50000 А ток туындаған. Бұл ток секундтың мыңнан бір үлесіндей жүрген. Сонда найзағайдың бойымен жерге қанща заряд түскен?
А) 40 Кл В) 50 КЛ С) 60 КЛ Д) 70 Кл Е) 80 КЛ
Достарыңызбен бөлісу: |