Электр машиналары



бет3/4
Дата17.11.2022
өлшемі97.05 Kb.
#465085
түріНұсқаулар
1   2   3   4
1 зертхана эм (1)

Бос жүріс тәжірибесі бірінші реттік орамадағы кернеу номинал (U1=U1ном) және екінші реттік орама тұйықталмаған күйде (I2=0) жүргізіледі. Бос жүріс тоғы елеусіз болғандықтан (3...10)% Iном, бірінші реттік орамадағы энергия шығыны аз, ал екінші реттік орамада мүлде болмайды. Сондықтан бос жүріс режимінде актив қуат трансформатор өзекшесіндегі құйынды тоқтар мен гистерезис құбылысы салдарынан болатын магнит шығындарымен анықталады. Өзекшедегі шығындар жуықтап алғанда магнит ағыны амплитудасының квадратына пропоционал.
Бос жүріс тәжірибесінен мына шамаларды анықтайды: I10 – бірінші реттік орамадағы босжүріс тоғы, Р0 – бос жүріс шығындарының қуаты. Тәжірибе қорытындысында мына шамалар есептелінеді:

  • трансформация коэффициенті үлкен дәлдікпен мына формула бойынша анықталады:


(4.11)



  • номинал тоқтың процентіне шаққандағы бос жүріс тоғы:



(4.12)

- трансформатордың алмастыру схемасының параметрлері R0, x0.


Қысқа тұйықталу тәжірибесі екінші реттік орама қысқа тұйықталғанда жасалады, ал бірінші реттік орамаға орамалардағы тоқтар номинал мәніне тең болатындай кернеу беріледі. Бұл кернеу қысқа тұйықталу кернеуі деп аталады.
Uқ% шамасы U1ном номинал кернеудің (3…10)% аралығында орналасады. Қысқа тұйықталу тәжірибесінде бірінші реттік орамадағы кернеу аз болғандықтан, өзекшедегі магнит ағыны да аз, сондықтан өзекшедегі шығын елеусіз және іс жүзінде трансформатор орамаларындағы шығын ғана орын алады. Бұл шығындар орамалардағы тоқтың квадратына пропоционал.
Қысқа тұйықталу тәжірибесінен мына шамалар: U бірінші реттік орамадағы қысқа тұйықталу кернеуі, Рқ – қысқа тұйықталу шығындарының қуаты анықталады.
Тәжірибе қорытындысы бойынша есептелінетін шамалар:
- процентпен өрнектелген қысқа тұйықталу кернеуі


(4.13)

- актив және индуктивті сейіліту кедергілері R1, Xα1 және R2, Xα2;


- алмастыру схемасының параметрлері R1, Xα1 және R`2, X`α2.
Мына формула бойынша трансформация коэффициентін есептеуге болады:
(4.14)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет