Электр тоғы. Өткізгіш. Оқшаулағыш. Электр тогы



бет1/27
Дата02.01.2022
өлшемі279.4 Kb.
#454320
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Теория электроника


  1. Электр тоғы. Өткізгіш. Оқшаулағыш.

Электр тогы – электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы.

Зарядталғанбөлшектер: өткізгіштерде — электрондар, электролиттерде —иондар (катиондар мен аниондар), газда —иондар мен электрондар, арнайы жағдайдағы вакуумда — электрондар, жартылай өткізгіштерде —электрондар мен кемтіктер (электронды-кемтіктік өтімділік) болып табылады.

Токтың бағыты -әдетте өткізгіштегі оң заряд тасымалдаушылардың орын ауыстыру бағыты деп есептеледі, бірақ ток бағыты электрондардың бағытына қарама-қарсы, өйткені өткізгіштегі заряд тасымалдаушылар теріс зарядталған (мысалы, , металдардағы электрондар).

Токтың түрі :тұрақты ток (ағылш. direct current, DC) және айнымалы ток (ағылш. alternating current, AC) деп аталатын екі түрі бар.

Тұрақты ток — уақыт бойынша бағыты және шамасы өзгермейді. Тұрақты ток көздері: аккумуляторлар, батареялар. Электрондар - тан + ағылады.

Айнымалы ток — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсіндіріледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.

Өткізгіш-электр тогын жақсы өткізетін, электр өткізгіштігі жоғары (меншікті кедергісі r=1/ төмен) заттар. Жақсы өткізгіштерге меншікті кедергісі (>104 – 106 ОмLсм-1) заттар жатады. Меншікті кедергісі r>108 Ом•см заттар диэлектриктер деп аталады, меншікті кедергісі аралық мәнге тең заттарды шалаөткізгіштер дейді. Өткізгіштерге металдар, электролиттер және плазма жатады. Металдарда электр зарядын тасымалдаушылар – квазиеркін электрондар, электролиттерде – оң және теріс иондар, плазмада – еркін электрондар мен иондар. Металдар мен ток өткізетін көміртекті кейде 1-текті өткізгіштер, электролиттерді – 2-текті өткізгіштер деп атайды. Заттың өткізгіштігі температура/температураға және басқа бірқатар факторларға байланысты болғандықтан оның өткізгіш болуы немесе болмауы шартты нәрсе. Өте төмен температураларда металдардың көбі және кейбір шалаөткізгіштер асқын өткізгіштерге айналады;

Түрлері-Бірінші текті өткізгіш -электр тоғының өтуі химиялық процестермен қоса қабат жүрмейтін, ал тоғы электрондардың козғалысымен шартталған өткізгіш.

Екінші текті өткізгіш -электр тоғының өтуі химиялық процестермен қоса қабат жүретін, ал тоғы оң және теріс иондардың қозғалысымен шартталған өткізгіш.



Оқшаулағыш-Электр тогын өткізбейтін заттарды оқшаулағыштар деп атайды. ал оқшаулағыштарды диэлектриктер деп те атайды. Олардың кедергісі өте жоғары.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет