Электрокардиографиялық тексеру әдісі. Жалпы түсінік. Қалыпты ЭКГ. Диагностикалық мүмкіндіктері. Қ.Ж. Ахметов, м.ғ.д., профессор Электрокардиограмма жүректе пайда болатын биоэлектрлік потенциялар айырмасын зерттеу әдісі. ЭКГ аппаратын және ЭКГ-ны талдау негізін алғаш рет голланд физиологы Эйнтховен 1903 жылы ұсынды. Миокард екі түрлі клеткалардан (жасушалардан) тұрады: - өткізгіш жүйе клеткалары - жиырылатын миокард клеткалары Өткізгіш жүйе клеткаларына автоматизм (өздігінен қозу) тән. Жүректің автоматты түрде қызмет атқаруы осы өткізгіш жүйеге байланысты. Жүректің өткізгіш жүйесінде 2 түрлі клеткалар бар: импульс синтездейтін Р клеткалары (пейсмеккерлер) және импульсті әрі қарай өткізетін Т клеткалары. - синус түйіні (СТ) – бірінші автоматты орталық (минутына 60-80 импульс синтездейді); - атриовентрикулярлы (А-В) құрама– екінші автоматты орталық (минутына 40-60 импульс бере алады); - Гисс будасы және оның тармақтары – үшінші автоматты орталық (минутына 15-40 импульс синтездейді). Қалыпты жағдайда жүрек жұмысын СТ басқарады, қалғандары автоматтығын патологияда білдіреді. - Р клеткалары (пейсмеккер)
Жүректің өткізгіш жүйесі Өткізгіш жүйенің ЭКГ-да анықталатын қасиеттері: - қозғыштығы (автоматизмі); - қозуды өткізгіштігі (ортоградты не антеградтты – қалыпты бағытта өткізу, ал патологияда ретроградты (кері) не абберантты (жеделдетіп) өткізу; - рефрактерлігі: абсолютті не салыстырмалы рефрактерлік; - жиырылғыштығы; - тонустығы (диастола кезінде жүректің өз пішінін сақтауы). ЭКГ-ні түсіндіру теориялары: 1. Мембраналық теория 2. Жүрек дипольі теориясы 3. Дифференциальды қиық теориясы Миокардтағы қозу толқындары миокардтың жиырылу толқындарын тудырады. Жүрек етінің қозған бөлігі теріс, қозбаған бөлігі оң мәнді заряд береді. Сондықтан электр тоғы пайда болады. Қозудың негізгі бағыты жүректің электр осін түзейді. Ол оның анатомиялық осіне сәйкес келеді. Клиникада осы құбылыстарды дипольдар концепциясымен түсіндіріледі. Дипольдар векторлық өлшем, яғни олардың бағыты бар. Дипольдар қосындысын жүректің электр қозғағыш күші қосындысы деп түсіну қажет. Адам денесіндегі потенциалдар айырмасын табу тәсілін электрокардиографиялық тіркеме дейміз. ЭКГ 12 тіркемелерінен жазылады. 1-і стандартты тіркеме - екі қолдан; 2-і стандартты - оң қолдан, сол аяқтан; 3-і стандартты - сол қол мен сол аяқтан; AVL- күшейтілген бір полюсті - сол қолдан; AVR - күшейтілген бір полюсті - оң қолдан; AVF- күшейтілген бір полюсті - сол аяқтан; V1-6 кеуде тіркемелерінен. Қалыпты ЭКГ - Тісшелері: Р, Q, R, S, Т
- Аралықтары: PQ, ST, TP, R-R
Р – тісшесі. Жүрекшелер қозуынан пайда болған биопотенциал салдары, әдетте оң мәнді. Ұзақтығы 0,06-0,10 сек., биіктігі 0,5-2,5 мм шамасы. PQ – аралығы. Жүрекшелер қозуынан бастап, қарыншалар қозғанға дейінгі уақыт. Қозу жүрекшелерден, А-В құрамасы арқылы өтіп, Гисс будасы, оның тармақтары, Пуркинье талшықтарына дейін жетуіне және қарыншалар қозғанға дейінгі уақыт. Қалыпты ұзақтығы 0,12-0,18 сек., брадикардияда 0,20 сек. аспайды. Q – тісшесі – қарынша аралық перденің қозу сәтіне сәйкес келеді. Ол әрқашан теріс мәнді, тереңдігі R тісшесінің 1/3 дей, ұзақтығы 0,03 сек.аспайды. R – тісшесі – қарыншалардың субэндокардиальды қабатынан бастап қозуы, жүрек ұшы, эпикардқа дейін импульс тараған сәт. Стандартты тіркемеде биіктігі 5-20-мм-ге дейін. S – тісшесі – сол қарыншаның базальды бөлігінің қозумен қамтылуы. Оның тереңдігі 3-6 мм-дей, ұзақтығы 0,03 сек. Сонымен QRS комплексі қарыншалар мускулатурасының субэндокардтан эпикардқа дейін толық қозумен қамтылатын сәт, ұзақтығы 0,06-0,08 сек әрі кетсе 0,1 сек. Қарыншалар деполяризациясы уақыты. ST – аралығы - толық деполяризацияланған сәт, сондықтан потенциялдар айырмасы жоқ не жоқтың қасы, ЭКГ-да изосызық жазылады, ұзақтығы 0-ден 0,15сек. аралығы. Т – тісшесі-реполяризация кезіне сәйкес келеді, ұзақтығы 0,05-тен 0,25сек. дейін, биіктігі 2 – 7 мм шамасы. QRST комплексі қарыншалар қозуы және ол жүректің электр осіне сәйкес келеді, ұзақтығы жүректің соғу жиілігіне байланысты 0,25 - 0,55 сек арасында. Т-Р аралығы диастола сәті, изосызықта, ұзақтығы жүрек соғу жиілігіне байланысты. R-R аралығы, жүрек жұмысының бір цикліне (сист-диаст) сәйкес келеді. ЭКГ мм-ленген қағазға жазылады, әр мм-і 0,02 сек тең. Қалыпты ЭКГ ЭКГ тексеру әдісінің диагностикалық мүмкіндіктері: - жүрек ырғағы бұзылуы мен блокадалары (тежелулер), олардың түрлері, орналасуы; - жүректің 1 минутта соғу жиілігі; - электр осі – α бұрышы бойынша жүректің кеудеде орналасуы: қалыпты (+20 - +700), горизонтальды (+70 - +900), вертикальды (+20 - 00) - жүрек бөліктерінің гипертрофиясы; - тәж қан айналымы жағдайы (миокард ишемиясы, инфарктісі); - миокард жиырылуының қосымша белгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |