Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз, тұздардың химиялық қасиеттері



Дата11.03.2022
өлшемі15.48 Kb.
#456165
түріОқулық
05df4b377930394a770b6bd822a812495f5fc5c0cf3c9


Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз, тұздардың химиялық қасиеттері

9.3.4.1 -қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететінреакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру


9.3.4.2 -қышқылдар және негіздер,орта тұздардың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу және қорытынды жасау

ОҚУЛЫҚТАН § 7,8,9 ОҚИМЫЗ


Электролит ерітінділерінде ион алмасу реакциялары жүру үшін ерітіндідегі кейбір иондар өзара байланысып реакция нәтижесінде

  1. тұнба түзіледі ↓

  2. газ бөлінеді ↑

  3. аз диссоциацияланатын зат түзіледі

Реакция нәтижесінде газ бөлінсе,тұнба түзілсе, аз диссоциацияланатын зат түзілсе ион алмасу реакциялары соңына дейін жүріп,қайтымсыз болады.
Егер бұл жағдайлардың ешқайсысы орындалмаса,онда ион алмасу реакциялары жүрмейді.Демек ерітіндіде байланысы алатын иондар болмайды,ион алмасу реакциясы соңына дейін жүрмейді. Реакция қайтымды.
Иондық теңдеу
1.Ион алмасу реакциясының молекулалақ теңдеуі
2.Ион алмасу реакциясының толық иондық теңдеуі
3.Ион алмасу реакциясының қысқартылған иондық теңдеуі
Иондық теңдеуді жазу ережесі
1.Реаецияға қатысатын заттардың формуласын жазып,теңдік белгісін қоямыз,сосын түзілетін өнімдердің формуласын жазамыз.Теңестіреміз.
2.Ерігштік кестені пайдалана отырып ,иондық теңдеуді жазамыз,Ерігіштік кестеде «Е» суда жақсы ериді, «АЕ» суда аз ериді, «ЕМ» суда ерімейді.
3.Металл мен бейметалдың оксидтері,газ тәрізді заттар, суда ерімейтін қосылыстар ионға ыдырамайды.Бұл заттардың формуласын молекула күйінде жазады.
4.Теңдіктің сол және оң жағындағы ұқсас иондарды қысқартады да,қысқартылған иондық теңдеу жазады.
ОҚЫТУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ.
25 БЕТТЕГІ №4 ЖАТТЫҒУ ЖӘНЕ №5 ЖАТТЫҒУ ОРЫНДАУ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет