«Электростатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 1-н
Екі бірдей заряд ауада бір-бірінен 0,05 м қашықтықта 1,2·10−4Н күшпен әсерлеседі. Зарядтардың шамасын есептеңіз. (2б)
2. 3 нКл және 6 нКл Зарядтар диэлектрикте бір-бірінен 12 см қашықтықтан өзара 1,5·10−5Н күшпен әрекеттеседі деп алып, сұйықтың диэлектрлік өтімділігін анықтаңыз. (2б)
Кернеулігі 6 Н/Кл біртекті электр өрісінде заряды –2 мкКл-ға тең тозаң тепе-теңдік қалпын сақтаған. Тозаңның массасын анықтаңыз. Электр өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетіңіз. (2б)
С1 конденсаторы бір-бірінен 4 мм қашықтықта орналасқан, қырының ұзындығы 10 см шаршы түріндегі жазық параллель пластиналардан тұрады. Ал С2 конденсаторы бір-бірінен 1 мм қашықтықта орналасқан, қырының ұзындығы 5 см шаршы түріндегі жазық параллель пластиналардан тұрады.
Осы конденсаторлар сыйымдылықтарының қатынасын анықтаңыз. (2б)
Егер С2 конденсаторының астарларының арасын маймен толтырса (ε=2,1) сыйымдылықтар қатынасы қалай өзгеретіні туралы дәлелді қорытынды жасаңыз. (2б)
5 тапсырма
Электр сыйымдылығы ұғымына анықтама беріңіз. (1б)
Егер жазық конденсатордың ауданын 4 есе азайтып,астарларының ара қашықтыңын 2 есе азайтса сыйымдылық қалай өзгереді? (1б)
Сыйымдылығы 1500 мкФ конденсатордың астарлары арасындағы потенциалдар айырымы 20 В-тан 5 В-қа дейін өзгергенде конденсатордағы электр энергиясының өзгерісін есептеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |